ҮЛЫ ШАЙҚАС

43/43

42-тарау - Шайқастың соңы

Мың жыл аяқталғаннан кейін Иса Мәсіх Өзінің халқымен және періштелерімен қайтадан жер бетіне келеді. Ол келген соң барлық арсыздарды оятады. Олардың сандарының көп болатындығы соншалықты, жағалауда шашьшып жатқан құмменен ғана салыстыруға келеді. Алғашқы тірілу кезіндегі оянғандардың түрлерімен бұларды салыстыру тіпті мүмкін емес. Тақуаларға мәңгілік жастық пен сұлулық беріледі, ал арсыздардың түрлерінен ауру мен өлімнің ізі көрініп тұрады. ҮШ 430.1

Барлықтарының бет жүздері Құдайдың Үлының даңқына бағытталған. Арсыздар: «Алланың атымен Келе Жатқан баталы болғай!” деп айқайлайды. Бұл сөздерді оларға айтқызып тұрған Исаға деген сүйіспеншіліктері емес, ақиқаттың күші. Арсыздардың ішкі дүниелері өзгеріссіз сол қалпында калады. Енді олардың кесірлерін түзейтін уақыттары да, мүмкіншіліктері де жоқ. Олар тәубәларына келген де емес, келем деп ойлаған да емес. Арсыздарға гағы да уақыт берілген күннің өзінде, ештеңеде өзгермейді, барлығы боз баяғы қалпында қалады. ҮШ 430.2

Мәсіх бір кездері Өзі көтеріліп кеткен Зәйтүн тауының үстіне қайта түседі. Пайғамбар: «Жаратушы Иеміз киелілерін ерітіп келе жатыр, Оның аяғы Зәйтүн тауының үстін қайтадан басатын болады. Зәйтүн тауы қақ жарылып үлкен жазыққа айналады» - дейді. ҮШ 430.3

«Сол күні Жаратқан Ие бірден-бір Қүдай болып, жалғыз Оның есімі ғана мадақталатын болады Құдай бір және бүкіл жер бетінің Патшасы Өзі болады» (Зәк. 14:5,4,9). Сонан соң әдейілеп дайындаған жерге аспаннан жарқыраған сұлу қала Жаңа Иерусалим түседі. Мәсіх Өзінің халқымен және періштелерімен қасиетті қалаға кіреді. ҮШ 430.4

Шайтан болса Ғаламның билігін колына алу мақсатында соңғы шайқасқа дайындалады. Ол жер бетінде жалғыз қалған кезінде өте аянышты күй кешсе, енді құдайсыздардың тірілгенін көріп үміті жанданады және соңғы шайқаста берілмеудің қамын ойластырады. Шайтан үнемі пайдаланып жүрген қатыгез айласын пайдаланып, шын мәніндегі кім екенін білдіртпей, өзін осы әлемнің билеушісі қылып көрсетеді. Арсыздарды көрден тірілтіп шығарып алған да өзі секілді сыңай танытып, олардың барлығын өз күшімен шабыттандырады, әлсіздерін күшті етеді. Қайта тірілген құдайсыздардың миллиондаған саны оның өзін де құлшындырады. Солардың көмегімен тағымды және патшалығымды қайтарам деп ойлайды. Бұл қара құрттай қаптаған арсыз тобырдың ішінде топан суынан бұрын өмір сүрген дәулер де болады. Олардың ой - өрістері ете кең болған, дегенмен ібілістің жетегінде кеткен бұл жандар білімдері мен қабілеттерін өздерін өздері дәріптеуге жұмсаған. Өз заманында олар өнер біртұмаларын ойлап шығарған, кемеңгерліктерінің алдында әлем бас иген. Дегенмен олар өздерінің қатыгездіктерімен және хайуандық өнертабыстарымен жерді арамдаған, Құдайдың бейнесін өзгерткен. Бұлардың іштерінде атақты патшалар, ешбір шайқаста жеңіліп көрмеген қолбасшылар, түрлерінен патшалықтар қорқатын ержүрек сарбаздар да бар. Ажал оларды өзгертпеген. Өлерінің алдында қандай оймен кетсе, сол оймен қайта оянған. Жауласуға деген озбырлықтары да сол қалпында, өзгермеген. ҮШ 430.5

Ібіліс өзінің жындарымен және жердің патшаларымен кеңес қүрып, олардың күші бізге қарағанда аз, өйткені біз көппіз, сондықтан біз оларды жеңе аламыз деген шешімге келеді. Өнерлі жарақшылар сайман, қару жарақ жасаумен айналысады. Жеңістерімен атақтары шыққан әскер басшылары сарбаздарын сапқа тұрғыза бастайды. ҮШ 431.1

Акыры шабуылға шығуға бұйрық беріледі. Ешқашан соғыстар басталғалы ешкімде мұнша әскер болып көрген емес. Бұл барлық замандардағы күштердің біріккен әскері болады. Әскер алдына ең мықты қолбасшы ібіліс өзі тұрды. Олар ойрандалып қалған жердің бетімен қалаға қарай жүріп келеді. Сонда Исаның бұйрығымен Жаңа Иерусалимнің қақпалары жабылады. ҮШ 431.2

Қаптаған қара тобыр бас салмақ болып қаланы қоршап алады. Исаның жаулары Оның жүзін тағы да көреді. Қаланың жоғарғы жағынан негізі алтыннан құйылған биік тақ көрінеді. Тақтың үстінде Құдайдың рухани Ұлы отыр, маңайын қоршаған Алланың патшалығының азаматтары. Бұл көріністің сұлулығын бірде қалам жазып, бірде тіл айтып жеткізе алмайды. Әкесінің даңқы Баласын қоршап тұр. Оның нұры бүкіл қаланы толтырып, қақпалардан етіп, барлық жерді жарқыратып жіберді. Тақтың жанында бір кездері шайтанға қызмет етіп, кейіннен тәубасына келіп, шынайы ниетпен Алланың соңынан ергендер де бар. Олардан кейін алдап - арбау мен сатқындықтың ортасында жүріп, бүкіл әлем Құдай заңын керексіз деп жариялағанда, Аллаға деген адалдықтарынан айнымай, кемеліне келгендер түр. Одан әрі барлық ғасырлардағы Құдай үшін шайқасып, шейіт болғандар тұр. «Co- нан соң қарасам ешбір адам баласы санына жете алмайтындай өте үлкен қауымды көрдім. Олар әрбір ұлттан, халықтан, тілден, тайпалардан шыққандар... тақ пен Тоқтының алдында ақ шапан киіп, қолдарына кұрма ағашының бұтақтарын ұстап тұр екен» (Аян 7:9). Қолдарында ұстаған құрма ағашының бұтақтары салтанаттылықтың рәмізі, ал үстеріндегі ақ жамылғылары (шапандары) әуелдегі Мәсіхтің, сонан соңғы өздерінің тазалықтарының белгісі. Осы қауым қатты дауыспен Аллаға арналған мадақтау әнүранын орындады: «Құтқарылу - тақта отырған Құдайымыз бен Тоқтының билігінде” (10-шы өлең). Сонда ақталғандар ібілістің күші мен ашуын көреді және өздерінің тек Мәсіхтің арқасында ғана жеңіске жеткендерін бұрынғысынан да жақсы түсінеді. Осы қауымның ішінде бірде бір жан өз еңбегіммен жеңіске жеттім деп айтпайды. Қандай еңбек істегендері жvне қанша қасірет шеккендері жайлы сөз қозғалмайды. Мадақ бүкіл әлемнің Жаратушысы - Аллаға ғана тән екенін барлығы жақсы біледі, Оның есімін ғана дәріптейді. Енді патшалардың Патшасы, Оның билігіне қарсы шыккандарға, қасиетті заңын таптап, халқын қорлағандарға әділетті үкім шығарады. Құдайдың пайғамбары: «Бұдан кейін мен үлкен ақ тақты және оның үстінде Отырғанды көрдім. Жер мен көк Оның қасынан қашып, оларға орын табылмады. Үлкенді - кішілі өлген адамдардың тақ алдында тұрғандарын байқадым. Кітаптар ашылып, ерекше бір кітап - мәңгілік өмір кітабы да ашылды. Өлгендер сол кітаптарда жазылған, өздері тірі кездерінде жасаған істеріне сай сотталды» дейді (Аян 20:11,12). ҮШ 431.3

Кітаптар ашылып, Иса олардың жүздеріне қараған кезде, арсыздар ездерінің істеген күнәларын естеріне алады. Түзу жолдан бас тартып, Құдай заңын бұзғандарын, Алланың төгіп тұрған шапағатын пайдаланбағандарын, Құдайдың елшілерін (хабаршыларын) жек көргендерін, Алланың мейірімінің толқындары олардың тас болып қалған жүректеріне соғылып, кері қайтқанын ез көздерімен көретін болады. ҮШ 432.1

Тақтың алдынан айқыш ағаш көтеріледі. Осы жерде Адам атадан бастап ұлы құтқарылу жоспарының барлық оқиғалары сахналанып көрсетіледі. Құтқарушының туылғаны, Оның жастық шағы, Иорданда өткен шомылдыру рәсімі, Жарылқаушы Құдай Иенің мейірімі мен сүйіспеншілігін ашьш көрсеткен Исаның уағыздары мен рухани қызметі, Оның халықтың тілегін тілеп, жалғыз отырып өткізген ұйқысыз түндері, көре алмағандықтың салдарынан оған қарсы кұрылған қастандық, Оның мейірімділігіне қайтарған адамдардың зұлым сыйлары, Гетсимания бағындағы бар әлемнің күнәсі үшін басынан кешкен азапты қасіреті, Оның канішср тобырдың қолына тапсырылғаны, сол түні басынан өткерген сұмдық оқиғалар, надан тобырдың Оны Пилатқа қалай алып келгені, қорқақ және қатыгез Иродтың алдында мазақ етіліп, азапталып өлім жазасына ұсынылғаны - осының бәрін адамдар өз көздерімен көреді. ҮШ 432.2

Онан соң шыдамды Қорланушының Ғолғотаға бара жатқан жері, көктің Патшасының айқыш ағашта шегеленіп тұрғаны, менменшіл діндарлар мен ұятсыз тобырдың Оның өлім алдындағы азабын қызықтағаны, сол уақыттағы жердің бетін жауып тастаған түнек, сілкінген жер, сынып жатқан таулардың дүрсілі, әлемнің Құтқарушысының жан тапсырған кезіндегі өлгендердің қайта тірілгені... корқыныштан дірілдеп тұрған тобырдың алдынан осы оқиғалардың барлығы бірінің соңынан бірі өтіп жатады. Шайтан, оның жындары және солардың жағына шыққан адамдар бір кездері істеген істерінен көз ала алмай, сахнаға қадалып қалады. Әркім осы шайқастағы өзінің ойнаған ролін көреді. Ирод, оның бұйрығымен Вифлеемде өлтірілген кінәсіз нәрестелер, Жохан пайғамбарының қанын арқалаған сатқын Иродиада, жағдайлар мен уақытқа сай икемделіп тұратын олқы мінезді Пилат, арсыз сарбаздар, дін қызметкерлері, «Оның қаны біздің және біздің ұрпақтарымыздың мойнында» деп айқайлаған ессіз тобыр мен оның көсемдері өздерінің қатыгез кінәларының нәтижелерін көріп тұрады. ҮШ 433.1

Тақуалар «Ол біз үшін жанын берді!» деп, Исаның аяғына тәждерін тастап жатқанда, құдайсыздар Онын жарқыраған нұрынан тығыламыз деп бекер әуре болады. ҮШ 433.2

Ақталып шыққан Құдайдың халқына келетін болсақ, олардың ішінде Исаның шәкірттері - ержүрек Пауыл, қызу қанды Петір, бауырмал Жохан, сол сияқты Алла үшін азап шегіп, елген шейіттер барын көреміз. Ал қаланың сыртында оларды қуғындағандар, тұтқынға алып өлтіргендер, бойларын неше түрлі кесірлер кернегендер тұр. Солардың қатарларында қьшмысы әлемді сескендірген хайуан Нерон да бар. Сонда ол бір кездері өзі азаптаған, жандарының қиналғанын көріп соған рахаттанған тақуаларды көріп, олардың қуанышы мен бақытына куә болады. Осы арада оны сұмырай қылып тәрбиелеген, мінезінің қатыгез болып қалыптасуына әсерін тигізген анасы да бар. ҮШ 433.3

Сол сияқты өздерін Мәсіхтің елшілеріміз деп жариялаған папаның қызметкерлері мен прелаттар да, өздерін Құдайдан жоғары санаған өзімшіл папалар да осында. Бұл, бір кездері шіркеудің аталары атанғандар, енді Құдайдың алдында есеп береді. Құдайдың Өз заңының қорғаушысы екенін және кінәліні ешқашанда ақтамайтыны бұлар кеш ұғады. Сонда ғана олар Мәсіхтің: «Менің мына бауырластарымның тіпті ең маңызсыз болып көрінген біреуіне жасаған жақсылықтарыңды шын мәнінде Маған жасағандарың!” деген сөзінің күшін сезінеді (Матай 25:40). ҮШ 433.4

Көктің билігіне сатқындық жасағандардың бәрі Құдайдың сотына тартылады. Олардың қорғаушылары жоқ, ақтала алмайды және оларға шығарылатын үкім «мәңгілік өлім”. Енді олар «күнә үшін жаза - өлім» деген сөздерді айқын түсінеді. Құдайсыздар оларға неше рет ұсынылған «мәңгілік бақытты” қолдарымен қағып салып отырды. Олардың барлығы «мен бейбітшілікті, шынайы бақытты, арұжданды, намысты, ізеттілікті торығуға, бақытсыздыққа және қорлыкка айырбастаппын” - деп өкінетін болады. Және де көктің шығарған үкімінің әділетті екенін жақсы түсінеді. Олар өмір бойы: «Иса деген адамның біздің патшамыз болғанын қаламаймыз» деп арыз тастаған болатын. ҮШ 434.1

Енді арсыздар Құдайдың рухани Ұлының патшалығына сиқырланып қалғандай қадалады. Бұлар Оның қолындағы Құдайдың қасиетті заңы жазылған тас тақташаларды көріп, бір кездері Алланың парызын орындаудан бас тартқандарын естеріне алады. Сырлы, сүлу, сазды ән естіліп, тақуалардың қуанышты дауысы шыққанда, қақпаның сыртында тұрғандар: «Сенің істерің қандай тамаша Жаратушы Құдай! Сенің жолың ақиқат, пәк және әділетті!” деп, өмір Ханзадасына бас иетін болады. ҮШ 434.2

Исаның ұлылығы мен атағын көргенде ібілістің төбесінен жай түскендей қалшиып қатып қалады. Бір кездері сұлулығы көз тартатын сымбатты періште өзінің қайдан кұлағанын есіне алады. «Таң нұрының баласы» қалайша өзгерген! Қалай ғана құлаған! Бір кездерде ардақты болған, сый құрметке бөленген періште көктің кеңесінен бір жола шығарылған болатын. Енді ол керемет мүсінді, өте сүлу періштенің оның орнын басып, Исаның басына тәжін кигізіп жатқанын көріп, бұл жоғарғы атақ маған - ібіліске тиесілі болушы еді деп ойлайды. ҮШ 434.3

Ол өзінің Құдайға қарсы шығып, Исаға күншілдік жасағанға дейін ішкі дүниесінің таза, кінәсіз, пәк болғанын есіне алады. Алла оған кеңшілік жасап тұрғанның өзінде, періштелерді азғырып, өз жағына шығару үшін қандай азғын, айла-тәсілдер жасағаны көз алдына келеді. Барлық істеген істері бірінің соңынан бірі - халықтарды жауластырғаны, сұмдық азапты өлімдер, патшалықтардың пайда болуы мен кұруы, неше түрлі көтерілістердің ұзын тізбегі, революциялар мен қақтығысулар оның көз алдынан етіп жатады. Ол Мәсіхтің жұмысына кедергі жасап, адамдарды күнәнің тұңғиығынан шығармай тұншықтырғанын және соған қоса Исаға сенгендерге ешқандай билігін жүргізе алмағанын есіне түсіреді. Артына көз сала келе езінің істеген істерінің жемісін көреді. Ол қанша жерден арсыз- дарды «мына қаланы жаулап аламыз» - деп алдағанымен, мұнысының жай ғана әрекет екенін езі жақсы біледі. Осы ұлы шайқаста неше рет жеңіліске ұшырап, кейін шегінгені және сол сияқты Жаратушының ұлылығы мен күші де оған мәлім. ҮШ 434.4

Ұлы көтерілісші Құдайдың билігіне қарсы шығып және шайқастың туындауына Тәңірді кінөлап, өзін үнемі ақтап алуды көздеген болатын. Сол үшін бар ақылы мен күшін жұмсаған. Жүйелі жоспар құрып, ойланып отырып жұмыс істеп, таңқаларлық жемістерге ие болған. Адамдарды алдап өзінің көзқарасын қабылдатуға бейімдеген. Бірақ ақыр соңында Мәсіхті тағынан құлатып, Оның халкының көзін жойып, қасиетті қаланы жаулап аламыз деген әрекетімен езін өзі әшкерелейді. Онымен біріккендер жеңіліске ұшырағандарын өз көздерімен көреді. Мұны көрген Исаның ізбасарлары мен періштелер де ібілестен жүректері айниды. ҮШ 435.1

Көктегі ғажайып үйлесімділік, тазалық шайтанға ұнамаған болатын. Ол Құдайға тісін қайрап, күшін шыңдап, көтерілісті бастаймын деп, көкте өмір сүру құқығынан бір жола айрылды. Ендігі жерде оның мейірімділік пен әділеттілікке қарсы сөз айтуға шамасы жоқ. Құдайға жапқан пәлесі айналып өз басына келді. Шайтан енді басын иіп, өзіне шығарылған үкімнің әділетті екенін мойындады. ҮШ 435.2

«Жаратқан Ие, кім Сенен корықпас? Сенің атыңның ұлылығын жариялаудан кім бас тартпақ? Жалғыз Сен ғана толықтай касиетгісің! Барлық халықтар Сенің алдыңа келіп, бас ұрып ғибадат ететін болады. Себебі Сенің әділ үкімдерің айқын болды” (Аян 15:4). Ақиқат пен адасушылыққа қатысты барлық сұрақтар айқындалды. Бар ғалам Құдайдың билігі мен ібілістің билігінің нәтижелерін көрді, оны өзінің істеген істері соттады. Құдайдың даналығы, мейірімділігі, әділеттілігі толық айқындалды. Құдай Өзі жаратқан пенделерінің және бар ғаламның бақытын көздегені бәріне айғақ болды. «Барлық киелілер Сенің істеріңді мадақтап, Саған батасын беріп, атағыңды асыра берсін» (Жыр. 144:10). Күнәнің тарихы Алланың жаратқан жан иелерінің бақыттарының Оның заңымен тікелей байланысы барын дәлелдейді. Бар ғалам, Тәңіріне адалдығын сақтаған пенделер және көтерілісшілер бір дауыспен: «Киелілердің Патшасы! Сенің жолың акиқат және дұрыс” деп мойындайды. ҮШ 435.3

Бар ғаламға Әкесімен Баласының қандай құрбандық жасағаны анық көрсетіледі. Мәсіхтің Өзіне тиесілі орнын алатын уақыты келді. Оның атағы шығып, Есімі дәріптеледі. Осы болатын қуаныш үшін Ол масқараланып, ауыр күнәні мойнымен көтеріп, айқыш ағаштың азабынан өтті. Ол қасірет шегіп қорланғанымен, казіргі қуанышы мен даңқы сөзсіз жоғары. Ол ақталғандарға қарап, барлығының Өзінің патшасына ұқсап тұрған жүздерін көріп, олардың Құдайдың кемелденген мөріне ие болғандарына қатты қуанады. Өзінің ерлігінің нәтижесіне рахаттана қарайды. ҮШ 435.4

Сонан соң Ол: «Мінекей Менің қаныммен ақталғандар! Олар Менімен мәңгі бірге болу үшін азап та шектім, жанымды да қидым»дейді. Сол кезде тақтың жанында ақ шапандар киіп тұрған ақталғандар салтанатты түрде мадақтау әнүранын орындайды: «Құрбандыққа шалынған Тоқты билік пен байлықты, даналык, пен кұдіретті, құрметтеу, ұлылық, дәріптеуді қабылдауға әбден лайықты” (Аян 5:12). ҮШ 436.1

Шайтан Құдайдың әділеттілігі мен Мәсіхтің жоғарғы билігін мойындағанымен, оның ішкі дүниесі өзгеріссіз қалады. Бойын ашу кернеп кеткен ол соңғы шайқаста Көктің Патшасымен айқасқысы келеді. Сонан соң өзінің азаматтарын қоздырып, дереу шайқасты бастауға көндірмекші болады. Шайтанның көтерілісіне қатысқан санаусыз халықтың бірде бірі ендігі жерде оның билігін мойындамайтынын көрсетеді. Ібілістің билігі тамамдалды. Арсыздар Құдайды шайтанмен бірдей жек көргендерімен, өздерінің әлсіз жағдайын көріп, үміттері өшіп, Алланы жеңе алмайтындарын ұғады. Әзәзіл мен оның жындарына өштері оттай лаулаған жүгенсіз тобыр оларға қатты ашумен қаһарлана бас салады. ҮШ 436.2

«Ақылынды Құдайдың ақылымен қатар қойғаның үшін Мен өзге жердің жауыз халықтарын саған қарсы алып келемін, олар сенің даналығың мен жетістігіңе қарсы қылыштарын қынабынан шығарып, өзіңді көрге тығып кұртады” «Жанып тұрған тастардың ортасында жүрген періште едің, арамдығың үшін Мен сені жерге түсірдім, енді жердің патшаларына мазақ етуге беремін. Барлығының көз алдында өзіңді сұмдық жағдайға ұшыратамын, күлге айналдырып, мәңгілікке көзіңді жоямын» дейді Алла (Езк. 28:7,8,16-19). ҮШ 436.3

«Әскердің жер таптаған етіктері, әрі қанға малынған киімдері енді өртеуге белгіленеді, бәрі де отқа жем болып кетеді. Өйткені Құдайдың қаһары барлық халықтарға төгілді, Ол бұларды қарғысқа ұшыратып, ыстық желмен қақтайды, төбелерінен қара май мен отты жаңбырды төгеді - олардың еншісі осы” (Ишая 9:5;34:2. Жьф. 10:6). Содан төбеден от түседі. Жер жарылып, оның қойнауында жасырынып жатқан қарулар шығарылады. Барлық тұңғиықтардан жұхып әкететіндей жалынды тілдер пайда болады. Тіпті тау менен тастар да өртеніп жатады. Табиғат апаттары жерді алай түлей ойрандайды. Сол күні аспан қатты шумен жоқ болып, дүниенің құрамдас бөліктері өртеніп қүрып кетеді. Жердің өзі де, ондағы бүкіл жаратылыс пен адам қолымен істелгеннің барлығы өртеніп жоқ болады. (Малахи 4:1; 2Петір 3:10). «Сол күні барлық жердің беті лаулаған отты теңізге ұксап тұрады. Арсыздар өртеніп типыл болады. Бұл Құдайдың Сион үшін еш алатын күні» (Ишая 34:8; Нқл. 11:31). ҮШ 436.4

«Зұлымдар істеген істеріне қарай жазаларын алады” (Нқл. 11:31). «Арсыздар сыбағасын алып, сабан секілді өртенетін болады» - дейді Шексіз Алла (Малахи 4:1). Әркім өзінің істеген ісіне қарай жазаланады, біреулері сол сәтте-ақ өртеніп кетсе, енді біреулері көп күнге дейін жанып, қиналатын болады. Тақуалардың күнәсі ібілістің басына үйілген, сондықтан ол өз істері үшін де, Құдайдың халқын айдап салып, арандатқан күнәсі үшін де азапталады. Арсыздар ағаштың бұтақтары мен жапырақтары болса, шайтан оның түп тамыры болып есептеледі. Сондыктан бұтақтар мөлшеріне байланысты өртенсе, ағаштың діңгегі - әзәзіл көпке дейін азап шегеді. Әділеттіліктің талаптары қанағаттандырылады. Аспан да, жер де Құдайдың пәктігін мойындайды. Алты мың жыл бойы жерді азаптап, қайғыға ұшыратып, қан жылатқан ібілістің жұмысы аяқталады. «Барлық жер тынышталып, дем алып, қуанышқа бөленеді» (Ишая 14:7). Содан кейін мен сарқырап аласұрған судың гүрілі мен күннің қатты күркірегеніне ұқсас үлкен бір топтың үніндей зор дауыс естідім. Олар: «Жаратқан Иені мадақтаңдар! Себебі біздің Құдайымыз - бүкіл әлемнің Иесі, Ол билігін жүргізуде. Шаттанып қуанайық, Оның Ұлылығын мадақтайық!” - деп әндетеді (Аян 19:6). ҮШ 437.1

Жердің беті өртеніп жатқанда, Құдайдың меншікті халқы қауіпсіз жерде - киелі қалада болады. Мұндайларға «екінші өлім» билігін жүргізе алмайды. Егер арсыздарға Алла жалындаған от болып тисе, Өз халқына кауіпсіз қорған болып табылады (Аян 20:6, Жыр. 83:12). ҮШ 437.2

«Сонан соң жаңа аспан мен жаңа жерді көрдім. Себебі бұрынғы аспан мен жер құрып кетіп, енді қайтып теңіз де жоқ болыпты” (Аян 21:1). Көктен түсетін от жерді тазалайды. Қарғыстың ізі өшеді. Тақуалардың есіне күнәнің нәтижесін түсіріп тұратын дозақ деген болмайды. ҮШ 437.3

Мәңгілікке қалатыны Құтқарушының денесіндегі жаралардың орны ғана. Бұл жаралар күнә атаулының қаншалықты қатыгез екенін барлығының есіне салып тұрады, ұмыттырмайды. Мәсіхтің даңқына қарап пайғамбар былай дейді: «Құдайдың нүры күн көзіндей жарқырайды, қолынан сәулелер шашырайды, Оның күші осында!” (Аббақұқ 3:4). Құтқарушының тесілген бүйірінен тамшылаған, адамзат пен Жаратушыны татуластырған қасиетті қаны - «Оның күшінің құпиясы” болып табылады. Шексіз ғасырлар бойы Ғолғота жаралары Оның есімін дәріптейтін болады. ҮШ 437.4

«Ал сен, Сион тауындағы корған, отарымды қоритын мұнараға ұқсайсың. Бұрынғы билігің саған қайтарылып, Иерусалим қайтадан патшалықхың астанасы болады» (Миха 4:8). Алғашқы жұбайлар Бейіш бағынан қуылып шыққаннан бергі барлық тақуалардың асыға күткен уақыты келді. «Алатын игіліктеріміздің бастапқы бөлігі, әрі кепілі - Құдай, Өзінің меншікті халқын жамандықтың өсерінен түгелдей құтқарғанда, игіліктеріміздің бәрін иемденеміз. Осылай Тәңірдің керемет ұлылығы мадақталмақ” (Еф. 1:14). Құдайдың ұлы да, тамаша құтқару жоспары адамзатқа бір кездері жаудың карамағында болған жерді қайтарып береді. «Аспанды жасаған Жаратқан Ие - шынайы Құдай. Ол жерді де калыптастырып нығайтты. Оны ретсіз, бос тұру үшін емес, мекендеу үшін жаратты” (Ишая 45:18). Құдайдың ең әуелдегі көздеген мақсаты орындалады: «Тақуалар жерді иемденіп, мәңгі өмір сүретін болады» (Жыр. 36:29). ҮШ 437.5

Болашақтағы адамзат баласының отанын дұрыс суреттеп беруге сөз байлығымыз жетпей қала ма деген қауіппен көпшілігі шынайы отанымызға өз үйімізге секілді қарауға рұқсат беретін ақиқаттарға тек рухани жағынан ғана түсініктемелер берген. Мәсіх Өзінің оқушыларына «Әкемнің үйінен сендерге барып орын дайындап келемін” деген болатын. Киелі Жазбадағы ілімді қабылдайтындар өздерінің болашақтағы тұрағы жайлы мәліметсіз болмайды. Десе де: «Құдай Өзін сүйетіндерге көз көріп, құлақ естімеген, тіпті адамдардың ойына ешқашанда келмеген игіліктерді дайындап қойды” (1Қор.2:9) делінген. Тақуалардың алатын сыйын адамның тілі суреттеп бере алмайды. Оны тек көргендер ғана түсіне алады. Адам баласының шектеулі санасы Құдайдың жұмағының атағын жеткізе алмайды. ҮШ 438.1

Киелі Жазбада құтқарылатындардың иелікке алатын мұралары - «отандары” деп аталған (Евр.11:14-16). Көктегі Бақташы Өзінің үйірінің тоқтыларын тірі судың көзіне жетелеп апарып, одан тойғандарынша су ішкізетін болады. Өмір агашы ай сайын жемісін беріп, жапырақтары адамның пайдасына жарайды. Мәңгілік ағындар шыныдай таза болады. Оның жағалауында өсетін ағаштардың көлеңкелерінде ақталғандар дем алады. Кең жазықтар сұлу темпешіктермен жалғасып, биік-биік таулар бой көтереді. Осы ғажайып жазықтарда, тірі ағындардың жағалауларында Құдайдың меншікті халқы - арып-ашып шаршаған жолаушылар - Отандарына оралып тыным табады. ҮШ 438.2

«Сонда халқым Менің өз тұрағында қауіпсіз өмір ететін болады. Бұдан былай еліңде зорлық-зомбылықтың айқай шуы естілмейді, өзің де қиратылып талқандалмайсың. Керісінше өзіңді құтқарған Құдайыңды «қамалым”, Оған арналған мадақтауынды «бекітулі қақпаларым» деп атайтын боласың”. ҮШ 438.3

«Халқым үй салса, сонда өзі түратын, жүзімдік отырғызса, соның жемісін өзі жейтін болады. Енді қайтып біреу үшін үй салмайды және жүзімдіктерінің жемісін де жаулары жемейді. Халқым мықты ағаш сияқты мәңгі өмір сүретін болады, жұмыстарының өнімдерін ұзақ уақыт пайдаланып, еңбектерінің зейнетін көреді» (Ишая 32:18;60:18;65:21,22). ҮШ 439.1

«Кеуіп қалған жер қайта өңі кіріп жауқазындай құлпырады. Тікенді бұта орнына қарағайлар өсіп, қалақай орнын жүпар иісті жасыл ағаштар басады. Бұл керемет іс Жаратқан Иенің даңқын асыратын, мәңгі өшпейтін белгі болады. Сол заманда каскыр қозымен тату тәтті тұрып, қабылан лақпен бірге тынығады. Бұзау, арыстан және бордақы өгіз де қатарласып бірге жататын болады. Бәрін бір жас бала айдап, баға алады. Сиыр мен аю катар жайылып, бұзаулары мен конжықтары бірге жүріп, арыстан өгіз сияқты шөп жейді. Сәбилер сұр жыланның қасында ойнап, балдырғандар абжыланның ұясына қолдарын емін еркін тығатын болады. ҮШ 439.2

«Бүкіл қасиетті тауымда ешқандай қиянат пен зұлымдық жасалмайды» - дейді Тәңір Ие, өйткені теңіздер суға қалай толы болса, барлық жердің беті солай Алланың бақылауында болады (Ишая 35:1 ;55:13; 11:6,9). ҮШ 439.3

Көкте ауыртпалық болуы мүмкін емес.«Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды, ешкімнің көзінің жасы төгілмейді. Себебі бұрынғы әлем кұрып, жоқ болды” (Аян 21:4). «Енді қайтып ешкім «мен ауырып тұрмын» деп айтпайды, өйткені жаңарған жерде күнә деген жоқ” (Ишая 33:24). ҮШ 439.4

«Сен, жаңа жердің астанасы - Жана Иерусалим, Құдай Иеңнің қолында патшаның керемет әдемі тәжі секілді көрінесің”. «Қала өте құнды асыл тасқа ұқсап, мөлдір тастай айқын, яспис сияқты жалт - жұлт етіп жаркырап тұрды». ҮШ 439.5

«Құтқарылған халықтар оның жарығымен жүріп, жер бетінің патшалары салтанатты тартуларын калага әкеліп тұрады». «Өзімде Иерусалим үшін шаттанып, халқыма қарап қуанатын боламын” - дейді Алла. Көктегі тақтан былай деген зор дауысты естідім: «Қараңдар, Құдайдың адамдар арасындағы мекені! Ол солармен бірге түрып, олар Оның халкы болады. Осылай Құдайдың Өзі солармен бірге мекендеп, олардың Құдайы болады!” (Ишая 62:3; Аян 21:11,24; Ишая 65:19; Аян 21:3). ҮШ 439.6

Қүдайдың қасиетті қаласында түн болмайды. Өйткені Құдайдың еркін орындап, Оның Есімін мәңгілік мадақтайтындар ешқашан шаршамайды, оларға дем алудың қажеті жоқ. «Шамшырақ пен күн сәулесінің де қажеті жоқ, себебі Құдай Иенің нұры барлық жерді жарқыратады” (Аян 22:5). Жарқыраған нәзік сәуле күннің жарығынан анағұрлым керемет болмақ. Құдай Әке мен Тоқтының жарығы қасиетті қаланы нұрландырып жібереді. ҮШ 439.7

«Қаладан киелі үйді де көрмедім, себебі оның киелі үйі - бүкіл әлемнің Иесі Құдай мен Тоқты” (Аян 21:22). «Қазіргі білетініміз бұлыңғыр шынымен қарағандай көмескі, ал болашақта соның бәрін өз көзімізбен көретін боламыз. Қазіргі біліміміз шектеулі ғана, алайда Құдайдың бізді толық білетініндей, сол кезде біз де бәрін толық түсінеміз” (1 Қор. 13:12). Құдай мен адамдардың арасын ажыратып тұрған күнә атаулы жойылғандықтан Тәңір Иенің жүзіне біз тіке қарай аламыз. Сол кезде қазіргідей Шексіз Алла мен біздің арамызды бөліп тұрған шымылдық болмайды. Біз Алланы өз көзімізбен көріп, Оның даңқы мен құдіретіне бөленеміз. Адам ең басында қандай пәк етіліп жаратылса, сол қалпына қайтып келеді. Көктегі киелі жан иелерімен, қасиетті періштелермен және барлық ғасырларда өмір сүрген, киімдерін Тоқтының қанымен жуып кетірген сенімділермен болатын қарым-қатынас ақталғандардың жандарын рахатқа бөлейді (Еф. 3:15). ҮШ 440.1

Сол арада өлім тұзағынан бір жола босап шыққан адамдар тазарған саналарымен Құдай Әкенің және Тоқтының шығармашылық күшінің ғажайыптары мен Олардың сүйіспеншіліктерінің күшін тамашалайды. Ол жерде ешкімді Құдайға қарсы азғырып тұратын жау болмайды. Адамдар барлық жағынан өркендей бастайды, білімдері үсті үстіне қосылып отырады. Одан ешкім арымайды, шаршап шалдықпайды. Адамдардың білімі, күші талап етілетін жаңа жоспарлар құрылып, жаңа ақиқаттар ашылып, адамзат алға қарай адымдайды. Бір кездері адамдардың қайғысын көріп қасірет шегіп, құтқарылған әрбір жан үшін қуанышты ән салған Құдайдың халқы, енді бар ойларын басқа әлемдерге бағыттап, Ғаламның құпияларын зерттейді. Ешкімде шаршамайды, ештеңеден де жалықпайды. Жердің балалары ешқашан күнә жасамаған киелі жан иелерінің даналығы мен қуанышын игеруге ұмтылады. Олар Алланың әмірі бойынша белгілі тәртіппен қозғалып тұрған, Оның жаратқан денелері - күннің көзінің, жүлдыздардың және басқа да көктегі жүйелердің жүрісін бақылайды. Жаратылыстың барлық түрлерінде кішісінен бастап үлкеніне дейін Құдайдың есімі жазылып тұрады және олардан Алланың күшінің байлығы көрінеді. Мәңгілікке өтіп жатқан жылдар Құдай Әке және Мәсіх жайлы жаңа, терең ақиқаттарды ашып отырады. Адамдардың білімдері көбейген сайын, олардың Құдайға деген сүйіспеншіліктері де арта түседі және соғұрлым олар баталы және бақытты болады. Олар Құдайды таныған сайын таң қалады, Оған қызығады. Мәсіх халқына ақталудың байлығы мен ұлы шайқастың жетістіктерін ашып көрсеткен кезде, олардың ішкі дүниелері сүйіспеншілікке толып, жүректері жалындап, бойларын кернеген қуаныштарын сиғыза алмай, қолдарына алтын арфаларын ұстап, салтанатты әнұранына өз дауыстарын қосады. ҮШ 440.2

«Көк пен жердегі, жер асты мен теңіздегі, яғни бүкіл ғаламдағы әрбір тіршілік иесінің былай деп салған дауысын естідім: «Тақта Отырған және Тоқты дәріптеу мен құрметке мәңгі бақи лайық!» (Аян 5:13). ҮШ 441.1

Үлы шайқас аяқталды. Күнә да, күнәкар да енді жоқ. Бар ғалам тап-таза. Жан иелерінің барлығының арасында бірлік пен қуаныш орнаған. Шексіз кеңістіктің шет шетіне Жарылқаушы Құдай Иеден өмір ағыны, нұр және қуаныш тарап жатады. Ұсақ атомнан бастап, ғаламдағы ең ірі жүйелерге дейін жандысы да, жансызы да: «Құдай дегеніміз - мәңгілік махаббат» деп өн салады. ҮШ 441.2