ҮЛЫ ШАЙҚАС

33/43

32-тарау - Шайтанның торы

Құдаймен мен шайтанның арасындағы шамамен алты мың жылға созылған шайқас тамамдалатын кезеңіне жетті. Сол себепті әзәзіл Мәсіхтің ізбасарларын өзінің торына алдап түсіру үшін өнерін екі есеге арттырды. Оның көздеп тұрғаны Мәсіх киелінің Киелісінен шыққанша адамдарды тәубасына түсірмей ұстап тұру. Исаның аратүсушілік қызметі аяқталғаннан кейін ондай мүмкіндік ешкімге берілмейді. ҮШ 334.1

Ғибадатханаларда да, одан тыс жерлерде де шайтанның билігіне қарсы тұрмай, жайбырақат жүргендер оның тұтқындары болып есептеледі. Ал адам мәңгілік жайлы ойланып, көкейінде: «Құтқарылу үшін не істеуім керек?» - деген сұрақ туындаған кезде ібіліс алаңдап, Киелі Рухтьщ әсерін жоққа шығару үшін неше түрлі тәсілдерді пайдаланып, адамды адастыра бастайды. ҮШ 334.2

Киелі Кітапта Құдайдың періштелерімен бірге Оның алдына шайтанның да келгені жайлы жазылады (Әйүп 1:6). Бірақ ол Аллаға тағзым ету үшін келген жоқ, әділеттілердің арасына зұлымдықтың тұқымын себу үшін келді. Ғибадатханаға да ол дәл сондай ниетпен келеді. ҮШ 334.3

Әуелі дарынды өскери қолбасшы ретінде жоспар қүрады. Дін қызметкерінің уағызға мұқият дайындалып жатқанын көріп тұратын ол, назарын сол уағызға аударады. ( Оны жаттап алады десек те болады). Сонан соң уағыз айтып тұрған қызметкерді тыңдатпас үшін кез келген нәрсеге адамды алаңдатады, басына басқа ой салады немесе ұйықтатады. Сөйтін өз көздегеніне жетеді, яғни адамға ауадай қажетті кеңестерді естіртпей, ішкелі тұрған сусынынан айырады. ҮШ 334.4

Рухани түнектің Құдайдың қызметкерлерін алавдататынын шайтан жақсы біледі. Бұл қызметкерлердің немқұрайдылықпен, бейкамдықпсн, ойын сауықпен уақыттарын өткізіп жатқан халық үшін ұйып тұрып дұға оқып, тілек тілеп жатқандарын шайтан естіп тұрады. Оған кімді болса да бәрі бір дұғадан, Киелі Жазбаны зерттеуден алыстатып жіберсе, сол адамның ой жүйесін түгел меңгеріп алуына жақсы мүмкіндік пайда болады. Киелі Жазбадағы ақиқатты зерттеумен айналысқанның орнына, өздерін «таза, жарқынбыз” деп есептеп, басқалардың бойынан үнемі кемістік іздейтін адамдар аз емес. Сол адамдар шайтанның оң қолы болып табылады. Құдайға шынайы сенетіндер Оның еркін орындауға тырысады, ал бауырларын жазғырушы адамдар, олардың саны өте көп, сенетіндерге кедергі жасайды. Мәсіхтің ең шынайы, ең сенімді қызметкерлерін олар алданып жүргендер немесе алдап жүргендер секілді көрсетіп, дүрыс істерінің барлығын бұрысқа шығартып, сенімдері нығайып үлгермеген қарапайымдардың көкейлерінде күдік туғызады. ҮШ 334.5

Мүндай адамдардың бар екенін барлық жандар білуге тиісті. Олардың кімнің жұмысын атқарып, кімнің шашбауын көтеріп жүргенін білу қиынға соқпайды. Киелі Жазба бізге: «Оларды жемісіне қарай танисыңдар» - дейді (Матай 7:16). Ондайлар неше түрлі пәле торлап, бауырларына жайдан жай кінә тағып, өздерінің таңдап алған бастықтары - зұлым, баскесер әзәзілге ұқсап тұрады (Аян 12:10). ҮШ 335.1

Адамдардың қабілеттеріне үйлесімді келетін неше түрлі ілімдерді пайдаланып, сол адамдардың түбіне жету мақсатында жұмыс істейтін шайтанның көмекшілері көп. Оның басты мақсаты ғибадатханаға сенімсіздік пен күмәнданудың ошағы болып табылатын, жүректері Құдайдан алыс жатқан шынайы емес жандарды жинау, сейтіп Құдайдың ісіне кедергі келтіру. Көпшілік жандардың Құдайға және Оның сөзіне деген шынайы сенімдері жоқ, бірақ ақиқаттың кейбір ұстанымдарын мойындағандықтан олар «имандылар» деп саналады. Сөйтіп айтулы жандар басқаларға өздерінің кезқарастарын рухани шындық ретінде үсынады. ҮШ 335.2

Адамдардың сенімі аса маңызды қүрал емес деген өтірікке оларды сендіре отыра ібіліс көп жетістіктерге жетіп отыр. Ақиқат сүйіспеншілікпен қабылданса, адамның жаны нұрланатынын әзәзіл жақсы біледі, сол себепті ол ақиқатты жалған теориялармен, мифтармен (ертегі аңыз) жөне лақап сөздермен алмастыруға тырысады. Ол бастан-ақ Құдайдың адал қызметкерлері адам баласына жаман әсерін тигізетін жалған ілім таратушылармен шайқасып келеді. Илияс, Еремия, Пауыл пайғамбарлар Құдай сөзін кері талқылайтындармен өжеттене күрескен. He болса соның барлығын рұқсат ететін рухани соқырлықты ақиқаттың киелі қорғаушылары ешқашан қолдаған емес. ҮШ 335.3

Киелі Жазбаны өз ойларына сай қате талкылау, мәсіхшілер өлемінде жиі кездесетін әр түрлі жалған теориялар ұлы өтірікшінің еңбегінің нәтижесі, солайша ол адамдарды ақиқаттан тайдырғысы келеді. Мәсіхшілердің ғибадатханасындағы алауыздық та осы жалған теориялардың кесірі екені күмәнсіз. Жалған ілімдердің дәлелі ретінде бұл ұстаздар не басы, не аяғы жоқ мәтіндерді үсынады. Өз дегендеріне сендіріп, өз ілімдерін басқаларға мойындату үшін олар жыланның қулығын пайдаланады. Кейбіреулері Құдай сөзін әдейілеп бұрмалайды. Кейбіреулері Киелі жазудағы бейнелер мен рәміздерді өз қиялдарымен байланыстырып, таза ілімнің орнына өз тұжырымдарын ұсынады. ҮШ 335.4

Ақиқатты шын түрде аңсамай, дұға оқып, салауат айтып дайындалмай Киелі Жазбаны түсіну мүмкін емес. Католик шіркеуінің басшылары Киелі Кітаптан өздерінің ниеттеріне жауап беретін мәтіндерін таңдап алып, оны ез беттерінше талдап халыққа ұсынады, бірақ олардың Киелі Жазбаны өз беттерінше зерттеулеріне тыйым салады. Жалған ілімді бойларына сіңіргенше халықтың ештеңені білмегені артық болған болар еді. Киелі Жазу халықтың қолына еркін тиюі керек. Себебі ол Жаратушының еркін танытатын жалғыз ғана ілім. Онда біздің құтқарылуымызға қатысты жазылған маңызды шындықтар бар және олар ешқандай да қүпия емес. Періштелер, тіпті Мәсіхтің Өзі болашақта адамзатты не күтіп тұрғанын Даниял мен Жоханға ұғындырып айтқан болатын. Құдай сөзі ақиқатты шындап іздегендерге күмәнсіз қабылдайтындай етіліп жазылған. Шексіз Алла Аббақұқ пайғамбары арқылы: «Көргеніңді анық жазып ал, оқыған адам оңай түсінетін болсын» деген еді (Абқ 2:2). Тілегі түзу адамға Киелі Жазбаны түсіну қиынға соқпайды. Егер шіркеулер ақиқатты «жасырынып жатқан қазынаны» іздегендей сабылып жүріп іздемесе, ешқашанда рухани өркендемейді. Ұлы өтірікшінің «бостандық» деген сөзі копшіліктің көзін жауып тастаған. Киелі Жазуды езінің ертегісімен алмастырып қойған шайтанның сөзіне сенгендер, бостандыққа ие болдық деп ойлайды, ал шын мәнінде олар күнәнің қүлдығына түскен бейшаралар. Құдай заңына немқұрайды қарайтындардың біреуі де өркендей алмайды. ҮШ 336.1

Ғылыми жаңалықтар көпшілік жандар үшін қарғыс болып шықты. Құдай ғылым, өнер төңірегіндегі жаңалықтар арқылы әлемнің нұрлануына жол берді, дегенмен сол жаңалықтарды шығарып жатқан ғалымдар Құдай сөзін басшылыққа ала отыра еңбектенбесе, міндетті түрде тығырыққа келіп тіреледі. ҮШ 336.2

Материалдық және рухани дүние жайлы адамның білімі толық және кемелденген емес, сол себепті де олар Киелі Жазудағы пікірлер мен ғылыми көзқарастарын байланыстыра алмайды. Көпшілік адамдар теориялар мен ұйғарымдарды ғылыми фактілер деп қабылдап, Құдай сөзі осы «жалған атаулы біліммен» тексерілуге тиісті деп есептейді (ІТім. 6:20). Олар Құдайды, Оның істерін танып білуге күштері жетпейді, заң жүзінде түсіндіре алмайды, сондықтан да Киелі Жазбадағы тарихи шындық олар үшін жеткілікті айғақ болып есептелмейді. Киелі Жазудың шындық екеніне күмән келтіретіндер, Құдайдың бар екеніне де сенбейді, ал Жаратқанның шексіз билігін олар табиғаттың құбылыстары деп санайды. Осы- лайша олар иманның зәкірін жоғалтып, кұдайсыздықтың жартасына соғылып қирайды. ҮШ 336.3

Сенімнен бас тартып, адасушылыққа бет бұрғандар шайтанның құлдығына түседі. Пенделер өздерінің Жаратушыларынан дана көрінгісі келеді. Мәңгілікте де ашылмайтын құпияларды жай философияның көмегімен түсіндіріп бергілері келеді. Егер адам Құдайды танып білуге солай ұмтылса, Құдай оларға Өзін де, Өзінің ойын да ашып адамзат Құдайдың қаншалықты Ұлы екенін және өздерінің соншалықты түкке тұрғысыз екенін көрген болар еді және Құдайдың оларға жөне олардың балаларына берген игілігіне ризашылығын білдірген болар еді. ҮШ 337.1

Шайтан Құдайдың адамзатқа ашам дейтін ойы жоқ білім салаларына олардың құштарлықтарын туғызып, байғұстарды алдап қармағына түсіреді. Ібілістің өзі де дәл осы себептің салдарынан аспаннан қуылған болатын. Құдайдың ісіне араласам деуін қоймағандықтан ол қолындағы барынан айрылды. Маңайындағы періштелерді де үгіттеп, олардың жүректерінде Құдайға қарсы наразылық туғызып, сүрінулеріне себепші болды. Қазіргі кезде ол дәл сол тәсілдерді пайдаланып адамдардың санасын уландырып, олардың жүректерінде Құдайдың билігіне деген немқұрайдылықты туғызып тұр. ҮШ 337.2

Ақиқатты қабылдағысы келмейтін жандар арын тыныштандыратын тәсілдерді тауып алған. Кез келген ілім неғұрлым рухани төмен деңгейде болса, сол ілім қоғаммен жақсы қабылданады. Қазіргі кездің адамдары ой - өрісін тән талабына қызметке қойған. Киелі Жазбамен ерігіп отыруға өздерін тым данамыз деп санайтындар, қара күштің қоршауында қалады. Шайтан адамдардьщ тілеуін қанағаттандыра отырып, сол сәтті пайдаланып оларға шындықтың орнына өтірікті ұсына қояды. Дәл осы тәсілдерді пайдаланып папалықтар жұртты өзіне қаратқан болатын. Ақиқатты уағыздау қиынға соғатын болғандықтан, папалықтардың салып берген осы жолымен шынайы дінді уағыздаушылар (протестанттар) да жүріп келеді. Құдай сөзін керек етпейтіндердің барлығы өздеріне ыңғайлы, жандарына тыныш сұмдық ілімді ақикат ретінде қабылдай салуға дайын тұр. Ақиқаттан әдейілеп бас тартатындар міндетті түрде адасады. Алғашқы қабылдаған өтірігі масқара болып көрінгенмен, кейінгісі оп-оңай қабылданады. Елші Пауыл: «Сүйіспеншілікпен ұсыньшып тұрған ақиқатты қабылдамайтындарды Құдай адастырады, сол себепті олар жалған сөзге сеніп, өтірікті судай сіміреді» дейді (2Сал. 2:10-12). Сондықтанда кез келген ілімді қабылдамас бұрын байқаулы болып, ақиқат екендігіне кез жеткізу керек. ҮШ 337.3

Ұлы өтірікшінің ең сүйікті ілімінің бірі - спиритизм (сиқыршылық). Шайтан жарқ-жұрқ еткен періштенің кейпіне еніп алып, барлык, жерлерде езінің торын құрып жүр. Дұрыс тілек тілеп, Құдай сөзін мұкият зерттейтіндер жалған іліммен айналыспайды. Ал ақиқаттан бас тартатындар зұлымдықтың құрбаны болып шыға келеді. ҮШ 337.4

Тағы да ең қауіпті ілімнің бірі Мәсіхтің Құдаймен бірдей екендігін және жерге келмес бұрын Оның бар болғандығын мойындамау. Бұл ілімді Киелі Жазбаны әдейілеп бұрмалайтындар ғана қабылдайды. Айтулы ілім адам үшін өте қауіпті, өйткені ол Киелі Жазбаның мәртебесін түсіріп, оған сенімсіздік туғызады. Мәсіхтің Құдай екенін мойындамайтындарға, оны дәлелдеудің қажеті жоқ: «Өз еркімен жүретін адам Құдай Рухының тарапынан келгенді қабылдамайды, оны ессіздік деп санайды. Оны Киелі Рухтың тұрғысынан бағалау керектігін түсіну үшін рухани байлық қажет” (1Қор.2:14). Бұлай адасып жүргендер Мәсіхтің мінезі, Оның қызметі және құгқару жоспары жайлы ештеңе білмейді. ҮШ 338.1

Тағы да кең түрде тараған зиянды ілімдердің бірі шайтанның барын жоққа шығару. Көпшілік жандар ібілісті жоқ деп есептейді, ал Киелі Кітапта оның есімі адамдардың жаман ойларын бейнелейтін рәміз саналады демекші. Мәсіхтің жер бетіне екінші рет келетіні жайлы ақиқат бүрмаланып, Ол кез келген адамға өлгеннен кейін келеді деген лақап сөз бар. Бұл сөз Мәсіхтің шын мәнінде қалай келетінін білетін адамдарды алаңдатады. Қазіргі кездің данышпандары адамдарга тілeк тілсудің қажеті жоқ деп үйретеді. Тілегіңе жауап any деген таңғажайып қүбылыс, ал таңғажайып оқиғалардың болуы мүмкін емес деген тұжырымдарды айтады. Ғалам белгілі бір заңға бағынады. Ол заңды Құдайдың Өзі де орындайды дейді олар. Сонда заң Құдайдың бостандығын жоққа шығарып тұрған секілді. Ал мұндай ілім Киелі Жазбаға қарама-қайшы келеді. Мәсіх және Оның елшілері ғажайып істер жасамап па екен? Бүгінде мейірімді Құтқарушымыз тірі және Ол адамның тілегіне жауап береді. Табиғи табиғидан жоғарымен бірігеді. Қажетімізді шын жүректен тілек тілемей ешқашанда ала алмаймыз - бұл Құдайдың жоспарының бір бөлігі. ҮШ 338.2

Мәсіхшілер ғибадатханасында жалған ілімдер мен ойдан шығарылған ережелер қаншалықты көп десеңізші! Құдай сөзімен бекітілген ұстанымдардың біреуін алып тастағанның өзінде, заңның шекілуінің ғибадатханаға қаншама кесір әкелетінін айтудың да қажеті жоқ. Бір ғана ақиқатты алып тастап, сонымен тамамдалып отырғандардың саны өте аз. Көпшілігі ұстанымдардың бірінің соңынан бірін алып тастап отырып, ең соңында нағыз кәпірлер болып шыға келеді. ҮШ 338.3

Кең тараған теологияның қателері жұрттың бетін Киелі Жазбадан бұрып, скептицизмге әкеліп тірейді. Әділеттілік, мейірімділік, жанашырлық - бұлар баға жетпейтін байлық. Егерде дұшпан Киелі Жазбада бұл құндылықтар аяқ асты етіледі деп жариялап, соған адамды сендірсе, ол адам Киелі Кітапты ешқашанда қолына алмайды. Шайтанның көздейтіні де осы. Ол адамның жүрегінен Құдайға және Оның сөзіне деген сенімді жойып жіберуді армандайды. Әзәзіл иман байлығы жетіспейтін дүмбілездердің әскерін басқарып келеді және оларды тезірек өзінің құлына айналдыруға тырысады. Бүгінде имансыздық сәнге айналды. Киелі Жазу және оның Авторы күнөні ашық әшкерелейтін болғандықтан көпшілігі оған сенімсіздікпен қарайды. Құдайға бағынғысы келмейтіндер, жазбаның абыройын түсіруге тырысады. Мұндай адамдар Киелі Жазбаны оқиды, уағыздаушыны тыңдайды, бірақ езіне тәлім алу үшін емес, одан қате іздеп, шенеу үшін. Өзінің парызына немқұрайды қарағандықтан кәпір болып шыға келетіндер аз емес. Кейбіреулеріне Құдайды қабылдауға өркөкіректік, жеңілтектік кедергі жасайды. Жеңіл өмірге құнығып алғандар жақсылық жасауға, қүрметтеуге тұрарлық қылықтарға қадам жасауға батылдары жетпей, Киелі Жазуды келемеждеп данышпан атанғылары келеді. Құдайдың даналығынсыз біздің шектеулі санамыз көп нәрсені игере алмайды. «Қолы жетпеген қорлауыш» дегендей ақылы жетпейтіндер сынауға көшіп, мін тағумен айналысады. Енді біреулер құдайсыздықпен, скептицизммен сусындарын қандырады. Олардың бергі жағындағы шынайылықтарының сыртында өркөкіректік пен менменшілдік жасырынып тұрады. Біреулер Киелі Жазбадан жұртгы тығырыққа тірейтін жерлерді әдейілеп іздейді. Кейбір жандар дау-дамайды жаксы көргендіктен сөз қоздырады, кейін ездерінің торға қалай түскендерін де сезбей қалады. Бір рет сеніміңнің жоқтығы жайлы жарияласаң, кейін өз сөзіңнен бас тарта алмай қаласың. Осылайша жауыңның жағына қоныстанасың, содан кейін сен үшін жұмақтың есігі жабылады. ҮШ 338.4

Киелі Жазбада Мәсіхтің Құдай екені жайлы дәлелдемелер жеткілікті түрде берілген. Біздің құтқарылуымызға катысты ақиқат айқын түрде жазылған. Уәде етілген Киелі Рухты бар ниетімен сұрағандар алады және шындықты өз бетінше зертгеп таба алады. Құдай біз үстіне иманымызды қалай алатындай мықты негіз орнатқан. ҮШ 339.1

Дегенмен біздің шектеулі санамыз Құдайдың көздеген мақсаты мен Оның жоспарын толық үға алмайды. Біз - пенделер ақылымызбен Құдайды ешқашанда таба алмаймыз. Оның құпияларын білуге ұмтылыс жасаудың кажеті де жоқ. Пайғамбар: «Құдайдың даналығы неткен шексіз, парасаты қандай терең! Шешімдеріне адамның ақылы жетпес, жолдарын Оның ешкім зерттеп бітпес!” - деп шаттанады (Рим.11:33). ҮШ 339.2

Бізге тек Оның мейірімді, таусылмас күш пен шексіз махаббат Иесі екенін білгеніміз жеткілікті. Құдай бөрін біледі, сондықтан өмірімізді Оның мейірімді қолына тапсырып, Оған шын ниетпен тағзым етіп, Оған бағынуымыз керек. Біз үшін Құдайға сенбейтіндей ешбір себеп жоқ. Киелі Өз ойлағанын адам баласына керегінше ашады, ал «одан жоғарысын” адам Алладан күтіп отыруы керек. ҮШ 340.1

Қyдай адамзатты Өзіне сендіруге жеткілікті дәлелдемелер бергенімен, сенбеушілікке әкелетін себептерді алып тастамайды. Сыныкка сылтау іздейтіндер оны табады. Құдайға бағынудан жөне Оның сөзін қабылдаудан бас тартатындар, күдіктенуге әкеліп соқтырған барлық кедергілер жойылып болғанша, ешқашан жарыққа шыға алмайды. ҮШ 340.2

Аллаға деген сенімсіздік Онымен жауласудың нәтижесінде пайда болады. Сенімді Киелі Рух береді, ал оны өсіріп, нығайтуға адам өзі күш салуы керек. Саналы түрде күш жұмсамай, нығыз сенімге ие болу қиын. Егер үнемі қамын жасап отырса, сенімсіздік адамның жүрегіне үялап алады. ҮШ 340.3

Құдайға сенбей, күмәнданып отыратындар Алланың атына кір келтіреді сондай-ақ өздерінің жаман үлгілерімен маңайындағыларға әсер етеді, оларды Мәсіхтен алыстатады. Ондай адамдар жемісі жоқ, жалаңаш ағаштарға ұқсайды. Ақыр заман келгенде олардың өмірлері әділетсіз істерінің куөсі болады. Олар күмәндану мен сенімсіздіктің дәндерін отырғызады жөне өлбетте соған сай жемістерін алады. ҮШ 340.4

Ал бойларына ұялап алған күдіктен шынайы түрде арылғысы келетіндердің одан құтылатын бір ғана қүралы бар, өздеріне түсіп тұрған жарыкка жол беру. Сонда олар нұрланған үстіне нұрлана түседі. Әуелі олар ездеріне түсінікті міндеттерді орындаулары қажет, бұл ерекеттер ақиқатты түсінуге көмектеседі, кейін олар сол ақиқат бойынша өмір сүрулері керек. ҮШ 340.5

Жан қиярлық қастерлі іске бел буу, жігерлік сияқгы игі қасиеттерден жүрдай, алдануға дайын тұратын адамдарды жын оп-оңай алдайды. Ал ақиқатты бар ниетімен «сабылып жүріп” іздейтіндердің жүректерін ол жаулап ала алмайды. «Мөсіх - ақиқат, осы дүниенің адамдарына нұрын себетін шынайы жарық” (Жохан 1:9). Алланың еркін орындағысы келетіндер Оның ілімін білетін болады (Жохан 7:17). «Іздеңдер, сонда табасыңдар» - дейді Иса (Матай 7:7). ҮШ 340.6

Мәсіхтің ізбасарлары албастының және оның әскерінің оларға қоятын кесірлі кедергілері жайлы аз біледі. Құдай болса бұл кедергілерді Өз жосиарын іске асыру үшін пайдаланады. Алла Өз халқының қасіретке ұшырағанын, қайғыға батқанын қаламайды, бірақ қатаң бақылаудан өтуіне кедергі де жасамайды. Себебі бұл сынақтар адамға күнәні жеңе білуіне кемектеседі. ҮШ 340.7

Егер біз шын ниетімізбен Құдайдың жағы болуды қаласақ, жексүрын болсын, жын болсын бізді Алладан айыра алмайды және Құдай ісіне кедергі де келтіре алмайды. «Кез келген күнөға күшпен және әскермен емес, Менің Рухыммен қарсы тұра аласындар” - дейді Расул Алла (Зөк. 4:6). ҮШ 341.1

«Құдайдың назары бізге бағытталған жөне біздің тілегімізді Ол әр дайым естиді... Егер біз жақсылықты қызғанышпен қорғай білсек, кім бізге зұлымдық жасай алады?» (ІПетір. 3:12-13). ҮШ 341.2

Шұғайып дүниеге қызығып, сиқырын Исраилге бағыттап, құрбандығын шалып Құдайдың халқына қарғыс атқысы келгенде, Алланың Рухы бұл зұлымдықты тоқтатуға кедергі қойды. Сонда Шұғайып ышқынып: «Құдай оларды қарғамаса, мен қалайша қарғаймын? Құдай оларға зұлымдық жасамаса, қалайша мен жасаймын?” деп айғайлап жіберді. Екінші рет құрбан шалынған кезде жексұрын пайғамбар Шұғайып алғашқыда айтқан қарғысын қайталағысы келді, бірақ аузынан қарғыстың орнына бата шыға бастады. Үшінші рет құрбан шалынған кезде Шұғайып қаргысын үшінші мәрте қайталағысы келіп еді, оның аузымен Киелі Рух сөйлеп: «Саған батасын беретіндер баталы болсын, каргыс ататындар өздері қарғысқа ұшырасын!” деп жария етті (Рул. 23:8,10,20,21,23;24:9). ҮШ 341.3

Ол кезде Исраил халқы Құдайға адал болған. Сол себепті оларды ешкім, ешқандай күшпен ала алмады. Кейін олар шайтанның соңынан еріп кетіп күнәға батқанда, бір кездері Шұғайыптың оларға атпақ болған қарғысы сатқындардың бастарына өзінен өзі жетті. ҮШ 341.4

Ең әлсіз деген жанның өзі Мәсіхке шын ниетімен бұрылған адал адам болса, онда ол қара күштерге карсы шайқаста оларға төтеп бере алады. Бұл шайқасқа ібілістің өзі қатысса да оны жеңе алмайды. Сол себепті шайтан адамдарды Мәсіхтің қорғанынан алдап шығаруға тырысады және торуылда аңдып отырып, өзінің жерін басқан адамның көзін жойып жіберуге дайын тұрады. Егер де біз Құдайға сеніп, Оның заңын бұлжытпай орындап отырсақ кауіпсіз боламыз. Біз тілек хілеу арқылы Құдаймен үздіксіз байланыста болмасақ, шайтанның кұрған торына сөзсіз түсеміз. Әсіресе Құдай сөзін зерттеген кезде Оның бізге даналық беруін тілеуіміз керек. Бұл кітапта ібілістің қандай қылықтар жасайтыны туралы және оған қарсы қандай қаруды пайдалану керектігі жайлы жазылған. Шайтан Киелі Жазбаны жақсы біледі және ондағы жазуды өзінше талқылап, бізді ақиқаттан тайдырып жібергісі келеді. Біз Киелі Кітапты, Құдайға тәуелді екенімізді үмытпай, Оған мойынсұна отырып оқуымыз керек. Жауымыздың алыста емес, қасымызда тұрғанын естен бір сәт шығаруға болмайды. ҮШ 341.5