ҮЛЫ ШАЙҚАС

7/43

6-тарау - Өліммен бетпе-бет кездескен екі батыр

Богемия еліне Ізгі хабар IX ғасырда жеткен. Мінәжат ету олардың өз тілдерінде жүргізілетін, бірақ папаның билігі күшейген сайын Килі Кітап ысырылып шығып, екінші орынға қалды. Халықты ашса алақанында жұмса жұдырығында ұстау үшін, патшалардың «көкірегін басып отыру” міндетім - деп есептейтін Григорий VII Құдайға қызмет етуді чех тілінде жүргізуге тыйым салатын булла шығарды.. Папа: «Жаратқанның еркі бойынша Құдайы қызмет елге таныс емес тілде өтуі керек, оны орындамағанның салдарынан неше түрлі адасушылықтар мен қате ілімдер пайда болды” - деп арыз тастады. Оның көздегені Киелі Жазуды жапқызып тастап, халықты түнекте ұстау еді. Десе де Жаратқанның сөзін тұншықтырып көміп тастау оңай іс емес. Франция мен Италиядан қуғынға үшыраған вальдендіктер мен альбигойлықтар Богемия еліне кешіп келді. Олар Киелі Кітапты ашық уағыздауға батылдары бармағанымен, ақиқатты халық арасына ақырын - ақырын, десе де ынталы түрде тарата бастады. ҮШ 58.1

Богемияда Гусқа дейін де шіркеудің бүзылғандығын ашық әшкерелеген адамдар болған және олардың көзқарастарын халық қолдаған болатын. Бұдан діндарлардың қорыққандары соншалықты, олар Ізгі хабарды таратушыларды куғынға ұшыратты. Тауды, тасты, үңгірді паналап жүрсе де олар Құдайға қызмет етулерін тоқтатқан жоқ. Сол үшін олар жеккөрінішті болды, өлтірілді, отқа тасталды, бірақ мәсіхшілер өз істерінің түбінде салтанатты түрде жеңіске жететініне кәміл сенді. Адам тек айқышқа шегеленген Иса арқылы ғана құтқарыла алады деген шеиттердің бірі өлер алдында: «Акиқаттьщ жауларының назасы төбемізден шүйлікті, бірақ өне бойы солай бола бермейді. Қарапайым халықтың ішінен билігі де, найзасы да жоқ адам пайда болады, оған қарсы шығуға жауларының әлі келмейді» - деп арыз тастаған болатын. Лютердің уақыты әлі келмегенімен, Римнің азғындығына қарсы көптеген ұлттарды көтеріліске бастайтын адам туды. Бұл адам - Ян Гус еді. Қарапайым жанұяда дүниеге келген Ян Гус әкесінен ерте жетім қалып, анасының төрбиесінде болған. Алланы сыйлау мен білім алуды таптырмайтын қазына - деп есептейтін анасы баласына осы қаруды мықтап ұстату үшін бар күшін салды. Алғашқыда ол уездік училищеде оқып, соңынан Пра- га университетіне ақысыз қабылданды. Прагаға Гус анасымен бірге аттанды. Шешесінің оған бөліп беретін ешқандай еншісі болмағанымен, қалаға жақындай бере, ол Құдайдың алдында тізесін бүгіп, жетім қалған баласына Алладан бата тіледі. Құдайдың нұрының баласына нөсердей жауатынын ол әрине сол кезде білген жоқ. Университетте жүрген кезінде Гус өзінің тәртіптілігімен, білімімен көзге түсхі. Жан жағындағыларға ниетінің шынайы болғандығы соншалықты, маңайындағылардың бәрі оны жақсы көріп кетті. Университетті бітіргеннен кейін ол діни мұғалім болып қызмет жасады. Бұл қызметінде айрықша көзге түскен ол, көп ұзамай императордың шақыруы бойынша оның сарайына келді. Енді профессор атағын алған Гус өзі тамамдаған университетке ректор болып тағайындалды. Осыдан азғана уақыт бұрын білім алуға төлейтін қалтасында көк тиыны жоқ оқушы елінің мақтанышына айналып, Еуропаға танылды. Біраз жылдан соң, діни дәрежесі көтерілгеннен кейін ол Вифлеем капелласының* дін уағыздаушысы етіліп тағайындалды. Сол кезде Римнің карсы болғанына қарамастан Богемияның кей жерлерінде Киелі Кітап халықтың туған тілінде уағыздалған. Ал Гус болса Киелі Кітапты басшылыққа ала отырып зұлымдықты әшкереледі, халықтың санасын тазалық пен шындыққа бұрды, өйткені қоғамның кез келген саласында діни сауатсыздар көп кездесті. Прагалык, Иероним деген азамат Англиядан қайтып келе жатып, өзімен бірге Уиклифтің еңбектерін алып келген болатын. Кейінен ол Густың әріптесіне айналды. Уиклифтің еңбектерін кұшақ жая қарсы алған Англияның патшайымы* тұрмысқа шықпас бұрын Богемияның ханшайымы* болған. Осы әйелдің арқасында реформатордың еңбектері Богемия жеріне кеңінен тарады. Уиклифтің еңбектерін оқи келе Гус осы реформаны қабыл алып, өзінің Рим шіркеуінен қалай алыстап кеткенін де түсінбей қалды. ҮШ 58.2

Сол кезде Прагаға Англиядан екі адам келіп, алыс жатқан осы елге Ізгі хабарды уағыздамақшы болды. Бірақ папалықтар оларды байкап қалып соңдарына түскендіктен, бұлар өздерінің уағыздау тәсілдерін күрт өзгертті. Сурет салу өнерін жетік білетін олар «Ізгі хабарды” үнсіз уағыздады. Олар екі суретті қала халықтарының алдына шығарды. Суреттің біреуінде, бұлар, оқушыларын ерітіп жер-жерді ел-елді аралап, арып - ашып, жалаң аяқ есектің үстінде отырып қалаға кіріп келе жатқан тәртіпті де момын Иса Мәсіхты бейнелесе, екінші суретте алдында күйшілері, артында кардиналдар мен прелаттар еріп келе жатқан, арғымақты әсемдеп мінген қарны тоқ, уайымы жоқ, байлықтан жарыла алмай тұрған папаны бейнелеген. Енді осыншама айырмашылықты көрген халыққа айтпаса да бәрі түсінікті болды. Прагалықтардың қатты қобалжығанын көрген жат елдіктер тайып тұруды дүрыс көрді. Осы бейнелердің Густың көкейіне қонымды болғаны соншалықты, ол Киелі Кітапты бұрынғысынан да бетер, ынтамен зерттей бастады. Гус Уиклифтің ілімін толық қабылдауға әлі де болса дайын болмағанымен, папаның иерархиясының өктемдігі мен менменшілдігін бар ниетімен масқаралады. Прага университегінде пайда болған бұл толқу, көпшілік студенттерді елдеріне қайтып оралуға мәжбүр етті, осылайша студенттер арқылы бұл ілім Германияға да жетті. Густан тәлім алған студенттер, Ізгі хабарды өз елдерінде уағыздай бастады. Кейін бұл сыбыс Прагадан Римге жетіп, папа Густы Римге шақыртты. Оның талабын орындау айдаһардың ауызына барып түсе қалумен пара-пар еді. Богемияның патшасы мен патшайымы, университет және мемлекет басшылары Густың Прагада қалуын сұрап, ал қажет болған жағдайда папаға түсініктемелер беру үшін өз өкілдерін жіберетіндері жайлы өтінішті оған жолдады. Папа бұл өтінішті қабыл алмай, Густы соттап, оған үкім шығарды, ал Праганьщ халқы болса шіркеуден шеттетілді. ҮШ 59.1

Бұл үкім барша халықты қатты толғандырды, өйткені өзін «Құдайдың орынбасарымын»деп жариялаған пападан адамдар қатты қорқатын. Папаның әмірі бойынша шіркеуден шеттетілгендерге аспанның қақпасы жабылады, ал мұндай шешімнен кейін өлген адамдар жұмақка кіре алмайтындарына халық әлі де болса сенетін. Осы масқараның салдарынан шіркеулер жабылып, мінәжат етілу тоқтатылып, неке қию рәсімдері жаназа шығарылатын ғимараттарда етілді. Өлгендерді тазартылған жерге көмуге тыйым салынып, олар еш жоралғысыз кез келген жерлерге көміліп жатты. Рим осындай тәсілдермен халықтың қиялына, ар-үжданына әсер етіп, оларды тізгіндеп ұстамақ болды. ҮШ 60.1

Праганың халқы қатты абыржыды, олардың кейбіреулері «мұндай бақытсыздыққа ұшырағандарымызға Гус кінәлі»деп, оны Рим сотына шығарып беруді талап етті. Көтерілген құйынның саябырлауына жағдай тудыру үшін реформатор Прагадан туған ауылына аттанды. «Жаны сырқат адамдарды күнә жасауға итермелеп, мәңгілікке көз жұмуларына жол бермеу керек, сондай-ақ тақуаларды да ыңғайсыз жағдайға қалдыруға болмайды» - дейді ол бауырларына. Гус қорыққандығынан кеткен жоқ, ол акиқат үшін жанын пида қылуға да әзір еді. Реформатор Құдай жолындағы қызметін әрі қарай жалғастыру үшін өзінің халыққа әлі де болса керек екендігін жақсы білетін, сол себепті Прагада қалған достарына мән-жайды ұғындырып, өзі көрінбей тұра түруды жөн көрді. Алайда айтулы жерден кеткенімен Гус үнсіз калған жоқ, Ізгі хабар жер жерлердің бөріне тарап жатты. «Шындыққа қарсы біз әлсізбіз, ал шындықпен бірге жеңілмейміз” (2Кор.13:8). ҮШ 60.2

Дегенмен, Гус үшін қайғылы күндер туды. Оның санасы мен арының арасында аяусыз шайқас басталды. Рим шіркеуінің жасап отырған істерінің бұзақылық екенін көріп отырған, сонымен қатар шіркеу күнәсіз болуға тиісті - деп есептейтін Гус бұл қатыгез қарама-қайшылықты ұға алмады. Шіркеу күнөсіз болса неге ол оған қарсы шығады, ал қарсыласпасқа тағы да болмайды, өйткені дін көсемдерінің істеп отырған істері акылға мүлдем қонбайды. Ақыры ол мынадай тұжырымға келді. Исаның заманында да діндарлар неше түрлі істерді істеп оны өз шариғаттарына сыйғыза берген. Дәл сол кездегідей тарих қайрадан қайталанып жатыр. Дін иелері заңды билікті пайдаланып, неше түрлі заңсыздықтар жасауда. Осыны негізге ала отырып, Гус былай деп арыз тастады: «Киелі Кітаптағы жазылған ақиқат біздің ар-ұжданымызды билеуі қажет немесе басқаша айтқанда біз дін қызметкерлері арқылы сөйлеп тұрған шіркеуді емес, Киелі Жазу арқылы сөйлеп тұрған Құдайды тыңдауымыз керек”. ҮШ 61.1

Прагадағы қобалжу біраз саябырлағаннан кейін, Құдай сөзін ары қарай уағыздау үшін Гус Вифлеем капелласыиа қайтып оралды. Оның жаулары мықты болатын, дегенмен патшайым, көпшілік дворяндар және халықтың басым көпшілігі реформаторды қолдап тұрды. Густың таза ілімін, таза өмірін сараң дін әкелерінің тәртіпсіз мінездерімен, бұзылған оқуларымен салыстыра отырып, олар әрине реформатордың жағында тұруды өздеріне абырой санады. ҮШ 61.2

Осы уакытқа дейін Гус жалғыз жұмыс істеп келсе, енді оған Англияда Уиклифтің ілімін қабылдаған Иероним қосылды және ол екеуі өте тығыз байланыста еңбектенді. Тіпті өлгенде де олар ортак іс үшін қаза болды. Гус ұстанымды, мінезі болаттай берік болса, Иероним жалынды және ұшқыр болатын. Густың дарындылығын бағалай білген Иероним мәсіхшіл шыдамдылықпен оның кеңестеріне көңіл аударып, дегенімен келісіп отырды. Олар бірін бірі жақсы толықтырып, реформация ісі алға қарай қарқынды түрде жылжи бастады. Алла олардың ісіне басшылық жасап, бұл азаматтар халықты католицизмнің түнегінен жарыкка қарай жетеледі. Дегенмен олардың өздеріне де ақиқат түгелдей дерлік ашылмаған болатын. Қараңғыда отырған адамды бірден жарыққа алып шықса, оның соқыр болып қалуы әбден мүмкін ғой. Сондықтанда Алла ақиқаттың шымылдығын аздап қана ысырып, шындықты оларға бірте - бірте ашып отырды. Осылайша ғасырлар өткен сайын Құдай жолында қызмет етуге дайын болған сенімділер пайда болып реформация ісі ізін тауып алға басты. ҮШ 61.3

Шіркеу ішіндегілердің арасындағы шиеленіс тоқталған жоқ, керісінше әрі қарай жалғасты. Енді билікке ие болуға үш папа таласты. Анафемаларға* қанағаттанбаған олар, қолдарына қару алды. Әр қайсысы өз әскерін қару жарақпен қамтамасыз ету үшін қаражат қажет болды, сондықтан олар сыйларына, көтерілу дәрежелеріне, құт-берекелерге құн тағайындап, оны ақшаға сата бастады. Гус бұл азғындыққа жалынды түрде қарсы шықты және сонымен қоса халық та мәсіхшілер әлемінің басына түскен бейнетке Рим иерархиясын кінәлады. ҮШ 61.4

Тағы да Прага қаласы қантөгіс шайқастың шетінде тұрды. Ежелгі кездегі «Исраилге ылаң салды” дегендей, осы жолы да Құдайдың адал қызметшісі кінәланды (3 Пат. 18:17)! Қалаға папаның қарғысы төнгендіктен Гусқа тағы да туған ауылына оралуға тура келді. Вифлеем капелласының мінбесінен Ізгі хабарды уағыздап тұрған Густың дауысы өшіп қалды. Бірақ ол одан да жоғары мінбеден сөйлеуге тиісті болды, алдымен шындыққа берілгендігін өмірімен дәлелдеуі керек еді. Еуропадағы азғындықты тоқтату мақсатымен Констанцта дүние жүзілік собор жиыны өтті. Бұл жиынды Сигизмунд императорының талабы бойынша билікке таласып отырған үш папаның бірі Иоанн XXIII өткізді. Десе де Иоанн XXIII бұл жиынды өткізуге зауқы болған жоқ, бірақ Сигизмунд императорының еркіне карсы шығуға шамасы болмады. ҮШ 62.1

Жиында шешілетін негізгі сұрақтар мыналар еді: шіркеуге жік түсуді тоқтату, өзге ілімдерді енгізетіндердің көзін жою. Айтулы жиынға екі антипапалармен қоса жаңа ілімнің көшбасшысы Ян Гус шақырылды. Екі антипапалар сақтанып, өздері келмей орындарына өздерінің өкілдерін жіберді. Ал сол жиынды шақыруға өзі бастамашы болғандай сыңай танытқан папа Иоанн келуін келгенмен, қатты қобалжулы болды. Ол тиараға* тигізген қырсығы үшін сонымен қоса оны сақтап қалу мақсатында жасалған барлық кулық-сұмдықтарына жауап беріп, масқара болып орнымнан айрылып қалам ба деп ойлады. Соған қарамастан ол Констанцқа сән салтанатымен келіп кірді. Төрт жағында төрт магистраттар оның төбесінде жайылып тұрған алтын балдахинаны* ұстап жүріп отырды. Алдында caп түзеген әскер, жан жағында асқақтаған сановниктер мен сарай қызметкерлері (свиталар). Ал кардиналдар мен дворяндардың бағалы киімдері бұл сәтті тамаша Кылып көрсетті. ҮШ 62.2

Сол кезде Констанцқа тағы да бір жолаушы жақындап қалған болатын, оның да көңілі жабырқаулы болды. Густың ойынша богемия патшасының қорғау қағазына және сол сияқты жол жөнекей берілген Сигизмунд императорының қорғау қағазына қарамастан, оны алау тосып тұрғандай болып көрінді. Гус жолдастарымен біржола қоштасып шықты. Ал Прагада калған басқа достарына ол былай деп хат жолдады: «Бауырларым! Мен өзімнің жауларыммен бетпе-бет кездеспек үшін кетіп барамын, менің қолымда патшаның қорғау қағазы бар, бірақ мен оған емес жалғыз Құдайға ғана сенемін. Сендердің тілектерің қабыл болып, Киелі Рух маған Өзінің даналығын берер деген ниеттемін. Шындық үшін шайқаста зындан болсын, ажал болсын қабыл алуға Алла маған жар болсын. Иса Мәсіх өзінің сүйікті пенделері үшін құрбан болған. Ол біздің Жаратушымыз, ал біз жаратылғандармыз, Ол біздің Тәңіріміз, ал біз Оның қызметшілеріміз. Ол әлемнің Ұстазы, ал біз ажалды пенделерміз, соған қарамастан Ол біз үшін азап шекті! Егер азап шегу біздің жанымызды тазартатын болса, неге оны шекпеске? Егер ақиқатқа берілгендігімді ажалыммен дәлелдеуім керек болса, ол кезең тезірек өтсін деп тілеңдер, ал Құдай маған тірі қалуды жазып тұрса, онда бауырларыма үлгі боларлықтай кіршіксіз таза болып қайтуыма тілектес болыңдар. Егер де Алла жазып Прагаға қайтып оралсам, онда Құдайдың заңына деген сүйіспеншілігімізді әрі қарай жетілдіріп, рухани бірге өсетін боламыз». ҮШ 62.3

Кейінен Ізгі хабарды уағыздаушылардың біріне айналған дін әкесіне жолдаған хатында Гус былай дейді: «Мен кезінде бағалы киім киіп, бос сөзбен уақытымды кетіргеніме қатты өкінемін, менің басымнан өткерген қателіктерімді сен қайталама. Қаражатыңды толықтырудың қамын ойлама, пенделерді мәңгілік өлімнен құтқарудың қамын ойла. Ең бастысы байлық пен баршылыққа қызығып, үйіңді қазынаға толтырам дегенше, Құдайға адал қызмет ету мен адамдарды күнәдан құтқару нeгізгі іс екенін санаңа құйып ал. Рухани жетілуге ұмтыл. Құдайға ұнамды қылықтар жасап, момын болуға тырыс. Ақшаңды бос әурешілікке жұмсама». Хаттың сыртына «бұл дестені менің өлгеніме көзің жеткен кезде ғана аш»деп жазды. ҮШ 63.1

Гус өзінің ілімінің жақсы таралғанының дәлелдемесін жол жөнекей көрді. Халық оны қошеметпен қарсы алып, кей жерлерде оларға қала басшылары ілесті. Констанцқа келген Гусқа толық бостандық берілді. Патшаның қорғау қағазына папаның дербес қағазы қосылды. Осы салтанатты, неше рет расталған кұжаттарға қарамастан папа мен кардиналдардың бұйрығы бойынша Гус қамауға алынып, үй астындағы сасық қапасқа (подвал) тасталды. Кейінен оны Рейнге қарама қарсы тұрған бекініске ауыстырды. Бірак, папаның бұдан тапқан пайдасы шамалы еді, зұлымдык істері үшін сол қапасқа көп ұзамай өзі түсті. Кісі өлтіру, зинақорлық жасау секілді күнәларын былай қойғанда, адамның аузы атауға келмейтін кінәлары расталғаннан кейін, Иоанн тиарасынан айрылып зынданға қамалды. Басқа антипапаларға да тойтарыс беріліп Иоанның орнына жаңа папа тағайындалды. ҮШ 63.2

Гус айыптаған дін әкелерінің күнәларынан мың есе артық күнә жасаған папаны жазалы - деп тапқан собор, жазықсыз екенін біле тұра Густы да жазаға ұсынды. Богемияда қобалжу басталды. Ең мықты деген ханзадалар* соборға өздерінің өкпесін білдірді. Қорғау қағазы іске аспай калған патша да оларға ызалы болған. Дегенмен реформацияның жаулары өз әрекеттерінде кекті жөне табанды болды. Собор патшаны күні бұрын пішілген ойда деп айыптап, қорқытып, шіркеу алдындағы міндеттерін есіне түсіріп, Құдай сөзін бұрмалайтын есалаңдарды қорғауға берілген уәде күшсіз - деп шығарып, патшаның аузын жапты, сөйтіп әрі қарай өз білгендерін істеді. ҮШ 64.1

Ызғарлы, дымқыл, сасық қапаста жатқан Гус әлсіреп, безгек ауруына шалдықты. Осы оқиғадан кейін реформатор соборға әкелінді. Қолы мен аяғы кісендеулі Гус, аты мен атағы қауіпсіздіктің кепілі болған монархтың алдында тұрды. Ұзаққа созылған тергеу кезінде ол мемлекет басшылары мен шіркеу басшыларының қатыгез қателіктерін дәлелдеп, өзінің әрқашанда ақиқатты қолдайтынын айтты. Оған екі түрлі ұсыныс жасалды - өз дегенінен қайту немесе өлім тұзағын кию. Гус екінші үсыныстытаңдады. Бірнеше апта бойы көрген азабына ол Алланың арқасында ғана шыдады. Досына жолдаған хатында ол былай деген болатын: «Иса Мәсіхтың арқасында киелі отанымызда жолыққанда сен Құдайдың мені қалай қорғағанын білетін боласың”. ҮШ 64.2

Қараңғы, сасық қапаста жатса да Гус ақиқаттың жеңіп шығатынына кәміл сенді. Бірде көрген түсі оны қатты қобалжытты. Түсінде ол папа мен епископтардың Иса Мәсіхтың бейнесі салынған суреттерді кұртып жатқанын көрді. Келесі күні оған басқа түс енді. Түсінде көптеген суретшілер Исаның бейнесін бұрынғыдан да әсем, одан да айқын қылып бейнелеп, іліп жатыр екен. Жұмыстарын аяқтап болған суретшілер халыққа қарап: «Енді папа бұл бейнені ешқашанда жоя алмайды” - дейді. Бұл түсті баяндап берген Гус: «Исаның бейнесі халықтың жүрегінде мәңгілік сақталады. Менің көзім жойылғанмен, менен басқа шешен келіп, Оның есімін адамдардың жүрегінде мәңгілік жазылып қалатындай етіп уағыздайтын болады»деп сөзін аяқтады. ҮШ 64.3

Жаулары Густы соңғы рет соборға алып келді және бұл өте үлкен жиын болды. Мүнда императорлар, мемлекет басшылары, патша өкілдері, кардиналдар, епископтар, дін әкелері және әуесқой тобыр жиналды. Арының бостандығын корғап қалу жолындағы ұзақ күрестің ең бірінші ұлы құрбанын көру үшін барлық мәсіхшілер елдерінен куәгерлер келді. Гусқа соңғы сөзін айтуға кезек берілді. Бірақ Гус дегенінен қайтпады. Ол монархқа өткір көзбен қарап: «Мұнда мен өз еркіммен, осында отырған императордың қорғауға уәде берген қағазымен келген болатынмын» - деді. Жұрттың назары Сигизмундқа ауғанда, оның ұялғаны соншалық, беті қып-қызыл болып кетті. ҮШ 64.4

Гус өлім жазасына кесілді. Оның үстіне ақ жабу жабылды. «Біздің Құтқарушымыз - Исаның үстіне де жазалар алдында жаулары ақ киім кигізген болатын” - деді ол. Оған тағы да, соңғы рет, халық алдында айтқанынан бас тартуға ұсыныс жасалды. «Мен дегенімнен бас тартатын болсам, Көкке кай бетіммен қараймын? Ізгі хабар уағыздалған хапыққа не деуім керек? Жоқ, адамдардың Құдай патшалығына кіруі мен үшін өте маңызды, мен ақиқатты қорғау жолында мынау ажалды денені құрбан етуге дайынмын» - деді реформатор. Онан соң епископтар оны шешіндіріп, киімінің әрбір бөлігіне қарғыс жазды. Басына жын — шайтандардың бейнесі салынған, пирамида сияқты қағаз қалпақты кигізді. Қуанышты дауыспен Гус: «Мені кұтқару үшін Мәсіх басына тікенек тәж кисе, Ол үшін мен басыма «һарамдау” қалпағын кигеніме ризамын” - деп, жігерлене сөйледі ол. Соңында прелаттар: Сенің жаныңды әзөзілдің қолына тапсырамыз - деді. Ал Гус болса көкке назарын аударып: «Мен жанымды Құдайдың қолына тапсырдым” - деп, аққа бой ұсынды. ҮШ 65.1

Әрі қарай іске шенеуліктер кірісті. Гус өлтірілетін жерге әкелінді. Қаптаған тобыр - қарулы әскер, дін әкелері, епископтар және Констанцтың тұрғындары осы жерге бірге еріп келді. Гусқа, ашаға байлап төменнен от қойылмас бұрын, тағы да «адасушылықтан бас тарт» - деген ұсыныс жасалды. «Қандай адасушылық туралы сөйлеп тұрсыздар? Менің жазғаным да, айтқаным да шындық және оны қаныммен дәлелдеуге әзірмін” - деп жауап қайтарды ол. От тұтанып, Гус алаудың құшағында қалды. Бірақ дауысы біржола өшкенше, ол: «Дәуіттің Ұлы Иса! Маған кеңшілігіңді бере гөр” - деп, Алланың есімін қайталаумен болды. ҮШ 65.2

Оның мұншалықты каһарман қылығына Густың жауларының өзі қайран қалды. Кейіннен олардың бірі Густы және одан кейін дәл солай алауға түсiи қаза болған Иеронимді еске ала отыра былай деп жазған болатын: «Олар ажал отына түскенімен қайтпас қажырлық танытты, жандары қанша қиналса да, елгендерінше Құдайдың есімін әнге қосты және бұл әнді бірден тоқтатуға алаудың да әлі жетпеді». ҮШ 65.3

Густың денесі түгел өртеніп болған соң, оның күлін жаулары Рейн өзеніне тастады. Ал өзеннің ағысы оны әрі қарай мұхиттарға алып кетті. Дәл осылайша Густың уағыздаған хабары жер жерлердің бәріне тарай берді. Жаулары оны өлтіріп, дауысын өшірдік дегенімен, шындықты таратушылардың саны азайған жок, керісінше көбейді. Адам өлгенімен, ақиқат ешқашан өлмейді ғой. Густың өжеттігі, табандылығы, сенімі басқа жұртқа өнеге болды. Ал Рим болса, бар әлемнің алдында өзінің зұлымдық әрекеттерімен, қатыгездігімен масқараланды. Бұл әдістерімен ақиқаттың жаулары шындықтың таралуын тоқтата алмады, керісінше оған жол ашып берді. ҮШ 65.4

Алау оты бірақ адамды жұтып қойған жоқ, көп ұзамай тағы да бір адам ақиқаттың құрбаны болып, алау отына түсті. Бұл адам Иероним болатын. Ол Гуспен қоштасар кезінде оған қажырлы және мықты болуына тілек білдіріп, сонымен қатар қиындық кезінде көмекке келуге әзір екендігін айтқан. Реформатордың қамауға алынғанын естіген Иероним, уәдесін орындау үшін жедел түрде жол жүрді. Ол ешқандай қорғау қағазынсыз - ақ, жалғыз жолдасын ерітіп Гусқа көмекке келді. Бірақ оған көмек көрсете алмайтынына көзі жетті, сонымен қоса қауіп оның өз басына төнді. Енді Иероним қаладан қашпақ болды, бірақ жаулары оны үстап алып, шынжырлап Констанцқа алып келді. Собор оны «отқа тасталсын !»деген айғаймен қарсы алды. Қамауға алынған ол, қараңғы қапаста жатып, қатты азап шекті. Азық ретінде оған нан мен су ғана берілді. Бірнеше айдан кейін Иероним ауыр індетке шалынды. Ажал оны қолымыздан жұлып әкетер ме екен ?деп қауіптенген түрменің караушылары, енді оған аздап көңіл бөле бастады. Осылайша ол түрмеде бір жыл жатты. ҮШ 66.1

Густың өлімі папалықтарды күткен нәтижесіне жеткізген жоқ. Қорғау қағазының шарты бұзылғандығы көпшілік қауымды абыржытты, сол себепті собор Иеронимді алауға салмауды жөн көрді. Оған да екі ұсыныс жасалды - айтқанынан бас тарту немесе өлімге бел буу. Алғашқыда көрген азабымен салыстырғанда ажалды кұрметті қонағындай санаған Иероним, енді науқастан әлсірегендіктен, әрі жолдастарынан ажырап қамыққандықтан, Густың өлімінен қатты қобалжығандығынан бойын қорқыныш билегендігі соншалықты, соборға бағынуды жөн көрді. Уиклиф пен Гусқа шығарылған үкімді әділетті деп мойындап, католиктердің дініне бағынуға уәде берді. Осылайша Иероним арының үнін өшіріп, азаптан қашып кұтылғысы келді. Оңаша қалған Иероним өткенді ойлап, Густы, оның қайратты мінезін есіне алып, өзінің шындықтан бас тартып, Құдайға сатқындық жасағанына қатты қиналды. Бұрын оның тәні азап шеккенімен жаны Алланың шапағатына бөленсе, енді өкініш жанын жегідей жеді. Риммен келісімге тұруы үшін әлі көп нәрседен бас тартуы керек екенін жақсы ұқты. Олардың дегенімен келісу иманнан бас тарту деген сөз. Ал бұл мәңгілік өлімге апаратын жол. Осының барлығын ойлап, салмақтай отырып ол нақтылы шешім қабылдады. Аз күн тірліктегі бейнетке шыдап, Алланың сызып берген жолынан тайып кетпей жүріп отыру момындардың парызы екенін ол бұрыннан - ақ жақсы білетін. Ендігі жерде Құдайға сенімін артып, болатын іске болаттай болуы керек. ҮШ 66.2

Аз уақыттан кейін оны жаулары тағы да соборға алып келді. Иеронимнің олардың дегендерімен келіскендігі бұл жауыздарды қанағаттандырмады. Густың қанына тоймаған олар жаңа кұрбандардың қандарын төгуді аңсады, тек имандарынан бір жола бас тартқандар ғана, бұл сұмдықтан қашып құтылары айгақ болатын. Бірақ Иероним ендігі жерде олардың дегендерімен келіспейтінін және сенімінен ешқашанда бас тартпайтынын оларға жариялады. Осы жерде Иероним өзін өзі қорғауға олардың рұқсат етуін салтанатты түрде талап етті. Оның сөзінен шошынған прелаттар, реформатордан, оған тағылған кінәнің әділ немесе әділ еместігін растауын ғана сұрады. Мұндай қатыгездік пен әділетсіздікке Иероним әрине қарсы шықты. «Сендер мені 340 күн бойы қараңғы, лас, сасық қапаста ұстадыңдар. Ендігі жерде менің жауларымның көңілінен шығу үшін мені тыңдаудан бас тартып тұрсыңдар. Егер сендер шынымен дана болсаңдар, өздеріңді дүниенің жарығымыз - деп есептесеңдер, онда байқаңдар, шындыққа қарсы шығып күнәкар болып жүрмеңдер. Мен болсам, өлім тұзағы мойнында тұрған бейшарамын, әділетсіз шығарылып тұрған үкімге өзім үшін емес, өздерің үшін қарсылық білдіремін» - деді. ҮШ 67.1

Осылайша оның өтініші қанағаттандырылды. Иероним сот мүшелерінің көзінше Құдай алдында тізе бүгіп, Киелі Рухтың оны қолдауын өтінді. Сол күні Алланың тұңғыш оқушыларына берген уәдесі орындалды. «Мен үшін сендер патшалар мен билердің алдына барасыңдар, сол кезде не айтам деп қам жемеңдер, өйткені өздерің емес, сендер үшін Киелі Рух сөйлейтін болады» (Матай 10: 18 - 20 ). Иеронимнің сол күні сөйлеген сөздері жауларын қатты таң қалдырды. Ол бір жыл бойы оқуға, жан жағын бақылауға мүмкіншілігі болмай, арып - ашып қасірет шеккен адамға емес, керісінше сол жыл бойы ғылыми тәрбие алып, білім деңгейін көтерген адамға ұқсады. ҮШ 67.2

Әрбір ұрпақтың заманында оларды ұлы істерге шабыттандырып, түзу тәрбие берген адамдар болған, олар қоғамнан қорлықпен қуғындалған, ал уақыт өте келе оларды қоғам қайра дәс көтерген. Тіпті әлемнің Құтқарушысы - Мәсіхтің Өзі зұлым деп айыпталып, Оған әділетсіз үкім шығарылды емес пе? ҮШ 67.3

Алдында Иероним әлсіздік танытып, Гусқа шығарылған үкімді әділетті деп мойындаса, енді барша халықтың алдында, дегенінен бас тартып, оның кінәсіз екенін жариялады. «Мен Густы бала күнімнен білемін. Ол өте әділетті, ары таза, киелі адам болатын. Мен жауларымның алдында оның таза және оған әділетсіз үкім шығарьшғандығын айта отырып, ақыр заманда Алланың жер бетіне келетінін, Оны ешкімнің де алдай алмайтындығын және Оның алдында әрбір адам баласы істеген ісіне қарай жауап беретіндігіне кепілдік беремін». ҮШ 67.4

«Бала кезімнен бері менің жасаған күнәларымның ең ауыры досыма сатқындық жасағаным, өйткені мен ажал алдында қатты сескендім, сол үшін сіздердің көздеріңізше Жаратқан Иемнен кешірім сұраймын» - деді. Сонан соң сот мүшелеріне қарап, ол, сөзін тағы да жалғастырды: «Сіздер Уиклиф пен Ян Густы шіркеу ілімін бұрмалағаны үшін емес, дінді өз қолымызда ұстап тұрмыз деушілердің азғындығын, өркөкіректігін, сараңдығын және тағы да басқа масқара қылықтарын әшкерелегендері үшін өлтірдіңіздер»деп, тақуаларға артқан қамыттарын өз мойындарына ілді. Сол - ақ екен ашуға тұншыққан прелаттар: «Осыдан артық қандай дәлел керек? Сіздердің алдарыңызда шіркеу ілімін бұрмалаушы нағыз есерсоқ тұр” - деп оның сөзін бөліп жіберді. Иероним болса, сабырлы үнмен сөзін қайта жалғастырды: «Мені өлімнен қорқады екен деп ойламаңыздар. Сіздер мені ажалдан он есе қорқынышты сасық қапаста ұстадыңыздар. Кеудесінде жаны бар демесеңіздер, тәнімнің көрмеген азабы жоқ, бірақ мен наразылық білдірейін деген ниетте емеспін, тек мәсіхшіге соншалықты қатыгездік жасағандарыңызға таң қаламын” - деді. ҮШ 68.1

Сол-ақ екен тағы да наразылықтың дауылы көтерілді, ал Иероним қайрадан зынданға тасталды. Оның айтқан сөздерінің кейбір азаматтардың көкейіне қонымды болғаны соншалықты, олар түрмеге бірнеше рет келіп Иеронимді құтқарып қалуға қайта - қайта қам жасады. Көрнекті сановниктер* келіп, оны шіркеуге бағындырмақшы болды. Оған жарқын болашақты суреттеп, тәтті лебіздерімен алдап собормен келісімге келтіреміз деп ойлады. Бірақ Иероним айтқанынан қайтпады. «Менің айтқан сөздерімнің қате екенін Киелі Жазба арқылы дәлелдеп беріңіздер, сонда мен сіздермен келісейін” - деді ол. ҮШ 68.2

«Киелі Кітап! Оны шіркеусіз кім ұға алады?» - деп айғайлап жіберді әзәзілдердің бірі. Адамдардың салт-дәстүрлері Құтқарушымыздың Ізгі хабарынан артық болғаны ма сонда? - деп жауап берді Иероним. Пауыл пайғамбар не деп жазды? Салт дәстурлерге емес, Құдай сөзіне сеніңдер деген жоқ па? Сонда ол «сен есерсоқсың» - деген жауап алды. «Бойыңды жын билеп алған екен, сенімен уақытымды бекер өткізіппін» - деп ызаға булықты сановник. ҮШ 68.3

Иероним өлім жазасына кесілді. Оны да Густы өлтірген жерге алып келді. Жол бойы реформатор ән салып отырды, оның күллі назары Исаға ауды, сол себепті де ол ажалдан енді қорықпады. Жендет отты артынан қоймақшы болып еді, Иероним оған: «алдымнан келе бер, егер мен қорықсам, бұл жерге жетпеген болар едім» - деп дауыстады. Алау оты оның жан жағынан көтеріле бастағанда Иероним соңғы сөзін айтты: «Жаратқан Жалғыз Ием! Маған мейірім етіп, күнәларымды кешіре гөр, Сенің ақиқатыңа мен әркашанда сүйсінетінмін, оны Өзің білесің”. Осылайша халықтың камын ойлаған тағы да бір азамат зұлымдықтьщ құрбаны болды. Жаулары соңынан оның да күлін жинап алып, өзенге ағызып жіберді. Бірақ жер мен күннің қозғалысын ешкім тоқтата алмайтыны секілді, ақиқаттың үнін де өшіру мүмкін емес еді. ҮШ 68.4

Густың қазасы Богемияда қобалжу туғызды. Барлық халық оның өлімін императордың сатқындығы мен дін әкелерінің қатыгездігінің нәтижесі деп есептеді. Ол ақиқаттың ұстазы деп атанып кеткен болатын, сол себепті оны өлім жазасына кескен собор кісі өлтірушы деп айыпталды. Кезінде папа Уиклифтің еңбектерін өртетіп жіберсе де, аман қалған кітаптары халық арасына кеңінен тараған болатын, енді жұрт оны тығып тастаған жерлерінен алып шығып, Киелі Кітаппен қатарластырып оқып, осылайша көптеген жандар реформаторлық дінді қабылдады. ҮШ 69.1

Густың жаулары болып жатқан оқиғаны бақылап отыруға дәттері жетпеді, император мен папаның басқаруы бойынша, бұл қозғалысты басып тастау үшін Сигизмунд сарбаздарымен Богемияға шабуыл жасады. ҮШ 69.2

Бірақ оларды қорғаушы да табылды. Богемия әскерін басқаруға сол кездің көрнекті генералдарының бірі Жижка шықты. Көп ұзамай генерал көзінен айрылып, сокыр болып қалды. Соған қарамастан Құдайдың әділдігі мен күшіне сенген бұл жандар жауларына ойсырата соққы берді. Император неше рет жаңа қарулы күштерін жіберген сайын, сонша рет олар жеңіліске ұшырап, масқара болып кері қайтып отырды. Соғыс басталғаннан бірнеше жылдан кейін Жижка қаза болды, оның орньгаа дарындылығы бұрынғы генералдан артық болмаса кем түспейтін, өнерлі, ержүрек генерал Прокоп келді. ҮШ 69.3

Соқыр жауынгердің қаза болғанын естіген богемияның жаулары, енді оларды басып тастайтын уақыт туды деп есептеді. Осылайша папа Густың ізбасарларына қанды жорық жариялады. Ол Еуропаның көпшілік елдерінен қару - жарақ, құралсайман, әскер жинады, сонымен қоса оның туының астына богемияның жеңілісін көргісі келгендер де жиналды. Папа әскерін жарақтап алып тағы да шабуылға аттанды. Екі жақтан екі әскер бір біріне қарама - қарсы жақындай түсіп, өзеннің екі жағына келіп гоқтады. Әрине күш жағымен салыстырғанда қанды жорықшылар өте мықты болатын, десе де өзеннен өтіп богемиялықтарды жайпауға тиісті болған әскер неге екені белгісіз кенеттен өздерінен өздері байбалам салып қаша жөнелді. Густықтар оларды қуып жетіп, қатты соққыға ұшыратты. Осылайша бұл соғыс богемиялықтарға жоқшылық емес, керісінше байлық әкелді. ҮШ 69.4

Осыдан бірнеше жыл өткен соң жаңадан келген папа богемиялыктарға тағы да қанды жорық жариялады. Бұл жолы да ол барлық Еуропадан өзіне күш жинады, сонымен қоса «осы жорыққа қатысқандарға ең жиіркенішті деген күнәлары кешіріледі, өлгендер бірден жұмаққа барады, ал тірі қалғандары үлкен қазынаға ие болады»деген уәде берілді. Тағы да үлкен әскер шекараны басып өтіп Богемияға шабуыл жасады. Густықтар оларды ішке қарай кіргізіп алу мақсатында әдейі шегіне түсті. Ақыры Прокоптың әскері жауменен шайқасқа түсу үшін тоқтады. Олардың жаулары болса осы кезде ғана өз қателіктерін ұғып, әскери ұстанымға көше бастады. Дегенмен густықтар жиектен көрінбей жатыпақ, олардың жақындап келе жатқанының дүбірін естіген қанды жорықшылар сасқалақтай бастады. Кенеттен олардың генералдары да, қатардағы жауынгерлері де каруларын тастап жан-жаққа қаша жөнелді. Бұл масқараға кедергі жасай алмаған папаның легатының* өзіне де олармен қосылып қашуына тура келді. ҮШ 70.1

Осылайша Еуропаның ең күшті деген мемлекеттерінің ең мықты деген жауынгерлері азғантай ғана мемлекеттің шамалы ғана қолынан қорқып қашып, екінші рeт жеңіліске ұшырады. Ал олардың байлықтары тағы да густықтардың қолында қалды. Бұл жолы да шапқыншылардың табиғидан жоғары күштің әсерінен жеңіліске ұшырағандары белгілі болды. ҮШ 70.2

Қара теңізді қақ жарып, өз халқын өткізіп, перғауының әскерінің күл талканын шығарған, мидиялықтардың әскерін Гедеоннан қашуға мәжбүр еткен, бір түннің ішінде менменшіл ассириялықтарды ыдыратып жіберген Ұлы Күш, Қайратты Білек осы жолы да өз халқына көмекке келді. «Сен оларды масқаралайсың, өйткені Құдай оларға қарсы, Алла олардың сүйектерін үгітіп жібереді, қорқыныш жоқ жерде, ретсіз қорқатын болады» - делінген (Жыр. 52:6). ҮШ 70.3

Енді папа оларды күшпен жеңе алмайтынын білген соң, жіңішкелеген саясатқа кірісті. Формалды түрде богемиялықтардың бостандықтарын қамтамасыз ететіндей шарт бекітілді, бірақ шын мәнінде олар бәрібір Римге бағынатын болды. Богемиялықтар келісім шартты бекіту үшін төрт тармақты енгізуді талап етті: Киелі Жазбаны ашық уағыздау, Құдайға мінәжат етуді өз тілдерінде өткізу, үкімет ұйымдарын басқаруға діндарларды жақындатпау, заңды бұзған дін әкелерін халық сотына тапсыру. Папалықтар бұл тармақтармен келісе отырып, олардың талқылануларын собордың билігіне калдырды. Ол дегеніміз негізгі, маңызды сұрақтарды собор шешеді деген сөз, яғни соңғы сөз папа мен императордікі болмақ. Густықтардың талап еткен төрт тармағын талқылауға хұқық алған собор, Киелі Кітапты да өз еркінше талқылауға құқык алды, осылайша папалықтар өз максаттарына жетуді ойлады. ҮШ 70.4

Мұндай келісім шарттың қауіпті екенін байқаған богемиялықтардың басым көпшілігі оған қарсы болды. Енді олардың арасында алауыздық пайда болып, ол қантөгіске әкеліп тіреді. Осы қантөгіс кезінде генерал Прокоп қайтыс болып, Богемия бостандығынан айрылды. ҮШ 71.1

Гус пен Иеронимді қазаға ұшыратқан Сигизмунд Богемияның патшасы болып тағайындалды. Богемиялықтардың құқығын қорғауға серт берген ол, сөзінде тұрмай, керісінше папаның күшінің бекуіне әсерін тигізді. Римнің алдында жантықтанғанымен, оның тапкан пайдасы шамалы еді. Жиырма жыл бойы оның өмірі кауіп пен қобалжуға толы болатын. Ұзақ уақытқа созылған нәтижесіз соғыстар оның қазынасын шашқызып, әскерлерін тоздырып кұртты. Бір жыл ғана патшалық еткен Сигизмунд мемлекетті азаматтық соғыстың шетіне әкеліп тіреп, өз есімін өзі масқаралап, ақыры өліп тынды. ҮШ 71.2

Богемияда қантөгіс шайқас жалғаса берді және мұнда жатжерлік әскерлер келіп кірді. Олардың өз араларындағы алауыздық ұлтты қайыршылыққа ұшыратты, ал Құдай жолында жүрген шамалы кауым қуғын-сүргінге үшырады. Богемиялықтардың басым көпшілігі Риммен келісім шартқа тұрған кезінде, оған қарсы болған адамдар «біріккен ағайын» деген атпен жеке шіркеу ашып бөлініп кеткен болатын. Бұл қылықтары оларды барша халыққа жек көрінішті етті, бірақ соған қарамастан олар қажырлық танытты. Құдайға бірігіп мінәжат ету үшін, Киелі Кітапты оқып зерттеу үшін олар ормандарды, тау мен тасты, үңгірлерді паналап, босып кетті. ҮШ 71.3

Жер жерлерге жіберілген қүпия хабаршылар арқылы олар басқа елдерде де бұлар секілді қуғынға ұшырап жатқан ақиқатты жақтаушы азаматтар барын естіді. Ал Альпада Киелі Кітапты басшылыққа ала отырып, Римнің салт - дәстүрлеріне қарсы шыққан шіркеу барын білді. Бұл жаңалықтар олардың еңсесін көтертіп, қатты қуантты. Осылайша богемиялықтар вальдендіктермен тығыз қарым-қатынас жасады. Богемиялықтардың үлесіне қатыгез жеребе* түскенімен, ақиқатпен тығыз байланыста болған олар, Густың «түн өтіп, күн шығар” деген сөзін естерінде мықты сақтады. ҮШ 71.4

Бұл сөз оларға Жүсіп пайғамбарының кезінде халқына айтқан: «Мен өлермін, бірақ Шексіз Алла Өз халқын түнектен алып шығады» деп айтқан сөздерімен бірдей болатын. ҮШ 71.5

XV ғасырдың аяғында «Біріккен ағайын» атты шіркеудің саны өсті. Олар бұрынғысынша қуғындалғанымен, тым қатты жазаланған жоқ. XVI ғасырдың басында Богемия және Моравий елдерінде 200 тақау шіркеу саналды. Гус айтқан таңның жарығын от пен найзадан аман қалған, Алланың осы ізбасарлары қарсы алды. ҮШ 71.6