ҮЛЫ ШАЙҚАС

32/43

31-тарау - Құдай періштелері мен зұлым рухтар

Адамзаттың тарихына тікелей қатысы бар көрінетін дүние мен көрінбейтін дүниенің арасындағы байланыс, Құдайдың періштелерінің қызметі, зүлымдық рухтарының істері жайлы Киелі Жазбада анық айтылған. Қазіргі замандағы адамдардың зұлымдық рухтарының барына, киелі періштелердің барына сенетіндері өте аз (Евр.1:14), оларды өлгендердің рухы деп санайды. Киелі кітап бізге киелі періштелер мен зұлымдық періштелерінің барын және олардың өлгендердің денесіз рухы емес екенін дөлелдейді. Адам пайда болғанға дейін періштелер болған. Жер жаратылып жатқанда «жарқылдаған жұлдыздармен бірге Құдайдың нөкелері де куанышқа бөленіп, ән салып жатты” (Әйүп 38:7). ҮШ 329.1

Адамдар күнә жасағаннан кейін періштелер өмір ағашын күзетуге жіберілді, ал ол кезде әлі бірде бір өлген адам болған жок. Періштелер табиғаты жағынан адамдардан әлде қайда күшті. Жыршының айтуынша адам періштеден сәл төмен жаратылған (Жыр. 8:6) қара. ҮШ 329.2

Киелі Кітаптан біз олардың саны, күші, атағы жайлы және қүтқару жүмысына қандай қатысы барын біле аламыз. «Құдай Өзінің патшалығын көкте орнатқан, Оның патшалығы барлығын басқарады” (Жыр. 102:19). Пайғамбар: «Мен Құдайдың тағының айналасынан көптеген періштелердің дауысын естідім” дейді. «Құдайдың періштелері өте күшті және олар Алланың еркін бұлжытпай орындайды” (Жыр. 102:19-21, Аян 5:1). Даниял пайғамбар мындаған, он мыңдаған періштелерді көрген. Елші Пауыл «сансыз періштелер» жайлы айтады (Дан. 7:10; Евр. 12:22). Құдайдың бvйрығымен ұшқанда олар найзағайдай жарқылдайды (Езк. 1:14). Олардың жылдамдықтарын айтсаңызшы, қандай ғажап! ҮШ 329.3

Құтқарушының бейітінің қасында аппақ кардай киіммен жарк етіп періштелер пайда болғанда, күзетшілердің қорыққандары соншалықты, олар «өлген адамдай қатып қалды” (Мат. 28:3,4). ҮШ 329.4

Менменшіл ассириялық Сеннахирим Исраилді «өлтіремін» деп қорқытып, Құдайды кекетіп балағаттағанда, «сол түні Ассирия қонысына періште келіп барлық басшылары мен қолбасшыларын, мықтылары мен өжеттерін кырыгт тастайды, сонда қырылғандардың саны 85 мың болды”. «Сөйтіп ол масқара болып өз жеріне қайтып оралады” (4 Пат 19:35; 2 Шеж. 32:21). Періштелер адамдарға мейірімділік пен ракымшылық жасайды. Олар Ыбырайымға балалы болатынын хабарлады; Лұтты Содомнан алып шығып өлімнен құтқарды. Ильясқа олар, пайғамбар жапан түзде аштан өлейін деп жатқанда келді. Елішені жаулары қоршап алған кезде, пайғамбар тұрған қалаға екі дөңгелекті жалынды арбалар мен атты өскер жіберілді. Даниял пайғамбары Құдайға табынғаны үшін арыстандар отырған шұңқырға тасталғанда, оған кемекке періште келді. Иродтың түрмесінде ажалын күтіп отырған Петірге де періште келіп, оны тұтқыннан босатады. Филиппадағы тұтқындарға, дауылда қалған Пауыл мен оның жолсеріктеріне көмекке келген, Ізгі хабардағы ақикатты көрсету үшін Корнилдың көзін ашкан да періште. Осылайша киелі періштелер барлық ғасырларда да Құдай халқына қызмет етіп келеді. ҮШ 329.5

Әрбір мәсіхшінің қорғаушы періштесі бар. Бұл сенімді күзетшілер өділеттілерді әзөзілдің әрекетінен қорғайды. Оны шайтанның өзі де мойындайды: «Әйүп Құдайдан бекер қорқа ма екен? Сен емес пе оның өзін, үйін, дүниесін жан жағынан бекініс жасап қоршап тастаған?” - дейді ол (Әйүп 1:9,10). Жыршьгаың айтуынша: «Құдайдың періштелері имандылардың қасынан табылып, оларды пәледен қорғайды» (Жыр. 33:8). Құтқарушы Өзіне сенетіндерге үнемі қамқорлық жасайды: «Сақ болыңдар, осы кішкенелердің бірде-біреуін менсінбей жүрмеңдср! Сендерге айтамын: олардың періштелері көктегі Әкемнің келбетін әрдайым көріп тұрады» (Матай 18:10). Балаларды қорғайтын періштелер Құдай Әкенің алдына кай уақытта болса да келе алады. ҮШ 330.1

Шайтан бар зүлымдығын Құдай халкына бағыттайды, бірақ оларды көктегі періштелер мызғымай күзетеді. Сенетіндерге бұл ауадай қажет. Бұл жандар өте қауіпті жау - қара күштің иесімен шайқасатын болғандықтан, шайтанды жақсы білетін Құдай бұларды ерекше қорғайды және оларға Өзінің игілігін сыйлайды. ҮШ 330.2

Әуел баста бұл зұлымдықтың рухтары табиғаты жағынан таза, пәк және күнәсіз болған. Бірақ күнә жасап, бойларын зұлымдық билеп алғаннан кейін, олар адамзаттың кезін жойып, Алланы масқаралау үшін бастарын біріктірді. Олар шайтанды қолдаймыз деп, онымен бірге аспаннан қуылды. Сол уақыттан бері бірнеше ғасырлар бойы Құдайдың билігіне қарсы шайқасып келеді. Киелі кітап бізге адамзатгы бейбітшілік пен бақыттан жұрдай қылу үшін қызмет етіп келе жатқан өте күшті, айлакер, қатыгез, өр түрлі лауазымдағы періштелер жайлы айтады. ҮШ 330.3

Көне Өсиетте олар жайлы аз айтылады, өйткені шайтандар ез биліктері мен күштерін Мәсіхтің жердегі қызметі кезінде көрсете бастады. Мәсіх жер бетіне Құдайдың жоспарын іске асырып адамзат баласын құтқарып қалу үшін келді, ал шайтан болса, бұл өлемнің оған тиесілі екенін дәлелдей бастады. Сол кезге дейін шайтан Палестинадан басқа жердің бұрыш бұрышының барлығына пұтқа табынушылыктың тұқымын сеуіп үлгерген болатын. Сол себепті Мәсіх осы жерге келіп, айтулы халықты Құдайдың нұрына бөлегісі келді. Осы арада екі күштің иелері бір бірімен қақтығысты. Иса Өзінің мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы қолын созып әлемге бейбітшілік пен кешірім ұсынды. Ал қара күштің иелері жер олардың ғана билігінде емес екенін, Иса жеңсе, олардың қожалықтары аяқталатынын жақсы білді. Шынжырлаулы арыстандай күйге түскен ібіліс ақырып, жаңа күшпен адамдарға өз билігін жүргізе бастады. ҮШ 330.4

Жаңа Өсиет бізге бойларын жын билеп алған адамдар болғаны жайлы айтады. Олардың тәндері ғана қасірет шегіп қойған жоқ. Иса кіммен қақтығысып тұрғанын жақсы білді және де біліп қана қойған жоқ, оларды көрді де. ҮШ 331.1

Киелі Жазба Гергесин жерінде мұндай жынданган адамдардың көп болғаны жайлы және оларды емдеу кезінде Исаның қандай мейірімділік пен күш көрсеткені жайлы айтады. Бұл бейшаралардың бойларын беймәлім күш билеп алатыны соншалықты, олар ақырғанда ауаны шайқалтып, ауыздарынан көбік атқылап, өздеріне ғана зиян келтіріп қоймай, қолдарына түскен адамдарға да зиян келтіріп, оларды мерт қылған. Жындылардың қансырап бүлініп кем болған денелерін және ой жүйелерінің істен шыққанын көргенде әзәзілдің қуанышында шек болмады. Осылай жынданғандардың бірі Исамен кездескенде: «Түмен менің атым, өйткені біз көппіз» (Марқа 5:9) деген болатын. ҮШ 331.2

Рим әскерінде түмен үш немесе бес мың адамнан құралатын. Аласүрған шайтанның әскері де осындай топтарға бөлінген, айтулы жындардың тобының кұрамы түменнен кем болмаған. ҮШ 331.3

Исаның әмірі бойынша жындар ездерінің құрбандарын жайына калдырған. Ал бейшара пенделер жандары тыныш тауып Исаның маңайына жиналып, Оның аяғының қасында отырған. Шошқалардың іштеріне кіруге рұхсат берілген жындар, бұл жануарларды суға түсіп жоқ болуға мәжбүр етті. Гергесин елінің тұрғындарына бұл шығын өте көп болып көрінгені соншалықты, олар Исаның батасынан бас тартты, сөйтіп Исаның бұл маңайдан кетуіне тура келді. Зұлым ібілістің күтіп тұрғаны да осы болатын. Табынның қырылғанына әзәзіл Исаны кінәлап, адамдардың бойында өзімшіл қорқыныш тудырды, сөйтіп олар Исаның сезін әрі қарай тыңдағылары келмеді. Шайтан адамдарды бақытсыздыққа ұшыратып, бастарын қасіретке душар етеді де, өзінің кінөсін мөсіхшілердің мойындарына артып қойып, оларды жұртшылыққа жек көрінішті қылады. ҮШ 331.4

Бірақ Исаның жоспары бұзылған жоқ. Жындарды шошқалардың денесіне енгізгенде, Ол сонымен қоса кіріс кіргізу үшін таза емес жануарларды өрбіткен яхудейлердің күнәларын да әшкереледі. Егер Иса жындарға тыйым салмағанда, олар шошқаларды ғана емес, олардың иелерін де алып кететін еді. Бұл оқиғаны көрген Исаның оқушылары шайтанның адамдарға ғана билігін жүргізіп қоймай, жануарларға да билігін жүргізе алатынын түсінді. Құтқарушы Өзінің ізбасарларын жауларымен жақсылап таныстырғысы келді. Сонымен қоса Ол, сол жердің адамдарына қара күшгің иесінің кісенін бұзып, тұтқындарды босата алатынын көрсетті. Иса ол жерден кеткенімен, зvлымдықтың тұтқынынан босап шыққан жандар игілік Сыйлаушының куәгерлері болып қала берді. ҮШ 332.1

Киелі Жазбада осыған ұқсас оқиғалар көп. Иса сирофиникияндық әйелдің қызының ішінен жынды қуып шыққан (Марқа 7:26-30). Бір соқыр, мылқау, жынды жас жігіт болған. Оның ішіне кіріп алған мылқаулықтың жыны байғұсты «отқа да түсіріп, суға да лақтырып өлтіргісі келген» (Марқа 9:17-27). Жын айналдырған тағы да бір адам Капернаумге келіп, сенбілік ғибратнаманың ырқы - шырқысын шығарған (Лұқа 4:33-36). Осы бақытсыздыққа ұшыраған адамдардың барлығын Құтқарушы емдеген. Барлық жағдайларда да Иса саналыларға сөйлегендей, жындарды адамдардың ішінен бұйрық беріп шығарған және енді қайтіп оларды қинамауға әмір еткен. Мұны көрген жұрт: «Бұл кім Өзі, жындарға бұйрық етеді және жындар оны тыңдайды» - деп таң-тамаша болған (Лұқа 4:36). ҮШ 332.2

Іштеріне жын кіріп алған жандар әдетте қасіретке ұшыраған сорлы жандар болып көрінеді, бірак, кейде ережеден тыс жағдайлар да кездеседі. Беймәлім күшке ие болу үшін шайтанға өздерін өздері әдейілеп үсынатындар да бар. Әрине мұндай жағдайда олар жындармен қарсыласа алмайды. Шимон атты көрікпелді, сиқыршы Еламды және Филиппада Пауыл мен Силанының соңдарынан қалмай еріп отырған қызды осыған мысал ретінде келтіре аламыз. ҮШ 332.3

Киелі Жазбадағы ескертулерге қарамай шайтанның және оның періштелерінің барын мойындамайтындарға жындардың тигізетін әсері өте қауіпті. ҮШ 332.4

Айлакер шайтан оның қулығы, зұлымдығы жайлы ештеңе білмейтін адамдарды өз қаруына айналдырып, дегенін істетеді. Бұл адамдар шайтанның еркін орындап жүргендерін сезбейді де, барлығын өз ақылымызбен жасап жатырмыз деп ойлайды. Ақыр заман тақаған сайын ібіліс өзін жоқ санатып, жұртты соған сендіріп, азғындық әрекеттерін әрі қарай жалғастыруда. Ол өз істерін білдіртпей жасайды, оның зұлымдығының мәнісі де осында жатыр. ҮШ 332.5

Өтірікші шайтан өзінің қулығының өшкереленуінен басқа ештеңеден қатты қорықпайды. Өзінің мінезі мен көздегенін жасырып қалу үшін ол адамдардың оны мазақ қылып, келемеждегенін қалайды. Адамдар өздерін шайтаннан ақылды санап, оны мазаққа ұшыратып жатса, ібіліс оған әте риза болады. Жұрггың көкейінде «шайтан өзі шынымен бар ма?” деген сұрақ туындату үшін, ібіліс өзінің бар екенін шеберлікпен жасырады. ҮШ 333.1

Діни әлем Киелі Жазбада анық жазылған куәліктерге қарама-қайшы келетін ілімдерді қабылдап отыр - бұл шайтанның талмай еңбектегенінің нэтижесі. Адамдар ештеңе білмей қалмас үшін Киелі Кітапта әзөзілдің неше түрлі зұлымдық әрекеттері мүқият түрде жазылған және окырман қауымға насихат етіліп қалдырылған. Егер біздің Иса Мәсіх Мариям Ұлынан күш алатындай мүмкіндігіміз болмаса, шайтан өмірімізге орасан зор қауіп тудырған болар еді. ҮШ 333.2

Біздер дүниемізді жаман адамдардан қорғап қалу үшін үйімізге темір есік орнатып, бірнеше құлып салып бекітіп барып шығамыз. Бірақ өз күшімізбен қорғануға қабілетіміз жетпейтін жаман періштелер - жындар жайлы ете сирек ойланамыз. Олардың еркіне қалсақ бізді жүндей түтіп, көзімізді біржола жоягыны анык. Жұрттың қасіретін көргенде олар қатты қуанады. Құдайымыз қорғап тұрғанның өзінде, Оның дегенін орындамай, шайтанға өз өмірінен орын беретіндердің қалдары өте мүшкіл. Бірақ Исаның соңынан жүретіндер қорғансыз қалмайды. Құдай Өз халқын періштелерін жіберіп мыкты бекініспен қоршап тастайды. Ондай қамалды бұзуға әзәзілдің әлі жетпейді. ҮШ 333.3