ҮЛЫ ШАЙҚАС

42/43

41тарау - Шайтанның мың жылға кісенделуі

«Себебі оның күнәлары көкке жетерліктей көп. Енді Құдай оның әділетсіздіктерін ескеріп, соггамак. Басқаларға көрсехкен зорлық зомбылықтарын өзіне көрсетіп, жаман қылықтарына сай екі есе қылып қайтарыңдар. Оның басқаларға арнап араластырған өз тостағанындағы «шарабына” азғындықты екі есе қылып қосып, өзіне дайындап беріңдер! Ол қаншама сән салтанат пен молшылыкка кенелген болса, оған соншама кеп азап пен кайғы қасірет тартқызыңдар! Ол: «Мен тақта отырған ханыммын, жесір емеспін, қайғы қасірет те шекпеймін!» дейді. Сол себепті бір-ак күннің ішінде мына пәлелерге: індет, қайғы-қасірет пен аштыққа ұшырап, отқа өртенбек. Себебі оны соттаушы кұдіретті Құдай Ие. Бабылдың азғындығы мен сән салтанатты өмір салтына араласқан жер бетінің патшалары, оны кұртып жатқан өрттің түтінін кергенде жоқтау айтып, еңіреп жылайтын болады. Оның көрген азабынан зәрелері ұшқан олар, қашықта тұрып, былай деп жоқтамақ: «Ой, бауырым басыңа қаралы күи туды! Ұлы күшті Бабыл қаласы! Бір-ақ сағаттың ішінде үкімің кесіліп, іске асты!” (Аян 18.5-10). ҮШ 423.1

«Жер бетіндегі саудагерлер де жылап, оған жоқтау айтады, себебі енді қайтып олардың дүниелерін ешкім сагып алмайтын болады. Ұлы қала қымбат ақ бәтес, қою күлгін, ал қызыл киімдер киетін, алтын әшекейлер, асыл тастар, інжу маржандарын тағынып, безеніп жалт-жұлт ететін! Соншама зор байлық бір-ақ сағат ішінде құрып кеттің ау (Аян 18:11,3,15-17). ҮШ 423.2

Мінекей Құдайдың қаһары төгілген күні Бабыл қаласына осындай үкім шығарылады. Оның заңсыздығының тостағаны толды, уақыты жетіп, өзін жойып жіберуге дайындады. ҮШ 423.3

Құдай Өз халқын құлдықтаи босаткан кезде, өмір шайқасында жеңіліп, бәрін жоғалтқандар өздерінің аңырап қалғандарын көреді. Мейірім мезгілі әліде болса жалғасып жатқан кезде әзәзілдің өтірігіне мастанып жүрген олар, өздерін өздері актап, жасаған күнәларына сылтау іздеген болатын. Байлар Құдайдың заңын бұзу арқылы байығандарына қарамастан, өздерінің ештеңеден мұқтаж болмай, жарлылардан әлдеқайда биік тұрғандарына мақтанды. Олар аш жалаңаштарға қараспады, әділетті істер жасамады, мейірімділікті жаксы көрмеді. Осылайша олар өздерінің тікелей міндеттеріне немқұрайды қарады. Өздерін жоғары санап, қалғандары оларды құрметтеуге міндетті деп есептеді. Енді олар өздерін ұлы қылып тұрған дүниелерінен айрылып, қайыршылыққа ұшырады. Құдайдан артық санап, сыйынған пұттарының құрып жатқанын көргенде, бойларын сұмдық қорқыныш биледі. Иман байлығының орнына дүниенің байлығын жинаған олар, ақыры түп орындарымен ойрандалды. Рахаттары ащы уайыммен алмасты. Қазыналары топырақ болып шашылып қалды. Өмір бойы жинаған дүниелері бір сәттің ішінде көзден ғайып болды. Кез қызығарлық әсем ғимараттары мен зәулім сарайлары үйіндіге айналды. Кенеттен олар дүниелерімен бірге әздерінің де құритындарын еріксіз мойындады. ҮШ 423.4

Арсыздар Құдайды елемей, жақындарын маңайлатпағандарына емес, Құдайдың оларды жеңгеніне өкінді. Олар күнә жасап, басқаларды касірсткс ұшыратқандары үшін емес, күнәнің соңынан келетін қасіретті бастарынан кешетіндеріне қиналып жылады. Жеңіске жету үшін, егер мүмкін болса өздеріне барлық жағдайды жасаудан бас тартайын деп тұрған олар жоқ. ҮШ 424.1

Енді әлем ажуалап, мысқылдап, тіпті жер бетінен жойып жібереміз деген халықтың, жер сілкіністеріне, дауылдарға, су тасқындарына тағыда басқа табиғат апаттарына қарамастан аман қалғанын өз көзімен көрді. Заңын бұзгандарға лаулаған от болып тиетін Шексіз Алла Өз халқына қауіпсіз қорған болып табылады. ҮШ 424.2

Ақиқатты бұрмалап, теріс уағыз айтып, халықты тіке жолдан тайдырып жүрген дін қызметкерлерінің әрбір аттаған адымдары Құдайға белгілі. Мінбеде сөз сөйлеп тұрған кездерінде, көшеде келе жатқанда, адамдармен сөйлескен кездерінде Тәңір Ие олардың істерін бақылап отырған. Енді олар маңайларына қарап, жан жақтарын қоршаған сорлы пенделердің жағдайларына назар аударған кездерінде, өздерінің істеген істерінің жемісін көреді. ҮШ 424.3

Жаратқан Ие былай дейді: «Сендер жеңілтектік жасап, Менің халқымның жарасын өтірік емдейсіңдер. Үнемі «бейбітшілік, бейбітшілік” дейсіңдер, бірақ сол бейбітшіліктерің қайда? Ол жоқ. Мен ренжіткім келмейтін тақуалардьщ жүректеріне қайғы саласындар, ал арсыздарды өлсін дегендей, жаман жолдан қайтарғанның орнына, керісінше қолдайсыңдар» (Ерм 8:11; Езк 13:22). ҮШ 424.4

«Менің үйірімнің тоқтыларын қуып, өлтіргендерің үшін жауап бересіңдер жетесіз шопандар. Бастарыңа күл шашып жылаңдар, жауапсыз бақташылар! Мен сендерді зүлым істерің үшін жазалаймын. Тыңдаңдар Мені, үйір бастаушылары! Уақытгарың бітті, тығылатын баспаналарың қалған жоқ” (Ерм 23:1,2; 25:34,35). ҮШ 424.5

Дін қызметкерлері мен халық Құдаймен қарама - қатынастарының түзу болмағанын түсінеді. Әділетті заңның Авторына қарсы шыққандарын көреді. Алланың Киелі заңын аяқ асты қылу зұлымдықтың, ұрыс керістің, жек көрушіліктің, заңсыздықтың көзін ашты. Ақыр соңында жер беті ұрыс алаңына және бұзылғандықтың шыңырауына айналды. Зұлымдықтың жолын таңдап, акиқаттан бас тартқандар осының барлығын өз көздерімен кереді. Мәңгілік өмірді біржола жоғалткандарын түсініп, қатты уайымға салынатын бұл пенделердің жағдайларын тілменен айтып ешкім жеткізе алмайды. Бір кездері данышпандығы мен тіл шеберлігіне әлем табынған, иықтарымен көкті тіреп тұрған менменшіл жандар қылышын сүйретіп ақыр заман жеткенде сорлы күй кешетін болады. Сол кезде олар өздері ажуалап, мазақ қылып, жандарын қинаған Құдайдың сүйікті халқының аяғына жығылады, олардың әділетті болғандарын мойындайды. ҮШ 425.1

Сонан соң бүл сүмдық тобыр осындай қайғылы күйге душар болғандарына бірін бірі кінәлай бастайды, әрине кінәнің ең ащысы дін қызметкерлерінің еншісіне тиеді. Бұл арам қызметкерлер Құдайдың касиетті заңын жарамсыз деп тауып, халықты солай оқытып, заңды құрметтегендерді кыспақка алған болатын. Енді олар оздерінің қате ілімді уағыздағандарын мойындайды. Халық оларға қарғысын жаудырып, бір кездері өздері сый кұрметке бөлеген діни ұстаздарына қарсы қанжарларын алып шығады. Барлық жерлерде шайқас пен қантөгіс басталады. ҮШ 425.2

«Бұл шайқастың шуы жердің шетіне дейін жетеді, ойткені Құдай халықтармен сайыска түседі: Ол пенделермен соттасып, арсыздарды найзаның ұшымен түйрейді» (Ерм. 25:31). Бұл ұлы шайкас алты мың жыл бойы жалғасып келеді. Осы шайқаста Құдайдың рухани Ұлы мен көктен жіберілген елшілер әзәзілдің күшімен шайкасып, жердің тұрғындарына дәріс беріп, оларды кауіп қатерден сақтандырып, неше түрлі пәледен құткарыгі отырған. Енді әрбір адам баласы өз еркімен шешім қабылдады. Арсыздар шайтанға қосылып, Жаратушыларына қарсы шықты. Құдай үшін Оның тапталып қалған заңының абыройын көтеретін кезі келді. Енді шайқас шайтанмен ғана емес, адамдармен де жүргізіліп жатыр. ҮШ 425.3

«Құдай халықтармен сайысқа түсті»; «Ол арамдарды найзаның ұшымен түйреп елтіреді». ҮШ 425.4

Азғындықтан шаршап, қасірет шеккен адамдардың мандайларына құткарылу белгілері қойылады. Сонан соң Езекиел пайғамбар айтып қалдырған аянда сөз болған, қолдарына қару ұстап шыққан адамдар аркылы бейнеленген, жаналғыш періштелер шығады және оларға: «Қарттарды, бозбалалар мен қыздарды, нәрестелер мен әйелдерді өлгендерінше соққылаңдар, бірақ маңдайларында белгілері бар бірде бір адамға тиісуші болмаңдар және жорықтарынды Менің қасиетханамнан басгаңдар” деген бұйрық беріледі. Пайғамбар былай дейді: «Олар бұл бұйрықты іске асыруды Үйдің алдында тұрған ақсақалдардан бастады” (Езк. 9:1-6). Өздерін халықтардың рухани ұстаздарымыз деп есептейтіндер бірінші болып құлайды. Ерлер мен әйелдер, қыздар мен жас балалар бірі қалмай өлтіріледі. ҮШ 425.5

«Мінекей Жаратушы Ие жердің тұрғындарын олардың заңсыздықтары үшін жазалауға Өзінің тұрағынан шығып келеді, жер енді өлгендерді жасырмайды, сіңірген қанды сыртқа шығарады» (Ишая 26:21). «Иерусалимге карсы шайқасқандар аяқтарынан тік тұрғандарымен, денелері қаңқаға айналып, көздері үңірейіп ұясына кіріп кетеді және ауыздарындағы тілдері кеуіп қалады, сол күні олардың өз араларында жанжал шығып, бір бірлеріне қол көтеретін болады» (Зәк. 14:12,13). Сонда оларға Құдайдың мейірімділікпен араласпаған қаһары төгіліп, жердің арсыз тұрғындары - діни қызметкерлер, халық пен олардың көсемдері, байлар мен кедейлер, атактылар мен катардағылар барлығы бірдей қырылатын болады. ҮШ 426.1

«Олардың денелері жердің бір шетінен екінші шетіне дейін шашылып жатады. Ешкім оларды жинамайды да, жерлемейді де» (Ерм. 25:33). ҮШ 426.2

Иса Мәсіх екінші рет жер бетіне келгенде күдайсыздардың барлығы Оның үлылығының жарығы мен сезінің рухынан қырылады. Ал өзінің меншікті халқын Ол көктегі Құдайдың қасиетті қаласына көтеріп әкетеді. Жер аңырап бос қалады. «Адамдар Құдайдың заңы мен ережелерін бүзып, Оның мәңгілікке жасаған келісіміне опасыздық жасауларымен жерді арамдады. Сондықтан да қарғыс жерді жалмайды. Оның тұрғындары өз кінөларыныц жазасын тартып, отпен жойылады» (Ишая 24:1,3,5,6). ҮШ 426.3

Сонда оның түрі адам мекендемеген шөл далаға ұқсайтын болады. Барлық жерлерде бұзылған қалалар мен ауылдардың үйінділері, түп тамырларымен жұлынып қалған ағаштар, теңіздердің түптерінен шыққан алып тастар, ара - араларында түбі жоқ шыңыраулар қалады. Алланың қаһары төгіліп, табиғат апатына ұшырап, ойрандалып қапған жердің бетін пайғамбар осылай суреггейді. ҮШ 426.4

Енді соңғы салтанатты қызметтің татуласу Күні бейнеленген оқиғасына көңіл аударайық. Киелінің Киелісіндегі қызмет аяқталғаннан кейін, барлық исраилдьщ күнәсі құрбандыққа шалынған малдың канымеи ғибадатханадан шығарылған. Сонан соң барлық қауымның көз алдында басты діни қызметкер ғибадатханадан шығарылған күнәні арнайы дайындалған текенің басына үйген (жапқан) (Jley. 16:21). Дәл осы көрнекілік үшін берілген қызметтегідей, көктегі киелі үйдегі адамзатты күнәдан арашалау қызметі аяқталғаннан кейін, Құдайдың және көктегі періштелердің көз алдында ақталып шыққан адамдардың күнәлары шайтанның басына артылады, өйткені ол күнә атаулыны бастап берген зұлымдықтың көкесі. Шөл далаға жіберілген теке тәрізді шайтан да тірі пендесі жоқ, түнек басқан жерге жіберіледі. ҮШ 426.5

Аянның авторы әзәзілдің қуылуын және сол кездегі жердің күйін суреттей отыра, сол уақыт мың жылға созылады деп хабарлайды. Иса Мәсіх жер бетіне екінші рет келгеннен кейін арсыздардың көздері жойылған соң болатын оқиға жайында аянда былай делінген: «Бұдан кейін мен көктен түсіп келе жатқан, қолында түпсіз тұңғиықтың кілті мен ауыр шынжыр ұстаған періштені көрдім. Ол айдаһарды - ежелгі жыланды ұстап алып, оны мың жылға шынжырлап тастады. Енді қайтып мың жыл өткенше халықтарды алдай алмас үшін, періште оны түпсіз тұңғиыққа лақтырып жіберіп, есігін кілттеп, мөрмен бекітті. Ал осы кезең еткеннен кейін ол біраз уақытқа босатылуға тиісті» (Аян 20:1-3). ҮШ 427.1

Киелі Жазбаның басқа жерлерінде «тұңғиық» деп тоналып, бос қалған жер айтылады. Киелі Жазуда біздің планетамыздың алғашқыдағы күйі жайлы былай делінген: «Жер ретсіз, тіршіліксіз бос жатты, суға толы тұңғиықтың үстін қара түнек жауып тұрды” (Жар. 1:2). Аянда жер жартылай сол күйіне қайтып оралады делінген. Еремия пайғамбар: «Мінекей енді қарасам жер тоналып бос қалыпты. Аспан өзінің жарығын беріп тұрған жоқ. Таулар мен жоталар шайқалып тұр. Тірі жан көрінбейді, үшып жүрген күстар да жоқ. Жан жағыма көз салсам барлык, қалалар қирап, ұйіндіге айналған, жердің беті сұмдық копарылыс болғандай ойрандалып қалыпты” дейді (Ерм 4:23-26). ҮШ 427.2

Осы жерде шайтан мен оның жындары 1000 жыл бойы шұбырып жүретін болады. Басқа әлемдерге өтуге оған рұқсах жоқ, сол себепті де пайғамбар оны шынжырлаулы деп суреттейді. Қаншама ғасырлар бойы оның істеген ісі - жауластыру, кырылыстыру, ұрыстыру, халықтарды бір біріне айдап салу, аңдыстыру, тартыстыру болған. Олардың уайымын, қайғысын, бейнетін, өлімін көріп, зарын естіп ібілістің жаны рахаттанып, қуанған болатын. Енді ол сол мүмкіншілігінен айрылады, өйткені жер бетінде одан басқа ешкім қалмайды. ҮШ 427.3

Ишая пайғамбар сондағы оның күйін: «Қалайша сен - Арайдың баласы, таң жұлдызы аспаннан кұладың! Халыққа толы жерге құлап, қирадың. Бірақ сен ішіңнен: «көкке көтерілемін, жұлдыздардан да биік тұрып, Құдаймен теңдес боламын” деп ойлағансың. Сол үшін де сен дозаққа түстің”. Сені көргендер: «Осы ма жерді шайқалтып, патшаларды теңселтіп, әлемді шөл далаға айналдырып, қалаларды қиратып, тұтқындарды босатпай, қамап ұстаған” деп ойлайтын болады (Ишая 14:12-17). ҮШ 427.4

Алты мың жыл бойы ібілістің көтерілісі жерді теңселтіп тұрды. Қалаларды қиратып, адамдарды арамдап, жер бетіне бүлік салды, тұтқындарды қамап ұстады. Алты мың жыл бойы Құдайдың халқына зорлық - зомбылық жасап, қараңғы қапасқа қамады. Егер Мәсіх Иса келіп, оның кісенін қиратып, тұтқындарды босатпағанда, бейшара жандар сол зындандарда мәңгі бақи қалған болар еді. ҮШ 428.1

Ібіліс жер бетінде жындарымен жеке қалып, күнәнің қандай нөтижелерге жеткізгенін көреді. «Халықтардың барлық патшалары құрметтеп қойылған өз қабірлерінде жатыр. Ал сен қажетсіз бұтақшадай қабіріңнен алыс жерге лақтырылып тасталдың. Сүйегің өлексе іспетті тапталып, патшалар қабіріне қойылмайды. Өйткені сен өз еліңді талқандап, өз халқыңды құрттың” (Ишая 14:18-20). Енді әзәзілдің өзінің істеген ісін бағалайтын уақыты жеткілікті болады. Сол кезде оның жаны қатты қиналады. Егер бұрын ол жан жағына қарауға мұршасы болмай, тыным таппай еңбектенсе, енді жасаған зұлымдығы үшін жауап беретін уақыттың тақағанын көреді. Қорқынышты болашақты жаны түршіге отыра күтудің қаншалықты азапты екенін басынан кешеді. ҮШ 428.2

Құдайдың халқы ібілістің қамауға алынғанына қатты қуанады. Пайғамбар: «Құдай сені құлдықтан, қорқыныштан, қасіреттен босатқан күні, сен азаптаушыдан құтылғаныңа қуанып ән салатын боласың, өйткені Алла халықтарды қырғынға ұшыратқан арсыздардың қаруын қиратты” дейді (Ишая 14:3-6). ҮШ 428.3

Бірінші тірілу мен екінші тірілудің арасындағы өтетін мың жыл бойы аспанда жүгенсіздердің соты жүреді. Елші Пауыл сол уақытқа меңзей отыра: «Сондықтан уақыты келмес бұрын айыптауға асықпай, Иеміздің қайта оралуын күтіңдер! Ол келген соң караңғыға жасырылғанды әшкерелеп, жүрек пиғылдарын ашып көрсетеді” дейді (ІҚор. 4:5). Даниял пайғамбар: мәңгі жасап келе жатқан Құдай Тағала келгенде «адамзатты соттау ісі Жаратқанның киелілеріне тапсырылады” дейді (Дан. 7:22). Сол кезде тақуалар Құдайдың діни қызметкерлері ретінде билік жүргізетін болады. Жохан пайғамбары: «Сонда мен тақтарды және соларда отырғандарды көрдім. Оларға адамзатты соттап, үкім шығару билігі беріліпті. Сондай-ақ Исаға адал болып, Құдайдың Ізгі хабарын жариялағандары үшін шейіт болғандарды да көрдім. Бұлар айуан мен оның мүсініне табынғанда жоқ, айуанның таңбасын маңдайлары мен қолдарына қабылдаған да жоқ. Олар қайта тіріліп, Мәсіхпен мың жыл бойы патшалық кұрды” (Аян 20:4,6). ҮШ 428.4

Елші Пауылдың «Киелілер әлемді соттайтын болады» деген уақыты осы (1Қор.6:2). Тақуалар Мөсіх Исамен бірге заң бұзушылардың істерін қарастырып, оларды Киелі заң арқылы тексеріп, соңында оларға үкім шығарады. Шығарылған үкім әр кайсысының өлім кітабындағы аттарының қасына жазылады. ҮШ 429.1

Сол сияқты Мәсіх пен Оның халқы жындар мен ібілісті де соттайды. ҮШ 429.2

Елші Пауыл : «Немесе біз періштелерді соттайтындарымызды білмейсіңдер ме?” дейді (3-ші мәтін). Елші Яхуда: «Сондай-ақ, өздерінің билік жүргізуге тиесілі орындарын сақтамай, мекен тұрағын тастап кеткен періштелерді де ескеріңдер. Иеміз оларды соттайтын ұлы күн жеткенше тамұқтың қара түнегінде шынжырлап сақтап отыр» (Яхуда 6) - дейді. ҮШ 429.3

Айтулы 1000 жыл өткеннен кейін екінші рет тірілу болады. Сол кезде барлық арсыздар оянып, Құдайдан жазаларын алу үшін Оның алдына жиналады. Такуалардың тірілетін уақытын суреттеп берген аянның авторы Жохан пайғамбар былай дейді: «Бұлардан өзгелері мың жыл өткенше тірілмейді”. Және Ишая пайғамбар: «Олар зындандағы гұтқындардай жиналып, бірге қамалады. Ұзак қамалғаннан кейін олар Құдайдын назарына қайтадан ілігеді” - дейді (Ишая 24:22). ҮШ 429.4