ҮЛЫ ШАЙҚАС

11/43

10-тарау - Реформация жетістіктері

Лютердің қүпия түрде жоқ болып кеткені бүкіл Германияның халқын қобалжытты. Жан жақтан неше түрлі сыбыстар шығып жатты. Кейбіреулері оны жаулары өлтіріп тастады деп есептеді. Лютердің достары ғана емес, реформацияны ашық түрде жақтауға сескенетіндердің өздері оны ойлап қатты қайғырды. Ол үшін салтанатты түрде өш аламыз дегендер де болды. Папалықтар халықтың оларды тым жек көріп кеткендерін сезіп, қатты үрейлснді. Әуелде олар Лютерді өлді деп есептеп қуанса, енді халықтың назасынан қорқып тығылатын жер таппады. Реформатордың жаулары оның бостандықта жүріп істеген ісінен гөрі, жасырын жүріп, күпия тұрде істеген ісінен көбірек қорқатын болды. Олардың бірі: «Өзімізді кұтқарып қалудың жалғыз ғана жолы қолымызға от алып, дүниені аралап жүріп, Лютерді тауып халыққа қайтару” - деген болатын. Халықтың папаның булласынан гөрі, Лютердің қамын көбірек ойлайтынын байқаған папаның легаттары ызаға булықты. ҮШ 114.1

Жұрт Лютердің бостандықта болмағанымсн, тірі екені жайлы қуанышты хабарды естігенде, тынышталып қана қоймай, оған деген керемет сүйіспеншілік ниеттерін білдіртті. Сөйтіп Лютердің кітаптарын бұрынғысынан да бетер қызығушылықпен оқи бастады. Құдай сөзін қорқынышсыз қорғаған ер азаматтың жағына шыққандардың саны көбейе бастады. Реформация құлашын жая түсті. Лютердің еккен дәндерінің жемісі көрінді. Құпия түрде жоқ болып кеткені, оның ісінің алға басуына жақсы әсерін тигізді. Себебі қолбасшылары тасаланып қалғандықтан реформадия ісінің басқа қызметкерлері ез міндеттеріне деген жауапкершілікті сезіне түсті. Құдайға деген сеніммен қаруланып алған бұл қызметкерлер барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, алға қарай екпіндете адымдай бастады. ҮШ 114.2

Бірақ ібілісте жай қарап отырған жоқ. Ол өзінің үйреншікті әдісін пайдаланып, шындықты өтірікпен араластырып, халыкты алдауға кірісті. Бірінші ғасырда мәсіхшілер шіркеуінде пайда болған жалған мәсіхшілер секілді, XVI ғасырда жалған пайғамбарлар пайда болды. ҮШ 114.3

Бірнеше адамнан құралған топ өздерін «көріпкелміз» деп жариялап, Құдай Лютер бастаған істі бізге жалғастыруды тапсырды деп мағынасыз әрекеттеріне кірісті. Шынына келетін болсақ бұл жалған ұсгаздар Лютердің бастаған ісіне тек зиян ғана келтірді. Олар Құдай Сөзі адам өміріне дұрыс бағыт беретін жалғыз ғана өлшеуіш деген қағиданы ысырып тастап, оның орнына халықты сезімдері мен әсерлеріне сенетін қылып, беттерін баска бағытқа бұрмалады. Жұрт бұл ережеге бағына бастаған кезде, албасты үшін халықтың ой-санасына жол ашылды. ҮШ 114.4

Айтулы жалған пайғамбарлардың бірі: «Маған тапсырманы Жәбірейіл періштенің өзі беріп отырады” - деп жариялады. Олардың қатарына «Құдай Сөзінің мағынасын ширатып беруге жоғарыдан даналық алған” бір студент қосылды. Ал бұларға фанатизмге жақын тұратын басқа да адамдар жалғасты. Осылайша ынталанған тобыр маңайларында каншама шу көтерді. Лютердің берген тәлімдері халыққа реформаның қажет екенін сезіндірсе, жалған пайғамбарлар шынайы халықтың бетін шындықтан бұрып әкетіп, адастырып тастады. ҮШ 115.1

Жаңадан сайланған топтың қолбасшылары Виттенбергке келіп, Меланхтонмен жолығып: «Біз болашақты болжайтын елшілер мен пайғамбарлармыз, бізді Құдайдың Өзі әдейілеп осында халыққа тәлім бeруге жіберді және де біз Алламен өте тығыз байланыста жұмыс жасаймыз»деп жариялады. ҮШ 115.2

Бүрын-соңды мұндайды көрмеген рeформаторлар таң қалысты. «Бұл адамдар таңқаларлық рухпен қаруланып алған” - деді Меланхтон. Бұл не кылгаи рух? Бір жағынан Құдайдың Рухын сендіріп алмауға тырысуымыз керек, сонымен қатар албастының рухының қакпанына түсіп калмау үшін ете байқаулы болу қажет деп, ол маңайындағыларын сақтандырып қойды. ҮШ 115.3

Біраз уақыт өткен соң бұл ілімнің де жемісі көрінді. Адамдар Киелі Кітапты оқымақ түгілі, оның бетін де ашпай қойды. Оқу орындарында рухани ретсіздік пайда болды. Студенттер ешкімнің сөзін елемей, оқуларын тастап, университеттерден кетіп жатты. Өздерін Реформация ісіне жауаптымыз деп есептеген жандар, оны керісінше тығырыққа әкеліп тіреді. Римнің қуанышында шек болмады. Енді бір рет шайқаска түссек жеңіс біздің қолымызда болады деп есептеді олар. ҮШ 115.4

Бұл оқиға жайлы хабар Вартбургке жеткенде Лютер қатты қайғырды. Аты шулы болған жалған пайғамбарлардың шын мәнінде кім екенін және Құдай ісіне қандай қауіп төндіріп түрғанын Лютер жақсы білді. Реформацияның жалған жанашырлары шын мәнінде оның ең қауіпті жаулары болатын. Оның жаралы жанына соншалықты қуаныш әкелген ақиқаттар енді шіркеуде болып жатқан керістартыстардың себепшісі болды. ҮШ 115.5

Лютер реформаны адам өміріне Құдайдың Қасиетті Рухының жетелеуімен енгізген еді. Ол осыншама өзгерістер болады деп өзіде күткен жоқ, шын мәнінде бұл Алланьщ ісі еді, ал Лютер болса, Құдірет Иесінің қолындағы каруы ғана болды. Кейде болған істі болжай отырып Лютер: «Менің ілімімнің біреуге зиян келтіргенін білгенше, он рет өлгенім артық емес пе еді»деп жаны түршігетін. Десе де, олай болуы мүмкін емес, өйткені Лютердің уағыздаған ілімі Ізгі хабардың мөні болып саналады және оның солай екенін реформатордың өзі де жақсы білді. ҮШ 115.6

Реформацияның орталығы болып саналатын Виттенберг қаласы бірінші болып фанатизм мен заңсыздықтың шырмауына оралды. Бұған Лютердің ілімінің мүлдем қатысы жоқ, дегенмен жаулары тікелей оның ілімін кінәлады. Кейде Лютер: «ұлы Реформацияның ісі осымен аяқталып қоймақ па» ? - деп қатты қайғыратын. Осындай жаны азапқа түсіп, қамыққан сәттерде оған тек дұға оқып, салауат айту ғана көмектесті. Акыры бұл менің ісім емес, Құдайдың ісі, ал Оның ісі ешқашан өлмейді деген шешімге тоқталды Лютер. Осындай, шайқас ең жоғарғы шегіне жетіп тұрған сөтте, ол жағдайды алыстан бақылап отыра алмады, дереу Виттенбергке оралмақ болып ұйғарды. ҮШ 116.1

Осыдан кейін Лютер кідірместен осы қауыпты жолға аттанып кетті. Империяда заң оның құқығын қорғамайтын болды. Жаулары оны кез келген жерде өлтіріп тастауға құқылы болатын, ал достарына оған көмек көрсетпек түгіл, жай ғана қонақжайлық жасаудың өзіне тыйым салынды. Десе де, Құдай ісіне қауіп төніп түрған сәтте, ақиқат үшін қорқынышсыз шайқасқа түсуге Лютер өзір болды. ҮШ 116.2

Өзінің шешімі жайлы курфюрстке жолдаған хатында реформатор: «Мен Виттенбергке қайтып барамын, себебі жағдай соны талап етіп тұр. Менің сіздің тағайындаған күзетіңізден де артық Қорғаным бар. Олай дейтінім сіздің көмегіңізден бас тартқаным емес. Керісінше қазіргі кезде сіздің көмегіңізден гері, менің көмегім сізге көбірек тиеді деген ойдамын және сіздің ойыңызда осындай болар деген ниеттеміи. Менің бұл бастаған ісіме тек Алла ғана көмектесе алады, кімде кім көбірек сеисе, соншалықты оның қорғаны да мықтырақ болмақ» деп жазды. ҮШ 116.3

Жол жөнекей жазылған екінші хатында: «Мен барлық әлемнің назасы мен сіздің наразылығыңызды қабылдауга әзірмін, бірақ Құдайдьщ маған сеніп тапсырған халқын қалдыра алмаймын, керек десе олар үшін жанымды қиюға да дайынмын. Оның үстіне Алланың қаһары түсіп барлық Германияда бүкілхалықтық қобалжу басталып кете ме деп те қауіптенем»деп сөзін толықтырды. ҮШ 116.4

Лютер аса бір байқаулықпен, шыдамдылықпен сонымен қатар табанды және шешімді түрде өз жұмысына кірісіп кетті. Зорлықпен орнатылған жалған ілімнің жемісін түбегейлі жоюымыз керек - деді Лютер. Сенімсіздік пен ырымшылдықты күш салып жоюдың қажеті жоқ. Ешкімге де зорлық келтіруге болмайды. Себебі адамның сенімінің мәні — бостандық. ҮШ 116.5

Көп ұзамай Виттенбергте Лютердің оралғаны жайлы хабар таралып кетті. Жер жерден шіркеуге адамдар жиналды. Лютер мінбеге көтерілді. Мессаны,* күш сала отыра, болдырмаймыз дегендер жайлы ол былай деді: «Mecca - атымен керексіз, Құдайдың еркіне қарсы дәстүр. Оның орнына Киелі Кітапта жазылған Құдайды еске алу Кешін өткізген дұрыс. Бірақ ешкімге зорлық жасап оны істетудің қажеті жоқ. Барлығы бір Қүдайдың қолында, жасалатын істің барлығы Оның еркімен жасалуы керек. Мұсіншінің қолындағы сазбалшықтай адамның жүрегі біздің қолымызда тұрған жоқ. Айту бізге міндет, бірақ әр адам кез келген істе өз еркімен шешім қабылдайды. Күшке салу - қылымсуға, немқұрайдылыққа, еліктеушілікке, екі жүзділікке, тағы да басқа неше түрлі каулылардың қабылдануына әкеліп тірейді. Бірақ осы айтылған азғын мінездемелер бар жерде адалдық та, сенім де, сүйіспеншілік те болмайды. Істің мұндай нөтижесі түкке де тұрмайды. Құдай Өзінің Сезімен менен де, сіздерден де, күллі әлемнен де зор іс тындырады, өйткені Ол Сөзімен адамдардың жүректерін жаулап алады, сонда олар өздерінен өздері Тәңірге бой ұсынады... ҮШ 117.1

Мен уағыздаймын, пікірталас жүргіземін, жазамын, бірақ дегенімді орындатамын деп ешкімді де зорламаймын. Әрине мен индульгенцияға, зорлықзомбылыкка қарсымын, бірақ жұртты көтеріліске бастау ойымда да жокОлай істейтін болсақ бүкіл Германия соғыс алаңына айналып, халықтың қаны судай төгілген болар еді. Айтыңыздаршы, одан түсетін кандай пайда бар? Маған айту парыз, ал шешімді өздеріңіз қабылдайсыздар. Мен тек Тәңірдің Сөзін уағыздадым, ал ол сөз өз ісін істеді. Тіпті ұйқтап жатқан кездерімнің өзінде айтқан уағыздарым папаның бекінісінің негізін қиратып жатты. Ондайды істеу ханзадалар мен императорлардың да қолынан келмейді. Сондықтан айтарым ешкімге қиянат жасамай парыздарыңызды сөзбен орындаңыздар». ҮШ 117.2

Осы жерде Лютер Құдай сөзін бір апта бойы уағыздады. Реформатор фанатизмнің тасқынына Құдай Сөзімен тосқауыл қойды, сөйтіп Ізгі хабардың күшімен адасқан халыкты қайра ақиқат жолына түсірді. ҮШ 117.3

Қаншама зүлымдық жасаған атышулы фанатиктермен кездесуге Лютердің ешбір зауқы болмады. Өйткені олар жүгенсіз кеткен, ешкімнің сөзіне құлақ аспайтын, өздерін ғана түзуміз деп есептейтін тоң мойын, тоқшар жандар бо- латын. Бірақ олар Лютермен кездесуді талап еткендіктен, реформатор келісіп, барлық іс-әрекеттерін әшкерелеп бергені соншалықты, фанатиктер Виттенбергті тастап тайып тұруды жөн көрді. ҮШ 117.4

Айтулы қозғалыстың жүргізген жұмыстарының нәтижесі уакытша тоқтатылғанымен, бірнеше жылдан соң фанатизмнің оты қайрадан жарқ етті және халыкка бұрынғысынан да жаман соққы әкелді. Бұл қозғалыстың басшылары жайлы Лютер былай деді: «Олар үшін Киелі Кітап өлі әріппен тең, сондықтанда олар: «Рух! Рух!» деп айқайлайды. Мен ондай рухтың бағыттаған жағына бара алмаймын. Өздерін «киеліміз” - деп санайтындардың шіркеуінен Құдай мені сақтасын». «Мен өздерінің кінөсін мойындайтын, күні түні күнәсі үшін Алладан кешірім сүрап, Құдайға шын ниетімен құлшылық ететін қарапайым жандармен бірге болғым келеді» деп жазды доктор Лютер. ҮШ 118.1

Сол фанатиктердің ішінде Томас Мюнцер деген өте дарынды адам бар болатын. Ол ақикат жолында қызмет істегенде халқына каншама пайда келтіретін еді, бірақ өкінішке орай ол шынайы діннің ұстанымдарын кабылдамады. Томас бар әлемді өзгерткісі келді, бірақ өзгеру адамның өзінен басталатыны жайлы негізгі қағиданы ұмытты. Ол билік құруды аңсады, барлық істе бірінші болғысы келді және Лютерден жоғары тұруды армандады. «Реформаторлар Киелі Кітаптың беделіне сүйеніп, папалықтың тағы бір түрін құрғылары келеді» - деп жариялады Мюнцер. Оның ойынша қайта құруды Құдай оған сеніп тапсырған екен. Киелі Кітапты ешқашан қолына ұстамаса да, бойында рухы бар адам иманға тұншыққан нағыз Құдайдың қызметкері - деді ол. ҮШ 118.2

Бұл оқымысты фанатиктер қиялдарының шырмауына оратылып, өз ойларынан шыққан дауысты Құдайдың дауысы деп есептеп, өздеріне де, маңайындағыларға да көп зиян келтірді. Олардың кейбірі «Әріп елтіреді, Рух тірілтеді” деп ұран шығарып, жұрттың көзінше Киелі Кітаптарын өртеп жіберген. Мюнцердің іліміне еліктеген халықтың мінезінде менменшілдік пайда болып, олар адам айткысыз беймәлім күйге ұмтылған. Мыңдаған халық жалған оқытушыньщ соңынан еріп кетті. Уақыт өте келе ол Құдайға кұлшылык, етудің тәртібін әшкерелей бастады. Ханзадаларға бағыну Құдайға да, Велиарға* да қызмет етуге тырысатындардың ісі - деп арыз тастады Мюнцер. ҮШ 118.3

Папаның езгісінен енді ғана босап шыққан халык, үкімет билігі жағынан да ешбір қьісым көргісі келмеді. Ал Мюнцердің, Құдайдың тарапынан келіп жатыр деген ілімі, оларға дәл осы бостандықты ұсынып тұрды. Оның нәтижесі көп күттірген жоқ, барлық жерлерде қақтығыстар мен бүлік басталып, бүкіл Германия қанға боялды. ҮШ 118.4

Реформацияға тіркеп қойған фанатизмнің нәтижесін көріп, Лютердің жаны қатты күйзелді. Папалықтар болса, бұл Лютердің ілімінің жемісі десті және көпшілік халық олардың ойларын бөлісті. Осылайша кінә тағуға ешқандай негіз болмағанымен, ақиқатты фанатизммен косақтап қойғандарына Лютер әрі қайран қалды, әрі қайғырды. Бүлікті қоздырушылар болса, Лютерді мейлінше жек көрді, себебі реформатор олардың жалған дәуіттіктерін әшкерелеп қана қоймай, сонымен қатар бұл жауыздардың үкімет билігіне де қарсы екендерін атап көрсетті. Жауап ретінде олар Лютерді сатқын етірікші деп кінәлады. Қарап тұрсақ Лютер ханзадалардың да, халықтың да назасына ұшырағандай болып көрінеді. ҮШ 119.1

Бұған мәз болған папалықтар реформацияның жеткен жері осы, бәрі аяқталды деп естері кеткенше куанды. Жалған реформацияны қолдаушылар болса біз әділетсіздікке ұшырадык деп айғайлай бастады. Осылайша олардың айласы іске асып, жұрт оларды құрбан болғандар деп ссспгсп, аяп, бұл сатқындарға сый-құрмет көрсетіп жатты. Әрине ақиқатты жақсы білетіндер бұл адамзаттың жауының ісі екенін бірден таниды. ҮШ 119.2

Ібіліс адамдарды алдап, тақуалықты күнә деп, күнәні тақуалық деп, жұрттың басым көпшілігін соған сендіреді. Акиқатты қорғап жүрген Құдайдың адал құлдары сатқын болып шыға келеді. Сайтанға қызметтес болып жүргендердің атағы шығады, олар дәріптеледі, ал ақиқаттың қарлығаштары болса барлык, қауымға жек көрінішті болады, балағатталады. ҮШ 119.3

Жалған тақуалық пен жасанды нұрлану адамдарды әлі де адастырып келеді. Неше түрлі қалыпқа еніп алған ол қазір де Лютердің заманындағыдай әрекет жасайды. Осылайша ібіліс үнемі адамдарды Киелі Кітапқа емес, өздерінің сезімдеріне сенетін қылып, тазалық пен пәктікті ластап жеңіске жетуде. Жауларымен қатыгез шайқасқа түскен Лютер жан жактан келіп жатқан шабуылдан Құдай Сөзін аянбай қорғады. Папаның қатыгез билігіне, ғалымдардың мәнсіз философиясына сол Сезбен қайыспай карсы тұрды және реформация ілімімен араласып кетуге ұмтылған фанатизмге де ол сол Сездің күшімен тойтарыс берді. ҮШ 119.4

Реформаторға қарсы шыққан қозғалыстардың әркайсысы Киелі Жазбаны аяқ асты етіп, бірінші орынға адамның даналығын қойды. Рационализм сананың алдында басын иіп, оны ақиқаттың өлшемі етеді. Рим шіркеуі папаны «киелі» санай отырып: «Біз елшілердің замандарынан бері үздіксіз келе жатқан дарындылармыз” - деп, өздерінің сатқындық әрекеттерін елшілердің киелі жабуларымен жасырып қалғылары келеді. Ал Мюнцердің және оның жағында тұрғандардың киелілікке жармасуы үкіметке де, шіркеуге де қырсыгын тигізген тек қана олардың қиялдарының жемісі. Шынайы мәсіхшілер Құдай Сөзін қабыл алады және оның ақиқаттың ұлы қазынасы, әрбір істі мөлшерлеп отыратын өлшеуіші екенін мойындайды. ҮШ 119.5

Вартбургген қайтып оралғаннан кейін Лютер Жаңа Өсиетті неміс тіліне аударуды аяқтады, енді Германияньщ халқы Ізгі хабарды өз тілдерінде оки алатын күйге жетті. Акиқатты сүйетіндер бұл кітапты орасан зор қуанышпен қарсы алды. Ал адамдардың дәстүрлері мен оның қаулыларын қабылдайтындар бұл Сөзді жек көрді. ҮШ 120.1

Дін әкелері болса қарапайым халықтың олармен қатар Киелі Кітапты оқи алатын күйге жеткендеріне қатты абыржыды, өйткені олардың надандықтары енді әшкереленетін болды. Олардың даналықтары Құдай Рухының қылышына қарсы шыға ала ма? Рим барлық билігін пайдаланып, Киелі Кітаптың таралуына кедергі жасады. Десе де олардың шығарған бұйрықтары, жарғылары іске аспай калды. Неғұрлым Рим Киелі Жазуды оқуға тыйым салса, соғұрлым халықтың оны оқуға деген ниеті зор бола түсті. Хат танитындардың барлығы Киелі Кітапты қолдарына алды. Олар Жазбаны өздерімен ұстап жүріп оқып, кей жерлерін жаттап та алатын болды. Мұны көрген Лютер дереу Көне Өсиетті аударуға кірісті. Сөйтіп ол жүмысының сарынына сай, аударылған бөлімдерді біртіндеп баспадан өткізе отыра, оларды халық арасына тарата бастады. ҮШ 120.2

Лютердің еңбектерін қалалы жерде түратын адамдар да, ауылды жерде тұратындары да қызығушылықпен қарсы алды. «Лютер және оның достарының жазған еңбектері басқа адамдармен таратылды. Монахтар ездерінің берген уәделерінің мәнсіз екенін байқағаннан кейін орындарынан тұрып, пайдалы іске кірісті, десе де уағыз айтуға қабілеті жеткіліксіз олар жер жерлерді аралап жүріп отырып осы кітаптарды сата бастады. Аз ғана уакыттың ішінде барлық Германия бойынша осындай ержүрек кітап тасушьшар пайда болды». ҮШ 120.3

Байлар мен кедейлер, ғалымдар мен қарапайымдар - барлығы бірдей бұл кітаптарды қызыға оқыды. Ауылды жерлердің мұғалімдері түн мезгілдерінде ошақ маңында жиналатын аздаған топқа осы кітаптарды оқып беріп отырды. Шындыққа көздері жетіп, оған иланған адамдар естігендерін баскалармен бөлісті. ҮШ 120.4

Осылайша Киелі Кітапта берілген аян орындалды: «Сенің сөзің қарапайымдардың көзін ашады, оларға тәлім береді» (Жыр. 118: 130) Киелі Кітап, халықты, папаның өктемдігінің тұсауынан босатып алып, оларға бостандық сыйлады, ой-өрістерінің кеңеюіне жәрдемін тигізді. Сенетіндер адамның жанына ешқандай азық бермейтін, дін әкелері ұсынған күллі дәстүрлер мұқият орындап отыратын. Ендігі жерде Жазбада жазылған айқын ақиқаттар қолына тиген халық рухани ұйқыдан оянды, өйткені Алланың Сөзі адамның табиғатын ғана қорғап қоймай, ақылын кеңейтіп, ойлау жүйесін жетілдіреді. ҮШ 120.5

Жер жерлердің барлығында халық қолдарына Киелі Кітаптарын ұстап жүріп реформация ілімін қорғады және жалғастырды. Папалықтар, кезінде өздері Киелі Жазуды окуға құқық берген монахтар мен дін әкелерін, енді жаңа ілімге тойтарыс беруге шақырды. Бұрын қарапайым халықты тоқшарлар мен надандар деп атаған дін мұғалімдері енді рухани білімі жағынан оларға қарсы тұруға дәрмендері жетпеді. «Өкінішке орай - дейді бір католик жазушысы, Лютер өзінің ізбасарларын Киелі Кітаптан басқа ешкімге сенбейтін қылып иландырып қойған”. Шала хат танитындардың, сөзге шебер дін әкелерімен сайысқа түсіп, ақиқатты қалай қорғайтындарын есту үшін қаншама халық жиналатын болған. Осылайша дін әкелері мен дін зерттеушілеріне қарағанда кәсіпкерлер, сарбаздар, әйелдер мен балалар Киелі Жазбаны әлдеқайда артық білетін болып шықты. Ізгі хабар шәкірттері мен папаның жағындағылардың арасындағы айқын айырмашылық қарапайым халықтың ғана емес ғалымдардың арасында да аз болған жоқ. «Тіл мен әдебиетті білмейтін иерархияның* көне жақтаушыларына қарсы Киелі Кітапты зерттеу арқылы ежелгі классиканың біртұмасымен таныс болған мейірбан жастар көтерілді. Ұшқыр ойлы, таза жүректі, батыл жастардың Киелі Кітаптан алған білімдерінің тереңдігі соншалықты, ұзақ уақыт бойы олармен ешкім сайысқа түсе алмады». ҮШ 120.6

Католиктік діни қызметкерлер шіркеулерінің сиреп бара жатқандарын көргенде, кетіп қалған жұртты кері қайтару үшін үкімет билігінен көмек сұрауға мәжбүр болды. Бірақ ұзақ уақыт бойы қорек бермейтін, пайдасы жок салт - дәстүрлердің кебегімен тамақтандырылған жұрт енді қайтып ол шіркеуге барғылары келмеді. Ал қуғын-сүргіннің оты лап еткен мезгілде: «Сендерді бір қаладан куған кезде, сендер екінші қалаға карай қашатын болыңдар» - деп, Киелі Кітапта жазылған Құтқарушының сөзі, олардың естеріне түсті (Матай 10:23). Қуғындалушылар жер-жерлерге жүріп отырып, тоқтаған мекендерінде Құдай Сөзін уағыздап, тәлім берумен айналысты. Кейде олар уағыздарын шіркеулерде айтса, ондай жағдай болмаған кездері үйлерде, далада, орманда сөйлеген. Ең болмағанда бір адам бар жер киелі ғибадатханаға айналған. Соншалықты қуатпен уағыздалған ақиқат тосқауыл дегенді білмеді. ҮШ 121.1

Діни және үкімет билігінде отырғандар енді оларды тоқтата алмады. Ақиқаттың қарлығаштары түрмеден де, қапастан да, оттан да, азаптан да, қылыштан да қорықпады. Бұл Құдайдың адал құлдары өмірлерін беруі бар Оған шын жүректерімен қызмет етті. Қуғын-сүргін олардың еңбектерін тоқтата алмады, керісінше ақикдттың кең түрде таралуына жәрдемдесті. Фанатизм мен ақиқатты араластырып, жұртты түзу жолдан тайдырып жіберем деген албастының айласы іске аспай қалды. Осылайша Жаратушы мен Оның қарсыласының орындап жатқан істерінің арасындағы айырмашылық айқындала түсті. ҮШ 121.2