ҮЛЫ ШАЙҚАС

10/43

9-тарау - Швейцарияда шындық нүрының тұтануы

Реформация ісін әрі қарай жалғастырушыларды таңдау кезінде Құдай ғибратхананың негізі каланган уақыттардағыдай жоспар бойынша жұмыс жасады. Біздің көктегі Ұстазымыз дәріптелуге, дәс көтерілуге, мақтауға үйреніп қалған байлар мен атақтылардың, бір сөзбен айтқанда осы өмірдің ұлыларының қасынан өте шықты. Себебі олар қарапайым халықтың мүддесін ешқашан ұққан емес және Назареттен шыққан момын Азаматтың әріптесі болуға жарамайтын еді. Сондықтан да Ол: «Менің соңымнан еріңдер, Мен сендерді адам аулаушы қыламын” - деп Өзінің соңынан қарапайым галилей балықшыларын ерткен болатын (Матай 4:19). Бұлар жаңалыққа құмар, зерделі, қарапайым жандар еді. Сол заманның жалған ілімдерінен аулақ жүретін болғандықтан, Мәсіх, бұл адамдарды Өз қызметіне жарамды әріптестер ретінде таңдап алды. Реформация кезінде де дәл осылай болды. Оның белсенді мүшелері өркөкіректіктен, мақтаншақтықтан, әзөзілдіктен аулақ фанатизмнің жұғыны жұқпаған таза адамдар болған. Сондықтанда барлық ғасырларда ұлы іске Құдай қарапайымдарды тағайындаған. Солай істеген жағдайда ғана даңқ адамға емес, Аллаға тән болмақ, ейткені кез келген жақсы іске дайын тұруға калауоіылыкты адамға Құдай береді. ҮШ 105.1

Саксондық кеншінің жанұясында Лютер дүниеге келіп жатқаы кезде, бір неше аптадан кейін Альпа тауларының арасында орналаскан бақташының үйінде Ульрих Цвингли туды. Оның алған тәрбиесі мен қоршаған ортасы болашақтағы атқаратын ісіне көп ықпалын тигізді. Сұлу табиғат аясында ойнақтаған бала, жеті жасынан бастап ата-анасынан Құдай туралы әңгімелерді көп естіп, Оның Ұлылығын бойына сіңіріп өсті. Бір кездері таулы аймактарда өмір сүрген азаматтардың жасаған ерлік әрекеттері жас баланың санасында лаулап жатты. Ол анасынан Киелі Кітапта жазылған тарихи оқиғалар - бабалар мен пайғамбарлар, періштенің хабарын естіген палестина бақташылары, Вифлеемде туған нәресте және Ғолғота Азаматы жайлы естіп өсті. ҮШ 105.2

Мартин Лютердің әкесі секілді Цвинглидің де әкесі баласының оқып, білім алғанын жақсы көрді. Цвингли он үш жасқа толған кезде әкесі оны Бернге, Швейцариядағы ең жақсы деген мектептердің біріне оқуға жіберді. Бірақ бұл жерде жас балаға оның өмірін түп орнымен өзгертетін қауіп төніп тұрды. Монахтар баланы монастырға түсіру үшін бар күшін салды. Берннің доминикандык және францискандық монахтық бірлестігі дарынды жас студентті өз жақтарына шығарса, абырой атаққа ие болып, ақша оларғасудай құйылатынын жақсы ұқты. Жас студенттің күш - жігері, тіл байлығы, әдебиетке, музыкаға деген кұштарлығы және ақындык дарыны монахтардың ордендарының атағын шығарып, түсімін көбейтетінін олар білді. Сондықтан Цвинглиді өз монастырларына түсіру үшін олар бар айла тәсілдерін жұмсады. Лютер студент кезінде өзін монастырдың кельесінде көмген болатын, егер де Құдай оның өміріне араласпағанда, ол сонда мәңгі қалатын еді. Цвинглиге мұндай қауіпті жолға түсуге болмайтын болды. Оның әкесіне монахтардың арамза ойлары белгілі болып, ол баласын дереу үйіне шақыртып алды. Цвингли әкесінің дегенін екі етпей туған еліне қайтып оралды. Бірақ үйінде көп болған жоқ, шамалы уақыттан соң Базельге аттанды. Сол жерде жүріп ол Құдай туралы игі хабарды естіді. Грек және еврей тілінің оқытушысы Виттембах Киелі Кітаппен де танысып, сол арқылы Ізгі хабар студент жастар арасына тарады. Ол дін әкелері мен философтардың ілімінен жоғары тұратын ақиқат жайлы ілімді жастардың санасына жеткізе білді. Бұл тарихи шындық - Мәсіх Исаның адамзат баласы үшін құрбан болғаны жайлы хабар еді. Айтулы хабар Цвинглидің өміріне жарық түсірген алғашқы шұғыла болатын. ҮШ 105.3

Көп ұзамай ол Базельді тастап, жаңа өмірге жолдама алды. Оның алғашқы тоқтаған жері Альпадағы шіркеу болды. Дін әкесі атағын алғаннан соң, Цвингли, Киелі Кітапты зерттеуге кірісті. Өйткені Алланың сеніп тапсырған халқын жетелейтін басшы көп нәрсені білуге тиісті. Ол Килі Кітапты тереңірек зерттеген сайын шынайы шындык пен Римнің ілімінің арасындағы орасан зор айырмашылықты айқын көре бастады. Цвингли өзін Құдай Сөзіне бағындырды, одан қарама-қайшылықтар іздеген жоқ, керісінше бар ниетін салып ақиқатты іздеді. Игі тілекпен Киелі Рухтың басшылығына сүйеніп Алланың айтқан әрбір сөзін мойындай отырып, ол, әсем де сұлу шындыктың куәгері болды. ҮШ 106.1

Киелі Жазуды бізге Құдіретті Құдайым Өзі берген, ендеше оны оқып түсінуге жөрдемін де Ол Өзі береді. Құдай Сезі Оған бағынатын адамға ешқашанда түсініксіз болып қалмайды. Цвингли өзінің өмірімен Алланың сөзінің шындық екенін дәлелдеді. «Әуелде, яғни Киелі Жазбаны зерттей басгаған кезде, адамның бойына сіңіп қалатын философия мен схоластика ақиқатқа қарсы шығады, бірақ сен бар ниетінді Құдайдың шындығын ұғуға бағыттасаң, Киелі Кітап өзін өзі түсіндіріп береді”. «Мен Жүрегімнің Құдайдың шуағымен нұрланғанын тіледім, содан бастап Жазбаны түсіну мен үшін қиынға соққан жоқ” - дейді Цвингли. ҮШ 106.2

Цвингли Лютердің ілімін қайталап тұрған жоқ. «Егер Лютер адамдарға Исаны уағыздаса, менің де істеп жүргенім сол. Оның Құдай жолына түсірген адамдарының саны менікінен көбірек, бірақ бұл маңызды емес. Өз басым Исаның есімінен басқа есімді алып жүргім келмейді. Мен Исаның жауынгерімін, ал Ол менің Жетекшім! Лютермен екеуміз ешқашан сөйлескен емеспіз, ал уағыздарымыз ұқсас. Осы арада Құдай Рухының тұтастығы айқындалып тұр, біз жеке-жеке тұлғалармыз, бірақ еш келіссөзсіз Құдай Сөзін бірдей етіп уағыздаймыз, себебі екеуміздің де ұстазымыз - Иса Мәсіх” - дейді швейцариялық реформатор. ҮШ 107.1

1516-шы жылы Цвингли Эйнзидельн монастырына дін әкесі қызметіне шақырылды. Осы жерде ол Римнің заңсыздықтарымен бетпе-бет кездесіп, атағы туған Альпасының шекарасынан асып әрі қарай тараған реформаторға айналды. Эйнзидельн әулиелерінің ішінде керемет күштің иесі ретінде Мариям қыздың бейнесі құнды болып саналатын. Ал монастырдың қақпаларының жоғарғы жағында «Бұл жерде адам барлық күнәларына кешу алады” - деген жазу жазылып тұрды. Жыл сайын қажылыкка баратын халық күнәларына кешу алу үшін осында шұбырады. Мұнда адамдар тек Швейцарияның жер жерінен ғана емес, сол сияқты Германия мен Франциядан да жиналатын еді. Мазасы кетіп шұбырған жандардың ерсілі - қарсылы қаңғырысын тоқтату үшін Цвинглиге көп еңбектенуге тура келді. «Істеген қателіктеріңе кешірім алу үшін осында келудің қажеті жоқ. Мағынасыз істерің, жасап жатқан кұрбандықтарың, пұттарға сиынуларың, қажылықтарың, Мариям қыздың бейнесіне табынуларың керек емес. Шаш кесу, ұзын киім кию, аяк киімдеріңді алтынмен әшекейлеу - осының біреуі де сендерге жеңілдік әкелмейді, күнәларың сол қалпында қалады. Иса барлық адамзат баласы үшін қанын төгіп құрбан болған. Егер сендер Оның құрбандығын қабылдасаңдар, Құдайдың алдында шын ниетпен жалбарынсаңдар тілектерің қай жерде жүрсеңдер де қабыл болады. Аллаға керегі адамның тап - таза жүрегі ғана» - деп ұғындырумен болды. ҮШ 107.2

Бірақ Цвинглидің сөзі көпшілікке ұнамады. Себебі қажылықтарының мағынасыз болып шыққаны олардың көкіректерін удай ашытты. Олар үшін өз жүректерін тазартуға ұмтылғаннан гөрі бұл істі гтапаға тапсыру анағұрлым оңай көрінді. ҮШ 107.3

Десе де айтулы хабарды, яғни кешірімнің Иса Мәсіх арқылы ғана келетінін қуанышпен карсы алғандар да жеткілікті болды. Себебі олар қанша құрбандық жасап, неше түрлі рәсімдерден өткендерімен жүректеріне тыныштық орнай ал- май, мазасыз күй кешкен жандар болатын. Енді олар елдеріне оралғаннан кейін естіген куанышты хабарын басқа адамдарға тарата бастады. Осылайша Ізгі хабар елден елге, қаладан қалаға тарады. Ал қажылыққа шығатындарың, құрбандық жасайтындардьщ сандары әлбетте азайды. Ендеше шіркеуге түсетін табыс та, сонымен қоса Цвинглидің өз табысы да күрт азайды. Бірақ реформатор бүған күйзелген жоқ, керісінше қуанды. Өйткені фанатизм мен ырым - жырымдарға жақсы соққы тиген болатын. ҮШ 107.4

Шіркеу басшылары Цвинглидің ісін байқамай қойған жоқ. Десе де оған әзірше соқтықпауды жөн көрді. Керісінше оны алдап-сулап, ақыры өз жағымызға шығарамыз деген ниетте болған. Ал ақиқат болса халықтың жүрегінен орын теуіп, кең етек жая бастады. ҮШ 108.1

Эйнзидельнде өткізген ұш жылдан кейін Цвингли Цюрихтың кафедралыксоборына дін уағыздаушы ретінде шақырылды. Бұл Швейцария Конференциясындағы белгілі қалалардың бірі болатын. Бірақ Цвинглиді шақырғандар оның енгізетін жаңалықтарынан қорқып, реформатордың тікелей атқаратын міндетін белгілеп берді. ҮШ 108.2

«Шіркеуге пайда түсетін істерге немқұрайды қарамайсың, мінбеден сөз сөйлеген кезде, шіркеуге деген сүйіспеншіліктеріңді дәлелдеу үшін, міндетті түрде бітірлерің мен зекеттеріңді осында әдептілікпен әкеліп отыруларың керек деп халыққа мойындатасың, шіркеу рәсімдерінен түсетін қаражатты неғұрлым көбірек түсіруге тырысасың. Сонымен қоса шіркеуге жақындату, уағыздау, папаны қамқорға алу да, дін әкесінің міндетіне енеді. Бірақ кейбір міндеттерінді, әсіресе уағыздауды басқа біреуге тапсыруға болады, ал шіркеуге жақындату рәсімін өзің орындауьщ керек. Жақындату рәсіміне тек атақты адамдарды ғана қатыстырасың және де тек өздері шақырса ғана. Бұл рәсімге кім көрінгенді қатыстыра беруге болмайды»деп насихатталды оған. Цвингли олардың өсиетін мұқият тыңдап алып, алғысын білдіріп, соңынан оларға өз көзқарасын баяндады. Иса Мәсіхтің өмірі жүртшылыктың назарынан көп уақыт бойы тыс қалып келді. Ендігі жерде мен адамдарға елші Матай жазып қалдырған Ізгі хабарды уағыздаймын. Әуелі Құдайға сүйене отырып, сонан соң Киелі Кітапты басшылыққа ала отырып баршаға Құдай Сөзін терең ұғындыруға тырысамын. Адамдарды мәңгілік өлімнен құтқарып қалу үшін, Құдай жолында жалықпай қызмет етемін - деді. Кейбір дін әкелеріне Цвинглидің алған бағыты мүлдем ұнамады. Олар Цвинглиге өз көзкарастарының дұрыстығын дәлелдеп, оны алған бетінен қайтарамыз деп үміттенді. Бірақ Цвингли езінің таңдап алған бағытының дүрыстығына сенімді болды, сондықтанда оның жолына қандайда бір кедергілер қойып, оны тоқтату мүмкін емес еді. ҮШ 108.3

Күннен күнге Цвинглидің іліміне қызыққандардың саны көбейе түсті, сондықтан да реформатордың уағыздарын тыңдаушылар аз болған жоқ, тіпті бұрын келмей кеткендердің өздері енді келе бастады. Осы жерде де Цвингли Эйнзидельндегідей Құдай сөзінің ақиқат екендігін жұртшьшыққа дәлелдеп, адамзат баласына кұткарылудың жалғыз ғана жолы барын уағыздады. Бұл адамзат баласының кінәсін түгел Өз мойынына артып, солар үшін кұрбан болған Иса Мәсіх жайлы жағымды хабар болатын. Реформаторды тыңдауға көп адамдар жиналатын болды. Олардың іштерінде мемлекет қайраткерлері мен оқымыстылардан бастап қарапайым кәсіпкерлерге дейін бар еді және олар Цвинглиді қызығушылықпен тыңдады. Реформатор оларға тек акиқатты ғана уағыздап қойған жоқ, сонымен қоса қоғамда болып жатқан неше түрлі азғындықтар туралы да ашық айтты. Көпшілік соборды тастап, Құдайды мадақтауға кірісті. «Мынау адам шындықты айтудан қорыкпайды екен, ендеше кезіндегі Мұса пайғамбар секілді халықты түнектен алып шығатын біздің діни басшымыз болар” - деп үміттенді сенетіндер. ҮШ 109.1

Десе де, Цвинглидің құлшынысына кол салып, оны тоқтаткысы келгендер де аз емес еді. Монахтар оның ісін тоқтатпаққа шешім кабылдады. Біреулері оны қоркытса, біреулері мазақ қылды, ал енді біреулері оны балағаттап қорлады. Бірақ рсформатор мойымады. «Егерде біз кұнәкарлардың бетін Құдайға бұргымыз келсе, неге болса да шыдаймыз»деді ол. ҮШ 109.2

Дәл осы кезде реформация ісі кенеттен колдау тапты. Лукиан атты бір адам Цюрихке Лютердің біраз кітаптарын алып келді. Осында Лукиан Базельден реформация ісіне жаны ашитын адам арқылы арнайы жіберілген болатын. Цвинглиге жазған хатында ол: «Егер менің жіберген адамымды саналы деп санасаң, ол швейцарлықтарға барып, үйден үйге жүріп отырып, мына кітаптарды таратсын, жұртшылыққа дұғаның мағынасын ұғындырсын. Оны неғұрлым көп адам түсінсе, солғұрлым кітаптарда көбірек сатылады»деді. Осылайша Құдайдың жарығының шұғыласы бұл елге де шашырады. ҮШ 109.3

Алла надандықтың кісенін ағытқалы тұрғанда, албасты сол жерге дереу жетіп, елді түнектен шығармай, күнәнің шылбырын мықтап тарта түседі. ҮШ 109.4

Исаның қаны арқылы адам кешірім алады деген хабар тараған сайын, Рим абыржып, барлық мәсіхшілер әлемін нарықтық қатынасқа енгізіп, кешірімді ақшаға сата бастады. ҮШ 109.5

Әрбір күнәнің белгілі бағасы тағайындалды. Адамдарға қылмыс жасауға бостандык берілді, ал дін әкелерін бұл жағдай толғандырған жоқ, керісінше олар шіркеу қазынасын толықтандырғандарына дән риза болды. Осылайша екі түрлі қозғалыс пайда болды. Бірі Исаның қаны арқылы кешірім алуды ұсынса, екіншісі кешірімді ақшаға сатып алуды ұсынды. Рим күнәға жол ашып беріп байыған үстіне баи түсті. Ал реформаторлар болса, бұл адасушылықты қатты айыптап, халықты Құдай жолына түсіруге тырысты. ҮШ 109.6

Германияда индульгенцияны сату қарабет Тецель басқарған доминикандык, орденге тапсырылды, ал Швейцарияда итальяндық монах Самсон басқарған францискандық орденге тапсырылды. Самсон Германиямен Швейцарияда папаның шіркеуіне қызмет етіп, оның қазынасын толыктыруға көп себін тигізді. Ол Швейцарияда емін еркін жүріп, тауарын сатып кедейлердің барын тонап, байлардың байлығын алып, көпшілікті өзіне қаратты. Цвингли Эйнзидельнде жүргенде, Самсон өз тауарымен көрші қалаға келді. Бұл хабарды естісімен Цвингли дереу іске кірісті. Олар бір бірімен бетпе-бет кездеспегенімен реформатор Самсонның зұлымдығын қатаң әшкереледі, мұны естіген Самсон бірден сол арадан тайып тұруды жөн көрді. ҮШ 110.1

Цюрихте, Цвингли, индульгенциялардың сатылуына қарсы уағыздар жүргізіп жатқан кезде, Самсон осында тақап қалған болатын. Самсон қанша айла жасағанымен, қала халқы оны мұнда кіргізбей қойды. Арсыз монах қалаға кіріп бір индульгенция да сатуға мүмкіндігі болмай, кері қайтуға мәжбүр болды. Біраз уақыт өткен соң ол Швейцариядан мүлдем кетті. ҮШ 110.2

1519-шы жылы Швейцария түп-түгел «қара өлім» деп аталатын оба ауруына шалдығып жатқанда, дәл осы кезеңде айтулы жерде реформация кең етегін жайған болатын. Халық өлімменен бетпе-бет кездескен кезде «күнәсі босатылды»деп қаншама ақшаға сатылып алынған бір парақ қағаздың ешқандай кұны жоқ екенін сонда ғана ұқты. Оларға сенімдері нық тұра алатындай негіздеме қажет болды. Әрине бұл нәлет Цвинглиді айналып өткен жоқ. Оның сол кездегі жағдайы өте нашар болды, барлығы реформаторды өледі деп санады. Осындай, басына қайғы бұлты төніп тұрған кездің өзінде, бұл Құдайдың қызметшісінің ерлігі жасып, үміті сөнген жоқ, керісінше Исаның ерлігі есіне түсіп шабыттанды, Құдайдың кұдіретіне мүлтіксіз сенді. Осыдан кейін, ажалдың құшағынан жұлынып шыққан реформатор, Құдай жолындағы қызметін әрі қарай жалғастырды. Ал халық болса, көрдің шетіне барып қайтқан сүйікті ұстаздарын қошеметтеп қарсы алды. Осындай ажалмен алпарысып жүрген сәттерінде халық Ізгі хабардың құнын бұрынғысынан бетер бағалай түсті. ҮШ 110.3

Киелі Кітапты зерттеп, оның түпкі сырына ой жүгірткен сайын, Цвингли акиқаттың сырын, оның күшін бақылады. Адам - ата арқылы біз күнәға батып, мәңгілік елімге душар болсақ, Мәсіх арқылы ақталып мәңгілік өмірге жолдама аламыз. Адамзат баласы үшін бұдан артық куанышты хабар бар ма екен? Иса ажал оғына кеудесімен тосқауыл жасап, айқыш ағашқа керіліп, жаны күйзеліп азап шегіп, бізді өлімнен арашалап алып қалды. Адам күнәсі үшін Құдайдың алдында жауап беруі керек, бірақ Исаның құрбандығын қабылдап, Оған сенгендер, сотқа тартылмайды, өйткені Иса Мәсіх олардың күнәсін Өз мойнына алды. Халыққа сөйлеген сөзінде Цвингли: «Құдайға деген сенім бар жерде, Құдайдың Өзі де бар, ал Құдай бар жерде адам күнә жасамайды, тек жақсылық қана жасайды, өйткені Алланың шарапаты адамға күнә жасауға тыйым салады»деді. ҮШ 110.4

Цвингли Киелі Кітапты халыкка баппен біртін-біртін ұғындырды. Әсіресе халықты толғандыратын ырым - жырымдар туралы сұрақтарды қозғамауға тырысты. Цвинглидің негізгі мақсаты адамның бетін Иса Мәсіхке бұру және оларға сүйіспеншілікпен Құдайдың жоспарын ұғындыру болатын. Жұрт Ізгі хабарды қабылдап, оның мағынасын түсінген кезде, езінен өзі ырым-жырым деген жайына қалды. ҮШ 111.1

Осылайша акырын-ақырын реформация Цюрихке де келіп жетті. Осыдан бір жыл ғана бұрын Вормсте виттенберлік монах император мен папаға «жоқ» - деп жауап берсе, енді Цюрихтіктер түп-түгел папаның талаптарына «жоқ»деп жауап беруге дайын тұрды. Бірақ папалықтар Цвинглиге соқтыққандарын қоймады. Уақыт өткен сайын олар Ізгі хабардың шәкірттерін отқа тастап өртеп жіберіп отырды. Сонымен шектеліп қана қоймай олар ақиқаттың қарлығаштарының үстазының да үнін мәңгілікке өшірмекке дайындалды. Констанцтық епископ Цвинглиді кінәлап, бұл сұрақты шешу үшін, өзінің үш өкілін Цюрихгың кеңесіне жіберді. «Егерде Цвингли ез ілімін жалғастырып халық арасына тарата беретін болса, қауым тыныштықтан айрылады, егер ол тыныштықтан айрылса, шіркеу абыройдан жұрдай болады. Ақыр соңында барлық жерде анархия* орнайды»деп хабарлады. Цвингли: «Мен Ізгі хабарды Цюрихте төрт жыл бойы уағыздадым, байқаған боларсыздар бұл кала бүкіл конференция бойынша ең тыныш, ең кауіпсіз қала, ал бұл дегеніміз Ізгі хабар барлық жерге тек қана бейбітшілік әкеледі деген сөз»деп жауап қайырды оларға. ҮШ 111.2

Епископтың өкілдері: «Шіркеусіз сақтану, кұтқарылып қалу мүмкін емес» - деп, өз сөздерінің әділдігіне жиын мүшелерінің көздерін жеткізбекші болды. Сіздер ондай мағынасыз жаладан қорықпаңыздар - деді Цвингли. Шіркеудің негізі, оның іргетасы - Иса Мәсіх. Құдайды дұрыс уағыздағаны үшін Ол Шимонға Петір деп ат қойған болатын.( Петір тастай деген мағынаны білдіреді) Қай халықта болмасын Исаға шын ниетімен сенетіндерді Құдай қабылдайды. Шіркеу дегеніміз осы. Осы әңгімеден кейін епископтың өкілдерінің бірі бұл ақиқатты мойындап, реформаторлық ілімді қабыл алды. Кеңес Цвинглиге қандай да бір шаралар қолданудан бас тартты, сондықтан Рим келесі шабуылға дайындалды. Олардың пиғылы жайлы хабарлас болған Цвингли: «Жартас өзіне келіп соғылып, кері қайтатын толқыннан кдншалықты корыкса, мен де олардан соншалықты ғана қорқамын»деп шабыттана сөйледі. Папалықтардың бар ынталарын салып істеген істері өздеріне түк пайда түсірген жоқ, керісінше реформация ісін әрі қарай дамытуға көмектесті. Лютердің із-түссіз жоғалып кеткеніне қамығып жүрген Германиядағы реформацияның жақтаушылары Швейцарияда реформацияның кең түрде таралып жатқанын естіп, бір серпіліп қалды. ҮШ 111.3

Реформациямен бірге Цюрихте айтарлықтай бейбітшілік орнады. Халык, екі жүзділігін, іштарлығын, ұрыс-керістерін қойды. Мұндай бірлік біздің іліміміз арқылы Құдайдан келмегенде, қайдан келіп жатыр? Оны Жаратқанның ісі емес деп кім айта алады? - деп жазды Цвингли. ҮШ 112.1

Реформация ісінің жоғарыға өрлеп бара жатқанына ашынған папалықтар, оған бұрынғысынан да бетер өшпенділікпен қырсық жасауға кірісті. ҮШ 112.2

Лютерді қуғындағаннан тапқан пайдаларының шамалы екенін білетін олар, ендігі жерде басқаша амал жасауды ойлады. Жосгіарларын алдын ала өлшеппішіп алып, Цвинглиді диспутка* шақырды. Ондағы ойлары реформаторды қақпанға түсіріп, көзін біржола жою еді. Ұстаздарының үнін өшірсек бұл қозғалыс дағдарысқа ұшырап, өздерінен өздері құритын болады деген ойда болды. Бірақ папалықтар ниеттерін ешкімге білдіртпеуге тырысты. ҮШ 112.3

Диспут Баденде етілетін болды. Бірак, Цвингли бұл жиынға бармай қалды. Олардың Ізгі хабарды гаратушыларды үнемі отқа салып, өртеп жіберетінін білетін Цюрихтьщ кеңесі Цвинглиді Баденге жібермеді. Реформатор Цюрихте Римнің өкілдерінің қайсысымен болса да кездесуге дайын екенін, бірақ Баденге бармайтынын оларға хабарлады. Реформация ісінің жақтаушылары Эколампадиус пен Халлер болды, ал Рим жағынан сөз сейлеуші прелаттар мен бір топ ғалымдарды ерітіп шыққан белгілі доктор Эккен болатын. ҮШ 112.4

Цвингли пікірсайысқа бармағанымен, сол жерде қаралып жатқан іске қатыспай қалған жоқ. Папалықтар хатшыларын өздері тағайындады, ал басқа қагысушыларды елім жазасымен қорқытып, қандайда бір сөз жазып алуға тыйым салды. Соған қарамастан Цвингли күн сайын қаралып жатқан іске байланысты дәлме-дөл баяндама алып отырды. Бір студент күн үзын болған оқиғаны мүқият бақылап отырып, кешке қарай оны қағаз бетіне түсіріп, ал басқа екі студент болса бүл баяндаманы Эколампадиустың хатымен Цюрихке жеткізетін болды. Ал реформатор оқиғаға байланысты өз көзқарастары мен кеңестері жазылған жауап хатты түнде өзірлеп, сол екі студент арқылы таңертең Баденге жіберіп отырған. ҮШ 112.5

Екі жігіт қала кақпасыньщ қасында тұрған күзеттің көзіне түсіп қалмау үшін төбелеріне үй күстары салынған себеттерді қойып алып, қалаға еш кедергісіз кіріп жүрді. ҮШ 112.6

Цвингли өзінің жауларымен сырттай шайқасты. Олармен бетпе-бет кездескеннен гөрі осылай істегені жөн болатын, өйткені жауап берер алдында оның бір түн бойы ойланып шығатын уақыты бар болды. «Баденге хат жолдар алдында көп ойланып, көрер таңды көзбен атыратын — деп жазды Мукониус,осылай реформатор жауларымен ауызекі кездескеннен артық іс тындырды. ҮШ 113.1

Ал папалықтар болса өз жеңістерін алдын ала тойлап, үстеріне бағалы киім киіп, өздерін алтын бүйымдармен әшекейлеп, қүнды тамақ, қымбат шарап ішіп, міндеттерін ләззат алумен жеңілдетіп жатты. Керісінше реформаторлардың сол кездегі күйлері қайыршының аз ақ алды болды. Ішіп жейтіндері қарапайым тамақ болатын, соның өзіне олар көп уақыт кетірмейтін. Эколампадиус тоқтаған үйдің иесі оның бөлмесіне кірген сайын, не кітап оқып, не дұға оқып отыратынын байқап: «Мына «есерсоқ» дегендері өте мейірімді адам»деп, оның инабатты жан екенін еріксіз мойындады. ҮШ 113.2

Пікірсайыс басталған кезде Эккен көкірегі мақтаныштан жарыла жаздап, әшекейленген кафедраға шықты. Эколампадиус болса оған карсы тұрған ұсқынсыз жонылған ағаш самиянға отырды. Зор дауысы мен өзіне деген сенімі Эккенге күш берді, ал алтын мен атақ оны жігерлендірді. «Сенімді қорғаушы сыйсыз қала ма?” - деп ол көкірегін кере түсті. Ал сөз шеберлігі таусылған кезде, әуелі балағаттауға, сосын қарғыс атуға кірісті. ҮШ 113.3

Эколампадиус жанжалдан аулақ болуға тырысты және өз сөзін бүкпесіз: «Мен үшін Құдай сөзінен артық өлшеуіш жоқ” - деп ашық жариялады. Рим діндарлары салтқа жүгінсе, реформатор Құдай сөзіне жүгінді. «Швейцарияда салт-дәстүрлердің күші жоқ жөне олар атазаңда бекітілмеген, ал сенім жайлы айтатын болсақ, біздің атазаңымыз - Киелі Кітап»деді ол. Пікірсайысқа қатысушы қарама-қарсы жақтардың мінездерінің айырмашылығы көзге түспей қалған жоқ. Сыпайы хүрде баяндалған реформатордың сөздері дәлелді болып, халық мақтаншақ Эккенге жиіркенішпен қарады. ҮШ 113.4

Диспут он сегіз күнге созылды. Ақыр соңында папалықтар өздерін жеңімпаз санап, реформация жеңіліске ұшырады деп есептеп, оның ізбасарлары шіркеуден алыстатылды деген үкім шығарды. Депутаттардың кепшілігі Римді қолдағанымен, кейін кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екені сөзсіз айқындалды. Осылайша аз ғана уақыттың ішінде протестантизм барлык, жерлерге кеңінен тарап, Базель және Берн секілді орталық калалар реформацияның жағына шықты. ҮШ 113.5