ҮЛЫ ШАЙҚАС

36/43

35-тарау - Ар-ұжданға төнген қауіп

Протестанттар ежелгі кездегіге қарағанда қазіргі кезде Рим католиктік шіркеуіне әлдеқайда шыдамдылықпен қарайды. «Бұрынғыға қарағанда айтыс тартыстарымыз айтарлықтай көп емес, ал бұл Риммен екі ортадағы қарым - қатынасты түзетуге себепкер болады» деген көзқарас кең етек алып бара жатыр. Бұрынғы уақыттарда протестанттар қымбат бағаға сатылып алынған ар бостандығын бағалай білген. Олар өз балаларына «Риммен келісімге тұру Құдайға опасыздық жасау” деп үйреткен. Қазір болса жағдай мүлдем өзгеріп кетті. Рим орта ғасырларда жасаған айуандық әрекеттерін сол кездің билеушілеріне жапсырып, ендігі жерде өркениетті шіркеу көп нәрсеге өз көзқарасын өзгертті деп тұжырымдайды. Сонда халық бұл көкірегі көкті тіреп түрған биліктің сегіз ғасыр бойы өзін қасиеттімін деп таласқанын қалай ұмытады? Папалықтар ол пиғылдарынан бас тартамыз деп ойлаған да емес, керісінше XIX - шы ғасырда бұл үміткерліктері бұрынғысынан көбірек айқындала түсті. «Рим шіркеуі ешқашан қателескен емес және қателеспейді де» деп бекітіп тұрса, онда бұрынғы ғасырлардағы ұстанымдарынан қалайша бас тартады? ҮШ 360.1

Папалық шіркеу «киелімін” деуін ешқашанда қоймайды. Өткенде болған қуғын-сүргіндерді, өзгелердің олардың догмаларымен келіспегендігінен болған оқиға деп ақталады. Бірақ үкімет енгізілген шектеулерді алып тастап, билікті Римнің қолына ұстатса, қуғын-сүргіннің оты қайрадан лап ете қалатыны күмәнсіз. Папаның саясаты еркендеген жағдайда АҚШ-қа қандай қауіп төнетіні жайлы белгілі жазушы: «Америка Құрама Штаттарының Рим католиктік шіркеуінен қорқақтауын көпшілігі соқыр берілгендік (фанатизм) немесе балалық дейді. Бұл шіркеудің өсуінен олар ешқандай зиян көріп тұрған жоқ. Енді біздің мемлекетіміз бен католик шіркеуінің ұстанымдарын салыстырып көрейік. АҚШ-тың ата заңы ар-ұжданньщ бостандығына кепілдік береді. Олар үшін одан кұнды ештеңе жоқ. Ал папа Пий IX өзінің 1854 жылғы 15 тамыздағы (август) энцикликінде: «Арұжданның бостандығын қорғайтын ақылға қонбайтын, мағынасыз ілім қауіпті есерсоқтық (ересь) болып табылады. Бұл нағыз обаның (чума) өзі, одан мемлекет қорқуы керек” деп жариялаған болатын. Сол папа 1864 жылғы 8 желтоқсандағы энцикликінде барлық ар-ұждан бостандығын талап ететіндерді анафемаға ұсынды, яғни оларға қарғыс атты. АҚШ-та Римнің татуласу екпінінен папалықтың көңілкүйінің өзгергені байқалмайды. Католик шіркеуі әлсіреген кезінде шыдамдылык танытқан сыңай көрсетеді. ҮШ 360.2

Епископ O*Коннор: «Біз дін бостандығына, оған қарама-қайшы келетін және католиктерге зияны тимейтін ұстаным шыққанға дейін ғана шыдап отырмыз” деген болатын. ҮШ 361.1

Архиепископ Сент-Луиса: «Есерсоқтық және сенімсіздік - қылмыс және Италия, Испания секілді католиктік мемлекеттерде ол басқа да қылмыстар секілді катаң жазалануға тиісті» деген еді. ҮШ 361.2

Әрбір кардинал, архиепископ және епископ папаға: «Мен өзімнің қожайыныма (папаға) және оның маңайындағыларға бағынбайтындарды қуғынға ұшыратуға міндеттімін” деп серт береді. Әрине Рим католиктік шіркеуінде өзіне түскен жарыққа сәйкес қызмет ететін шынайы мәсіхшілер де бар. Оларға Киелі Кітапты зерттеуге тыйым салынған, сондықтан да олар ақиқатты білмейді. Олар Құдайға бар ниетімен қызмет ету және әдет бойынша жасалатын дәстүрлердің арасындағы айырмашылықты ешқашанда көрген емес. Құдай олардың жағдайын жаксы түсінеді және оларды коршап тұрған қою қараңғылықты міндетті түрде сейілтуге тырысады. Ақиқаттың бұлағынан сусындатады, сөйтіп олардың көпшілігі Құдайдың қалаулыларының қатарына косылады. ҮШ 361.3

Бүгінде католиктік көзқарас пен Мәсіхтің Ізгі хабарының ортақ ештеңесі жоқ. Католик шіркеуі дүние жүзінің билігін қолына алу үшін үлкен жоспар құрып, сол бойынша жұмыс жасауда. Католицизм майданның барлык, шептерін бұзып, ақиқаттың үстімен баса көктеп келеді. Олардың шіркеулерінің протестанттык мемлекеттерде өсіп келе жатқанына көңіл аударыңыздар. Америкада католиктік семинариялар мен колледждер ете көп және олардың барлығын протестанттар басқарады. Ар-ұждан бостандығына қауіп төніп тұр. Бұл Ізгі хабардың таза ұстанымдарын бағалайтындардың барлығын толғандыруы керек. Көңіл аударатын жайттардың бірі - протестанттар папалықтармен жақындасып, тіпті оларды жақтап коріайтын болды. Кейде олар католиктердің өздерін таң қалдыратын келісімдерге дейін барады. Жұрт католицизмнің мінезіне көзін жұмып тұр, яғни елеуді қойды. Егер билік толық дерлік папаның қолына тисе азаматтык, және діни бостандыққа қандай қауіп төнетінін ешкім ойлап тұрған жоқ. ҮШ 361.4

Көпшілік протестанттар католиктердің дінін тартымсыз, ал олардың қызметін мағынасыз әурешілік деп есептейді. Католицизмнің негізі етіріктен құралғанымен, бүл өтірікті дөрекі және тартымсыз деп айта алмайсың. Рим шіркеуінің діни қызметі өте тартымды өтеді. Зәулім ғибадатханалар, салтанатты шерулер, жалтжұлт еткен алтын мехраптар, қымбат бағалы тастармен әшекейленген мазарлар, данышпан суретшілердің еңбектері, мәрмәр мүсіндер, тамаша әуендер - осының барлығы кереметке деген сүйіспеншілікті білдіреді. Органның терең де сұлу әуені ән салушылардың дауысымен жалғасып, жиналған жанның бойында киелілікке деген тамаша сезімді оятады, ешкімді де жай қалдырмайды. ҮШ 361.5

Шын мәнінде бұл алдамшы, сыртқы сұлулық қана. Мәсіхтің діні өдемі киімді қажет етпейді. Құдайға керегі адамның ішкі дүниесінің сұлулығы. Сыртқы сұлулыққа қарап, бұл адамның жан дүниесі таза деп айта алмайсың. Талғампаздық, өнер тану секілді қасиеттер кейде бұзылғандықпен көршілес тұрады. Көпшілігінде албасты адамзат баласына мәңгілікті ұмыттырып, осы дүниенің қызығы үшін емір сүруге талпындырады. ҮШ 362.1

Діннің сыртқы қалыпына ғана қызығатындар аз емес. Католик шіркеуіннің қызметі, яғни ұлы болып көрінетін рәсімдері шын мәнінде еліктіретін, сиқырлы күшке ие және соған көп адамдар еліктейді. Жүректері Киелі Рухтың жанасуымен жаңармаған, Мәсіх жайлы таза ілімді игермеген жандар, осындай өлі дінге ие болғандарына мәз болып жүре береді. Тек ақиқаттың негізінде нық тұрғандар ғана олардың алдауына түспейді. Католиктік шіркеу адамдардың күнәларын кешіруге құқылымыз деп жариялағандықтан, жұрт еш қысылмай күнә жасай беруге болады екен деп ойлайды, ал күнө кешіру рөсімі зұлымдық жасауға еркіндік беріп тұрғанмен бірдей. Күнәкар пенденің алдында тізе бүгіп, оған өзінің құпиясын ашу - өзін өзі кемсіту, адамгершілік қасиеттерін аяқ асты қылып, жан тазалығын таптату болып саналады. Дін кызметкерлеріне өзінің күнәсі жайлы айту, олар кейде маскүнемдер мен бұзылғандар болуы мүмкін, адамның өз езіне деген жауапкершілігін төмендетеді және оны ластайды. Осылайша адам күнәкар пендеге қарап Құдайды көріп тұрғандай болады, яғни олар Құдайды күнәкар пенденің деңгейіне дейін төмендетеді. Сонымен бір адамның екінші адамның алдында кішірейіп, оған өз сырын айтуы - адамзатты шірітетін зүлымдықтың күпиясы болып табылады. Әрине кесірді жақсы көретіндер жұрегіндегі сырын Құдайға айтқанның орнына адамға айта салғанды жеңіл көреді. Адам күнәдан бір жола бас тартқанның орнына, өзін осылай жұбатқанды тәуір санайды, өйткені оның табиғаты сондай. Тән талабынан бас тартқанша, оны әдейілеп азапқа салғанды ұнатады. Жүгін Мәсіхке бергеннің орнына , оны өзі тасуға дайын түрады. ҮШ 362.2

Мәсіх алғаш рет жер бетіне келген кездегі яхудейлік ғибадатхана мен католиктік шіркеу бір біріне керемет үқсас. Яхудсйлер Құдай заңын құпия түрде барынша аяқ асты қылғанымен, сырт кезге оны барынша қорғап, оның орындалуын қиындатып, неше түрлі ережелер және салт-дәстүрлермен таңып тастаған. Сол секілді католиктер де айқыш ағашты барынша әспеттегенімен, өздері сол ағашқа Керілгеннен бас тартады. ҮШ 362.3

Мысалы папалықтар өз шіркеулерінде мехраптарды, тіпті киетін киімдерін де айқыш ағашпен әшекейлейді. Сырт көзге карағанда айқыш ағаштың мәртебесі көтеріңкі. Бірақ Мәсіхтің таза ілімі қатыгез қалыптың, жалған талқыланулардың, қажетсіз дәстүрлердің астында жерленген. Құтқарушының фанатизмге ұшыраған яхудейлерге арналған сөзі Рим католиктік шіркеуінің басшыларына да арналады: «Жұрттың иығына көтеріп жүруге қиын борыштарды іледі, бірақ оны көтерісуге қолдарының ұштарын да тигізбейді» (Матай 23:4). Ізетті адамдарды Құдаймен қоркытып үстап, өздері солардың арқасында рахаттанып, шылқып өмір етеді. ҮШ 363.1

Бейнелер мен қаңқаларға бас ию, өулиелерді арашашы қылу, папаның даңқын арттыру - мұның бөрі Құдайды және Оның Рухани Үлын көлеңкелеп, көрсеткізбей тұратын албастының ісі. Ол «Барлық қамыққандар мен шаршағандар Маған келіңдер, Мен сендерге тыныштық беремін” деп шақырып тұрған Раббым Алланы өзімен алмастырып тұр. ҮШ 363.2

Ібіліс Адамдарға Құдайдың мінезін, күнәнің табиғатын және де ұлы шайқастың шынайы себептерін бұрыс үсынады. Ол, адамдар Құдай заңын орындауға жауапты емес деп сендіріп, оларды күнә жасауға итермелейді. Артынша Құдай оларды жазалауға дайын тұрғандай көрсетіп, Оны жек көргізеді. Сейтіп өзінің қатыгез мінезін Құдайға таңады. Бұл көптеген шіркеулердің ілімдеріне нығыз енген және олардың кызметтерінің формасынан жақсы байқалады. Сөйтіп адамдар ақиқатгьщ қайда екенін, өтіріктің қайда екенін білмей дал болады. Құдай жайлы қате түсініктер пұтқа табынушыларға адамдарды қүрбандыққа шалғызған, осылайша олардың арасында қашпама жүрек айнитындай қатыгездіктер жасалған. ҮШ 363.3

Пұтқа табынушылық пен мәсіхшілікті біріктіріп тұрған Рим католиктік шіркеуі сол кәпірлер секілді Құдайдьщ мінезін бұрмалап көрсетіп, дәл сол қатыгездіктерді қайталап түр. Папаның билік құрып тұрған кезінде шіркеу өзінің ілімін жұртқа қарудың күшімен қабылдатты. Одан бас тартқандарды алау күтіп түрды. Тек соңғы Құдайдың соты болатын күні ғана қаншама адамдардың ақиқат үшін қырылғаны белгілі болады. Шіркеу қызметкерлері албастының басқаруымен не өлмейтін, не жітпейтін, тек адамдардың жандары ғана шырылдап қиналатын қарулар ойлап тапқан. Олардың жандары ағзалары шайқасудан бас тартқанға дейін қиналып, бұдан кейін өлімді олар қуана-куана қарсы алған. ҮШ 363.4

Мұндай тағдыр Римнің қарсыластарының бәрінің басына түскен. Шіркеудің мүшелеріне қатаң тәртіп тағайындалған. Оларды ағзасын шаршататын шектеусіз оразалармен, өздерін жәбірлейтін неше түрлі тәсілдермен айналысуға мәжбүр еткен. Осылайша олар «Аспанның батасын аламыз» деп, табиғаттың заңын аяқ асты етіп Құдай заңын бұзған. Католиктер шіркеуі адамдарға Құдайдың қуаныш пен бақыт үшін берілген жақсылықтарының барлығынан бас тартқызып үйреткен. Құдайдың қаһарына ілігіп қалмау үшін табиғи талғамдарынан бас тартып, өздерін азапқа әдейілеп салған миллиондаған адамдар осы шіркеудің молаларында жерленген. ҮШ 364.1

Албастының қатыгездігін түсіну үшін, католицизмнің тарихына бір ақ - рет көз жүгіртсе болғаны, ол тайға салған таңбадай көрінеді. Ғасырлар бойы бұл зұлымдықтардың барлығы Құдай туралы ешқашан естімегендердің арасында емес, мәсіхшіліктің дәл жүрегінде болған оқиғалар. Бар әлемге құбыжық болып танылған жүйені пайдаланып, адамзатты жан түршігерлік қасіретке ұшыратып, Құдайдың абыройын түсіріп зұлымдықтың көкесі көздеген мақсатын орындады. Біз оның Киелі Жазбаны жек көретінін біреудің қолымен от көсейтінінен, дәлдеп айтқанда шіркеу басшыларын айызы қана отыра пайдаланғанынан - ақ көре аламыз. Егер жұрт Киелі Жазбаны ашып окыса, Құдайдың мінезін бірден таныған болар еді. ҮШ 364.2

Ей, адамдар! Аллаға сендерден керегі мейірімді момын мінездерің мен тап - таза жүректерің ғана. ҮШ 364.3

Мәңгілік өмірге ие болу үшін монастырға барып дайындалыңдар деп, Мәсіхтің ерлер мен әйелдерге кеңес берген жері жок. Ол бойларыңнан сүйіспеншілік сезімдерді тепкілеп шығарыңдар деп үйреткен жоқ. Құтқарушының жүрегі үнемі сүйіспеншілікке толы болды. Адам имандылыққа (өнегеге) неғұрлым жақын болса, күнәнің не екенін тереңірек түсіне алады, соғұрлым қамыққандардың жағдайларын да жақсы ұғады. ҮШ 364.4

Папа өзін «Құдайдың жер бетіндегі орынбасарымын” дейді. Бірак ол жүрегі сүйіспеншілік пен мейірімге толы Құтқарушымен «қатар тұруға» шыдамы жетер ме екен? Мәсіх «Маған қүрмет көрсетпедіңдер» деп, кімді зынданға тастапты? Кімнің жанын қинапты? Өзін қабылдамағандарға қашан өлім жазасын кесіпті? Бірде Самария жерінің түрғындары Мәсіхті жаратпай, кемсіткені үшін, Оның шәкірттерінің бірі - Жохан: «Тәңірім! Аспаннан от түсіп, мыналарды жалмасын деп айтсақ қайтеді?» дегенде, Мөсіх оларға аяушылықпен қарап: «Адамзат Ұлы халықты қыру үшін емес, құтқару үшін келді” деген болатын (Лұқа 9:54- 56). Байқап қарасаңыздар өзін өзі сайлап қойған жалған «орынбасар”, яғни папа Мәсіхке тіпті де ұқсамайды. ҮШ 364.5

Қазіргі кезде Рим шіркеуі әлемге 32 тісін көрсетіп, күлімсіреп тұр. Ол мәсіхшілдіктің киімін киіп, сырт пішінін түзеткені болмаса, ішкі дүниесі сол қалпында борсып жатыр. Барлық ілімдері мен ұстанымдары, сол бір халықтың басына қара бұлт шүйілген күңгірт замандағыдай қалпында тұр, өзгерген дәнеңесі жоқ. Ешкім алданбай-ақ қойсын. Ендігі жерде протестанттар кол үшін беруге дайын тұрған папалықтар, ақиқат үшін әділеттілер жандарын пида қылған, реформация заманынан алыс кеткен жоқ. Керісінше , езгеріссіз сол қалпында. Бұл - Раббым Алланың құқығын өзіне тартып алып тұрған - үстемші тап. Адамзаттың бостандығына шабуыл жасап тұрған, Жаратушының әділеттілерін қырған жауыз. Оның бойын билеп тұрған рух - сол баяғы зұлымдық рухы. Аянда айтылғандай: «соңғы күндерде шегінгендер” деп папалық аталады. Рим шіркеуі хамелеон секілді, сырт пішінін мың құбылтқанымен, ішкі дүниесі бәз баяғы қалпы. Тарихы адамдардың қанымен жазылған бұл билікті Мәсіхтің иііркеуінің бір бөлігі деп атауға бола ма? ҮШ 365.1

Протестанттық мемлекеттер «бұрынғы кездегідей емес, қазіргі кезде протестантизм мен католицизмнің айырмашылықтары көп емес» деген пікірде. Шынымен де айырмашылык жоқ деуге болады. Бірақ католицизм езгерген жоқ, олардың ұстанымдары сол қалпында қалды, ал протестантизм болса тым өзгеріп кетті. Протестанттар белдерін бекем буып, «бір кезде тақуаларға берілген сенімді” қорғағанның орнына, тым қатты кеткендері үшін Римнен кешірім сұрап әуре болып жүр. Римнің бұрынғы жасаған қатыгездіктерін қараңғыльтқтың салдарынан болған қателіктер деп есептеп, ендігі жерде білім, мәдениет, өркениет, бостандық шыдамсыздық пен қатыгездікке жол бермейді деген ойда. Осындай дамыған ғасырда «қанаушылық” болады деген тіпті күлкілі екен дейді біреулер. Қазір ғылымның, діннің, инабаттылықтың өркендеп тұрған кезі екенін ешкім қате деп айта алмайды. «Киелі Жазбаның беттерінен әлемге жарық түсіп тұр” деседі олар. Бірак жарық неғұрлым жарқырай түскен сайын, оның сәулесінен тасаланып, шеткері тұрғандар үшін түнек қоюлана түседі. ҮШ 365.2

Егер протестанттар Киелі Жазбаны түзу тілек тілей отыра зерттесе, папалықтың нағыз мінезін көрген болар еді. Бірақ олар өздерінің даналықтарына сүйеніп алғандары соншалықты, Құдайды және Оның акиқатын керек деп санамайды да. Олар Құдайды үнемі естерінде сақтайтындай сыңай танытады, бірақ өздері Оны тезірек ұмытуға асық. Осы айтылған мінездемеге папалықтың мінезі сайма-сай келеді. Ол екі топтың адамдарының сауалдарына да жауап береді: біреулері өз еңбектерімен құтқарылам деушілер, екіншілері күнәкар болған күнде де құтқарыламыз деп сенетіндер. Папалықтың барлық жерлерге танымал болуының құпиясы да осында. ҮШ 365.3

Қараңғылық, надандық папалықтың билігінің өркендеуіне көп себін тигізді. Десе де сауаттылық та оның билігінің кең етек жаюына кедергі болып тұрған жоқ. Өткен ғасырларда халық Құдай сөзін білмегендіктен жаурады, көкіректері соқыр болып кұрулы тордың шырмауына оратылып қалды десек, қазір «жалған ғылым” атты теория пайда болып, соған мастанып адасып жүргендер аз емес. Алланың жоспары бойынша адам ақылын, білімін Құдайдың берген сыйы деп тауып, оны Жаратқанға қызмет етуге жұмсаулары керек. Ал менменшілдік пен өркөкіректік адамның теориясын Құдайдың созінен жоғары қойғызатын болса, онда өрине адамға білімділік надандықтан да жаман кесірін тигізеді. Осылайша орта ғасырлық түнек кезінде надандак папалыққа қалай жол ашса, қазіргі кездегі жалған ғылым жұрттың Киелі Жазбаға деген сенімін жойып, папалықтың «тартымды” дәстүрлеріне жол ашып беріп тұр. ҮШ 366.1

АҚШ-тағы протестанттар шіркеу ұжымдарын мемлекеттің қолдауымен қамтамасыз етеміз деп, католиктердің ізімен жүріп келеді. Олар тіпті протестанттық Америкада папалықтың ежелгі уақытта жоғалтқан билігін қайтып беруге мүмкіндік жасауда. Бұл қозғалыстың ең басты және құпия мақсаты католиктік шіркеудің билігінің рәмізі болып саналатын жексенбі күнін бар әлемге ықтиярымен немесе ықтиярсыз сақтату. Папалықпен келісу - неше түрлі мағынасыз салт-дәстүрлермен келісу, яғни адамның ойлап шығарған аңызын Құдайдың парызынан жоғары қою деген сөз. Егер оқырман қауым болашақтағы шайқасқа қандай күштердің жұмылдырылатынын білгісі келсе, Римнің ежелгі кезде көздеген мақсатына жету үшін қандай қаруларды пайдаланғанына көңіл аударсын. Егер сен католиктер мен протестанттардың бірігіп алып, олардың догмалармен келіспейтіндерге қалай қарсы шығатынын түсінгің келсе, Римнің сенбіге және оның қорғаушыларына калай қарайтынын көр. ҮШ 366.2

Патшалардың жарлығы, үлкен - үлкен шіркеулер, үкімет қолдауымен шығарылған шіркеу қаулылары бұл салт-дәстүр мерекелерін мәсіхшілер әлеміне енгізген баспалдақтар (сатылар). Ең алғашқы міндетті түрде жексенбінің сақталуы бекітілген және ашық түрде жарияланған құжат (акт) 321 жылы Константин қабылдаған заң болатын. Күнге табынушылардың дәстүрінен мәсіхшілікке енген бұл қаулы диқаншылардан басқа, барлық қала халықтарына жексенбі күні жұмыс істеуге тыйым салды. Бұл пұтқа табынушылардың (язычники) дәстүрлерінен алынған мереке болғанымен оны мәсіхшілікті бер жағымен қабылдаған император бекітті. ҮШ 366.3

Құдайдың парызын доғарып тастатуға бұл аз болғандай Константиннің жакын досы, Рим епископы Евсевий, Мәсіх Өзі сенбіні жексенбіге алмастырған деп, жұртты соған сендіргісі келді, бірақ бұл айтқанына Киелі Кітаптан бірде дәлел табылмаған соң, өтірігін мойындап шығарылған қаулының шын авторы кім екенін айтуға мәжбұр болды. Осылайша Ұлы Құдайдың адамзатқа өсиет етіп қалдырған сенбі күні туралы заңы аяқ асты етілді. Ал бұл әлемнің билеп төстеушілерінің көңілінен шыққысы келгендердің барлығы, айтулы қаулыны қабыл алды. Папалық билік беки түскен сайын, жексенбі күні де мәндене бастады. Егістікпен айналысатын адамдар шіркеуге келмейтін, бірақ жетінші күн сенбі ретінде қүрметтелетін. Бара-бара жағдай түбегейлі езгерді. Канцелярия қызметкерлеріне жексенбі күні қандай да бір азаматтық істер жөнінде шешім шығаруға тыйым салынды. Көп ұзамай жексенбі күні жұмыс істегендерге айыппұл салынатын болды, ал құлдар соққыға жығылды. Кейіннен шыққан жарғы бойынша бай адамдар жексенбіні сақтамаса мүлігінің жартысынан айрылатын болған, ал алған беттерінен қайтпағандарды кұлдық күтіп тұрды. Қарапайымдар өмірлерінің соңына дейін қамауда отыруға тиісті болды. Папалық билік өзінің шығарған каулыларын бекіте түсу үшін, неше түрлі таңғажайып әңгімелер таратуды әдетке айналдырды. «Бір егінші жексенбі күні жер жыртып жүрген кезінде, жерді тазалап жүрген темір қаттамасы қолына кіріп кетіп, оны шығара алмай екі жыл бойы бейнет көріп, масқара болған екен». Папалықтар ойдан шығарылған әңгімелерімен жұртты үрейлендіріп, өз дегендерін істетпек болған. ҮШ 367.1

Кейін папа дін қызметкерлеріне, жексенбі күнін бұзушыларға «шіркеуге келіп, мінәжат етпесеңдер өз бастарыңа және жақындарыңның бастарына пәле тілеп аласыңдар” - деп, оларды үрейлендіретін корқынышты уағыздар айтыңдар деген тапсырма берді. Шіркеу жексенбі күнінің пайдасына, кейін протестанттар арасында да кең тараған айғақтар ұсынды. Олар: «жексенбі күні жұмыс істеген адамдарды найзағай соғатын болғандықтан, ол күн сенбі болып саналады» - деп кортындылады. «Әрине, Құдай Оның күніне теріс қарағандарды жақтыртпайды» - деп жариялады прелаттар. Келе жатқан игілік үшін жексенбі күнінің құрметтелуі бәрінен талап етілді. Осы шығарып жатқан жарлықтары аз болғандай шіркеу үкімет билігіне жүгініп, солардың көмегімен «жексенбі күні жұмыс істегендер жазаланады» деген каулы шығарған. Сонан соң Рим басшыларының отырысын- да осы шешімдердің барлығы бекітіліп, бүкіл мәсіхшілер әлеміне міндет ретінде таңылды. Бірақ: «Жетінші күн - сенбіні Құдайыңа арна» - деп Киелі Жазбада мазмүндалып тұрған Алланың талабы римнің жексенбі жайлы қаулысымен сәйкес келмегендіктен, оньщ шындық екеніне кепшілік күмәнданды және сол жөнінде көп қиындықтар пайда болды. Жексенбі күнінің қасиетті екеніне Киелі Кітаптан дәлелдеме табылмағандықтан, католиктерге оның орнын лақап сездермен толтыру қажеттігі туындады. ХІІ-ші ғасырдың соңында жексенбіні мықты үстайтын біреу ағылшын шіркеулерін аралап жүріп, жексенбі жайлы уағыз айта бастады. Бірақ оның сөзіне Киелі Жазудан еш дәлел табылмағандықтан, уағыздаушының кетуіне тура келді. Кейін ол Англияға қайра оралды және өзімен яки Құдайдың Өз қолымен жазғаны десті «сенбінің орнына жексенбіні сақтаңдар” деген бұйрығы берілген ораманы алып келді. Сонымен қоса ол «бұл Ғолғота дөңіндегі қасиетті Шимионның құрбан шалатын жеріне аспаннан түскен хат” - деген лакап таратты. Ал шын мәнінде бұл «қасиетті құжат” Римде, папаның сарайында жазылған, оның пасықтығын дәлелдейтін жалған хат болатын. ҮШ 367.2

Папаның иерархиясы барлық ғасырларда да дәл осылай өз шіркеуінің көркеюіне себін тигізетін кез келген айла тәсілдерді пайдалана берген және онысын ешқашан ұят санамаған. Айтулы орамада «сенбі күні сағат үштен бастап дүйсенбі күн ұясынан шыққаиша барлық жұмыс атаулы тоқтатылсын” делінген. Олар осы талаптардың орындалуының қажеттігін көптеген ғажайып оқиғалармен негіздеген. Айтулы уақытта жұмысын тоқтатпаған біреу сал ауруына ұшырапты. Ұн тартушы ұнның орнына қан пайда болғанын көрген және судың қысымына қарамастан құрылымының дөңгелектері тоқтап қалған екен. Жексенбі күнін керек қылмай нан пісірген әйел пештен нанын шикі күйінде алып шығыпты. Ал керісінше жексенбі болып қалғанын көріп, жұмысын дереу тоқтатқан әйелдің наны дүйсенбі күні өздігінен пісіп дайын бола қалыпты. Енді бір әйел жексенбі күні нан пісірген екен, нанын турап қалғаида ортасынан қан шығыпты. Осылайша Рим шіркеуінің билеушілері неше түрлі ақылға қонбайтын, мағынасыз тәсілдермен жексенбі күнінің қасиеттілігін белгілемек болған. ҮШ 368.1

Шотландияда да Англиядағы секілді жексенбі күнін құрметтететін қаулы шықты және оған жартьшай сенбі кіріп тұрғандықтан ол мүмкін болды. Шотландияның патшасы: «Қасиетті күн сенбі күнгі 12 басталып дүйсенбі таң атқанша жалғасады, оны бұзуға ешкімнің қақысы жоқ” - деген декрет шығарды. ҮШ 368.2

Папалыктар жексенбіні «қасиетті күн” деп тағайындауға бар күштерін салғанымен, сенбінің әулиелік мәртебесін мойындамауға дәттері жетпеді. ҮШ 368.3

XVI-шы ғасырда папалық кеңес: «Біз мәсіхшілер сенбіні жексенбіге ауыстырғанымызбен, Құдай нүрландырған жетінші күн - сенбіні тек яхудейлер ғана емес, барлық Құдайға күлшылық ететіндер сақтаған және оны барлық мәсіхшілер білуге тиісті» - деп арыз тастады. Ендеше олар Құдай заңын аяққа салып таптаған зұлымдық істерін «білместік» деп айта алмайды. Олар саналы түрде өздерін Алладан жоғары санайды. ҮШ 369.1

Римнің басқаша ойлайтын дардың барлығынқандықырғынға ұшырататынының таң қаларлық көрнекілігін сенбі күнін құрмет тұтқан вальдендіктердің өмірінен көруге болады. Төртінші заңды, яғни заңның төртінші бабын мықты ұстағандардың қандай қасіретке ұшырағандарын біз тарихтан жақсы білеміз. Осы арада Эфиопияның шіркеулерінің тарихы жайлы айтпай кетуге болмайды. Орта ғасырлық түнек кезінде Орталық Африканың мәсіхшілері көзге көрінбей қалды, яғни әлем оларға көңіл аудармады, сондықтан да олар бірнеше ғасырлар бойы дін бостандығына ие болды. Ақыры Рим оларға да жетіп, арқаларына темір тақымын батырған кезде, абиссиндік императорға папаның Құдайдың орынбасары екенін мойындауына тура келді. Бұл ымырадан кейін оларға қойылған неше түрлі талаптар толып кетті. Сонан соң сенбі күнін мерекелейтіндерге тыйым салынатын қаулы шықты. Оны орындамайтындар қатаң түрде жазаланды. Папаның айуандығын арқалап жүруге шамалары келмеген африкалықтар оны құлатуға шешім қабылдады. Қатыгез шайқастардан кейін олар папалықтарды иелік ететін жерлерінен қуып жіберді. Бірақ темір Римнің берген сабағын еш уақытта ұмытқан жоқ, өздерінің басқа мәсіхшілер өлемінен алыс жатқандарына өте қатты қуанды және қуанатын реттері де бар болатын. ҮШ 369.2

Африка шіркеулері, толық рухани құлдырауға ұшырағанға дейін сенбіні құрметтеген папаның шіркеуі секілді, сенбі күнін сақтаған. Олар құдай заңы бойынша сенбіні құрмет тұтып, сонымен қоса шіркеудің қаулысы бойынша жексенбі күні де жұмыс істемеген. Бірак Рим билігі нығайғаннан кейін оларға жексенбі күні туралы заң таңылып, оның қатаң орындалуы талап етілді. Десе де мыңдаған жылдар бойы дін бостандығына ие болып келген африкалық шіркеулер ондай жаман жолға түсуден бас тартты. Римнің қол астына түсіп шынайы сенбіні жалған сенбімен алмастыруға мәжбүр болған олар, кейіннен тәуелсіздіктері қолдарына тисімен, қайра Құдай заңының төртінші бабын орындай бастады. ҮШ 369.3

Бұл тарихи деректер Римнің сенбіні және оның жақтаушыларын қалай жек көретінін дәлелдейді және жексенбінің мәртебесін кетеру үшін қандай құралдар пайдаланғандары жайлы айтады. Киелі Кітап «бұрынғы болған оқиғалар қайталанады және жексенбіні дәріптеу үшін, католиктер мен протестанттар бірігеді» дейді. Аянның 13-ші тарауында берілген аятта: «тоқтының мүйізіндей мүйізі бар хайуан түрінде көрсетілген билік барлық жер мен оның тұрғындарын жолбарысқа ұқсас хайуанға табындырады” делінген. Сонымен қоса тоқтының мүйізіне ұқсас мүйізі бар хайуан барлық жердің халықтарына - карапайымдар мен ұлыларға, байлар мен кедейлерге, күллі құл-еріктілерге хайуанның белгісін қабылдатады (Аян 13:11-16). Тоқтының мүйізіне ұқсас мүйізі бар хайуан арқылы рәмізделетін билік - Америка Құрама Штаттары болып табылады. АҚШ міндетті түрде жексенбінің сақталуын талап ететін заң шығарған кезде, айтулы аян орындалады. Сонда папалықтьщ мәртебесін АҚШ қана көтеріп қоймайды, оған басқа мемлекеттерде қосылады. Римнің билігін мойындап келген баска жерлерде, оның әсері сол қалпында қалады. Аян оның билігінің нығая түсетіні жайлы айтады. «Мен оның бір басының қатты жарақат алғанын көрдім, бірақ кейіннен бұл жарақат жазылып кетті. Хайуанды бақылап отырған барлық жер бұған таң қалды” дейді пайғамбар (Аян 13:3). 1798 -ші жылы папалыққа қатты соққы берілді, бірақ бұл «жара кейін жазылып кетті», мұны көрген барлық мемлекеттер, пайгамбар айтқандай, хайуанға таң қалды. Елші Пауыл айтуынша «күнөкар пенде” Мөсіхтің екінші рет жер бетіне келетін кезіне дейін өрекет жасайды (2Сал. 2:3-8). Бұл билік жердің тарихы аяқталғанға дейін адамдарды алдап арбаумен болады. Жохан пайғамбар да папалыққа меңзей отыра: «Аттары Тоқтының кітабында жазылмаған жандардың барлығы оған табынады» дейді (Аян 13:8). Рим шіркеуінің беделімен бекітілген жексенбі күнін сақтау - халықтардың папалыққа бағынғандығын, оның алдында бас игендігін білдіреді. ҮШ 369.4

XIXшы ғасырдың ортасында АҚШ-та осы аянды зерттегендер оның мәнін барлық әлемге хабарлаған болатын. Қазіргі кездегі болып жатқан оқиғалар айтылған аянның орындалуының тақау екенін көрсетеді. Протестанттар папалықтар секілді ешбір негізсіз жексенбі күнінің сақталуын уағыздауда. Жексенбі күнін бұзушыларды Құдай жазалайды деген хабар қайта естіле бастады. Жексенбі күнінің мерекеленуі кең етегін жайды. Рим шіркеуінің кулығы адамды таң қалдырмай қоймайды. Олар ежелгі тәсілдерін пайдаланып әлемді ауыздарына қаратуға тырысып, оның ішінде протестанттарды дегендеріне көндіріп жалған сенбілерін қабылдатқандарына риза болып, барлық жағдайды сырттай бақылап өз сағаттарын күтіп отыр. Ақиқатты қабылдаудан бас тартатындар өзін «киелімін” деп санайтын осы биліктен, оның жалған ақиқаттарын нығайта түсу үшін, әлі де болса көмек сүрайтын болады. Сол кезде оның протестанттарға қалай көмекке жетіп келетін білу қиынға соқпайды. Шіркеуге бағынбайтындардьщ қандай күйге ұшырайтындарын папаның көсемдерінен артық кім біледі? ҮШ 370.1

Бар әлем бойынша папаның қадағалауында болатын және оған қызмет ететін үлкен ұжым құрылады. Онда жер шары бойынша «шіркеудің басы ретінде, папаға бағынуға тиістіміз” деп есептейтін миллиондаған халық тәлімденеді. Азаматтығы мен ұлтына қарамастан олар айтулы шіркеуді сыйлауға тиісті бола- ды. Тұрып жатқан еліне адал болуға серт бергеніне қарамастан, Римге бағынуға берген уәдесі бәрінен де жоғары болып шығады және Римнің талабымен сай келмейтін басқа міндеттердің барлығынан олар босатылады. Тарихқа көз жүгіртіп қарайтын болсақ Рим өмір бақи барлық халықтардың ішкі істеріне араласқан екен және кедергі болғандардың барлығын қара болсын, төре болсын қырып жою арқылы көздеген мақсаттарына жетіп отырған. 1204-ші жылы папа Иннокентий ІІІ-ші өзінің алдында Петр ІІ-ші патшаға: «Мен, Арагонияның патшасы Петр, қожайыным папа Иннокентиге және Рим шіркеуіне адал болуға, католиктік сенімді қорғауға және оның қарсыластарын қуғындауға ант беремін” деп серт бергізген. Бұл серт «императорларды орнынан құлатып”, «өзінің әділетсіз бастығына бағынатындарды уәделерінен босататын” Рим папасының талаптарымен үйлесімді келеді. Ол әлемнің билеп төстеушілерінің Рим папасының талаптарын қалайша орындайтындығының айнасы секілді. ҮШ 370.2

Рим өзінің түрақтылығын өте мақтаныш түтады. Григорий VII-нің, Иннокентий ІІІ-нің қолданған ұстанымдарын Рим католиктік шіркеуі әлі де сақтап отыр. Билік қолдарына түссімен айтулы шіркеу осы үстанымдарды өмірге енгізуге дайын тұр. Жексенбі күнін заңды гүрде бекіту үшін Римнің көмегін сұрауға әзір отырған протестанттар өздеріне өздері есеп беруден қалған. Протестанттар осы кездеген мақсаттарын іске асырумен айналысып жатқанда, Рим өзінің жоғалтып алған бүрынғы билігін қайтаруға тырысады. АҚШ-ғы шіркеулер үкімет билігін бақылауды қолына алып, діни салт-дәстүрлерді заң түрінде өмірге енгізе бастағанда немесе басқаша айтқанда шіркеу мен үкімет бірігіп, адамдардың арұжданын билеп төстеуге күш салған кезде, Рим салтанатты түрде жеңісін тойлайтын болады. Осы айтылған ескертулерге протестанттар қазір көңіл аудармаса, кейін олардың ниетін көрген кезде, ештеңені өзгертуге шаралары болмайды, кеш қалады. Католицизмнің билігі ақырын - ақырын ұлғайып келеді. Оның билігі заң шығарылатын отырыстардан, шіркеулерден, адамдардың жүректерінен жақсы байқалады. Оның кұпия шытырмаларында (лабиринт) қанды тарих қайталанатын үлкен - үлкен ұлы ғимараттар салынып жатыр. Шешуші сәт тақағанда Мәсіхтің ізбасарларына ойсырата соққы беру үшін католиктік шіркеу білдіртпей дайындалуда. Оған ең керегі ұпайлы орынға ие болу және сол орынға ол ие болды деп айта беруге де болады. Алдағы уақытга барлығымыз Рим католиктік иерархиясының нағыз пиғылын көретін боламыз. Құдай сөзіне сенетіндер және Оның еркін орындайтындар қарамайланып, қуғынға ұшырайтын болады. ҮШ 371.1