ҮЛЫ ШАЙҚАС

29/43

28-тарау - Мәңгі өмір кітабымен жүздесу

Даниял пайғамбар: «Мінекей мен мынадай кереметті көрдім - жағалай тақтар қойылған, сонан соң мұнда күндермен Кене (мәңгі жасап келе жатқан Құдай Тағала) келіп отырды; киімі Оның қардай аппак, екен, шашы тап таза мөлдір толқындай, отырған тағы отка ұқсас, оның дөңгелектері алаулаған жалындай. Алдынан оттай жалындаған өзен өтіп жатты, мың мыңдағандар Оған қызмет етіп түрды. Оның алдында тұрғандар сансыз болып көрінді, қазылар алқасы отырып, кітаптар ашылды» - дейді (Дан. 7:9,10). ҮШ 307.1

Төреші өрбір жанның мінезі мен емірін қарап, пиғылына қарай сыйын беретін салтанатты да ұлы күн пайғамбарға осылай көрсетілді. Күндердің Көнесі дегеніміз - бүл көктегі Төңіріміз. Жыршы былай дейді: «Таулар, жер және ғалам жаралмас бұрын, ғасырдан ғасырға дейін Сен - Құдайсың» ( Жыр. 89:3). Жаратылыстың Көзі, әлемнің Құрылысшысы және барлық заңды шығарған Тәңір Ие осы сотты басқарады. «Мінекей Оған қарай бұлттармен жылжып адамзат баласы секілді біреу келе жатты, сонан соң Ол күндермен Көненің алдына келіп тоқтады. Оған барлық халықтар, тайпалар және тілдер кызмет ететіндей билік, атак және патшалық берілді. Оның патшалығы мөңгілік болмақ және ешқашан өтіп кетпейді» (Дан. 7:13,14). Бұл жерде Исаның екінші рет жер бетіне келген сәті суреттеліп түрған жоқ. Оның аратүсушілік қызметі тамамдалғаннан кейінгі билігін, атағын және патшалығын алу үшін күндердің Көнесіне келетін жері көрсетіліп түр. 2300 күн аяқталғаннан кейін, яғни 1844-ші жылы Исаның арашашы қызметіне кіріскен кезі былай сипатталады: «Ұлы бірінші діни Қызметкер адамзат баласы үшін аратүсушілік қызметін тамамдау үшін және шынайы жандарды күнәдан ақтап алу үшін киелінің Киелісі ішіне кіріп, Құдайдың алдына келеді». ҮШ 307.2

Ежелгі Исраилдың заманында, олардың осыған ұқсастырылған қызметтерінде, өз кінәларын мойындап қүрбан шалған адамдардың ғана есімдері аталған. Дәл сол секілді, бұл ұлы татуласу күні Құдай халқының қатарына кіретіндердің ғана ісі қаралады, кұдайсыздардың соты кейіннен каралатын жеке оқиға. «Өйткені сот Құдай үйінен басталады делінген Киелі Кітапха, ендеше Ізгі хабарға бағынбайтындардың күйі не болмақ?” (ІПетір 4:17). ҮШ 307.3

Адамдардың тағдыры көктегі кітапта жазылған жазулар бойьгаша шешіледі. Даниял пайғамбар: «Қазылар алқасы отырып, кітаптар ашылды» - дейді. Ашық кітаптың немесе аянның авторы, сол болатын оқиғаны суреттей отыра: «Басқа да кітап ашылды - өмір кітабы, осы кітап бойынша істеген істеріне байланысты өлгендердің ісі қаралады» - дейді (Аян 20:11,12). ҮШ 308.1

Өмір кітабында әр кезеңдерде Құдайға қызмет еткендердің есімдері жазылған. Иса Өз шәкірттеріне: «Қуаныңдар, себебі сендердің есімдерің көкте жазылып қойылған» - деген болатын (Лүк. 10:20). Исаның шәкірті Пауьш да «өмір кітабында” есімдері жазылған қызметтестер жайлы айтады (Флм. 4:3). Даниял пайғамбар: «Бұрын сонды болмаған қиын заманның болатынына қарамасган, есімдері «өмір кітабында” жазылғандар кұгқарылады” - дейді. Сол секілді аянда: «Есімдері өмір кітабында жазылғандар қалаға қақпамен кіретін болады» - деп жазылған (Дан. 12:1; Аян 21:27). «Естелік кітабы» Құдайдың көз алдында жазылады және оған «Құдайды қүрмет түтатындар мен Одан қорқатындардың есімі кіреді» (Малахи 3:16). Олардың істері, сөздері көктегі кітапта жазылған. Осыған сүйене отыра Нехемия пайғамбар: «Менің Құдай үйіне арнап жасаған істерімді ешіре көрме Жаратқан Ием! Мені әр дайым есіңе ал» - деп жалбарынады Аллаға (Hex. 13:14). Естелік кітабында әрбір әділетті іс, шыңдалған сынақ, жеңілген зұлымдық, мейірімді сөздер, Иса ұшін шеккен қасірет - барлығы мұқият жазылып қойылған. Осы орайда жыршы: «Менің қанша уақыт босығаным Сенде санаулы; көз жасымды кұмыраңа құйып қой - мұның барлығы Сенің кітабыңда жазулы емес пе?” деп хабарлайды (Жыр. 55:9). ҮШ 308.2

Сол секілді сол кітапта адамдардың кінәлары да жазылады: «Кез келген іс жақсы болсын, жаман болсын Қүдай сотына тартылады” - дейді Сүлеймен патша (Уағ. 12:14). Аузынан шыққан өрбір сөзге адам жауапты. Өйткені: «Сезіңе байланысты жауапқа да тартыласың және сөзіңе байланысты ақтала да аласың» - деп жазылған Киелі Жазбада (Матай 12:36,37). «Жүрегіңдегі кез келген пиғылың Құдайға мөлім” - делінген (1Қор.4:5). Бұзақылык, сөздер, менменшіл және өзімшіл істер, орындалмай қалған міндеттер, кез келген құпия күнә, босқа жіберілген уақыт, пайдаланылмай қалған мүмкіншілік, жақсы болсын, жаман болсын біреуге тигізген әсерің - осы айтылғандардың барлығын періштелер қалдырмай жазып отырады. ҮШ 308.3

Сот күні адам әділдіктің өлшеуіші - Құдай заңы арқылы тексеріледі. Осы орайда Сүлеймен пайғамбар: «Құдайдан қорқыңдар және Оның заңын орындаңдар, өйткені адам баласына ең керегі осы және кез келген іс жақсы болса да, жа- ман болса да сотқа тартылады” - дейді (Уағ. 12:13,14). Жұмаққа кіруге құқылы деп табылғандар, бұрын қайтыс болып кеткен пәк жандардың қайта тірілуінің куәгерлері болады. Иса былай дейді: «Ал өлімнен тіріліп, жұмакқа баруға лайықтылар періштелер іспетті болады. Себебі олар тіріліп, Құдайдың балалары атанады” (Лұқа 20:35,36). «Жақсылық жасағандар қайта тіріледі» - дейді бізге Киелі Жазба (Жох. 5:29). Шынайы болып өлгендер сот біткеннен кейін, «ақталды» деген үкімнен соң кдйта тіріледі. Яғни олар өздерінің істері қаралып жатқан сотқа қатыспайды. Согга олардың Қорғаушылары Иса Мәсіх болады. Масіх Құдайдың алдында тақуалар үшін өтініш жасайды. «Ал егерде сендердің араларыңда біреу байқамай күнә жасаса, оның орнына Құдайдың алдына оның Іздеушісі - Иса Мәсіх барады. (ІЖох. 2:1). «Мәсіх біздер үшін көктегі қасиетханаға кірді” - деп жазылған Құдай сөзінде (Евр. 9:24). «Сондықтан да біз Иса арқылы Құдайға келіп, жасаған қателіктерімізге кешірім ала аламыз. Өйткені Мәсіх тірі және үнемі біздің мүдделерімізді қарастыруда” (Евр. 7:25). ҮШ 308.4

Сот уақытында Құдайдың алдында көктегі кітаптар ашылған кезде, солармен қатар Киелінің алдында Исаға сенетіндердің де өмірі ашылады. Сонда біздің көктегі Қорғаушымыз жер бетінде өмір еткен алғашқы адамдардан бастап сол кезде емір сүріп жатқан соңғы адамдарға дейін жетіп, Өзіне сенетін қалаулы халқы үшін мәңгі жасап келе жаткан Құдай Тағаланың алдында өтініш жасайды. Осы сотта олардың әр кайсысының жеке - жеке аттары аталады, мұқият түрде өмірлері қаралады. Біреулері қабылданса, енді біреулері қабылданбай қалады. Егер адам тәубесіне келмесе, яғни оның кешірілмей қалған күнәсі болса, сол адамның есімі өмір кітабынан өшіріліп, естелік кітабында жазылған жақсы істері жойылады. ҮШ 309.1

Құдай: «Егер де біреу Менің алдымда күнә жасаған болса, оның есімін «өмір кітабынан” өшіріп тастаймын” деп Мұса пайғамбарға айтқан болатын (Мыс. 32:33). «Егер имандылар шыншыл шынайы істерінен шегініп әділетсіздік жасайтын болса, оның бұрын жасаған жақсы істерінің барлығы ұмытылатын болады» - дейді Езекиел пайғамбар (Езк. 18:24). Ал кімде кім шынайы түрде барлық кінәларын мойындап, Исаның құрбандығын қабыл алып, сол арқылы күнәларына кешірім алатынына сенетін болса, олардың күнәлары ешіріліп ездеріне мәңгілік өмір сыйға тартылатын болады. «Мен Өзім үшін сендердің қылмыстарыңды өшіріп, күнәларыңды еске алмаймын» - деп пайғамбар арқылы Құдай бізге уәде береді (Ишая 43:25). «Зұлымдықты жеңгендерге ақ киім кигіземін және олардың есімдерін Құдайдың және Оның періштелерінің алдында баяндаймын». «Мен ту- ралы жұртқа айтатындардың есімдерін Мен де Құдай Тағалаға айтамын, ал Менен бас тартқандардан Құдай Әкенің алдында Мен де бас тартамын» - дейді Иса Мәсіх (Аян 3:5; Матай 10:32,33). ҮШ 309.2

Жер бетіндегі сотта адамдардың істері қаралған кезде төреші қандай мұқият болғанымен қателесуі әбден мүмкін, ал Құдай ешқашан қателеспейді және әділетті шешім шығарады. Ақталғандар Исаның мұрагерлері атанып, Бейіш бағына қайтып оралады (Миха 4:8). Шайтан адамдарды алдап арбау арқылы Құдайдың жоспарын бұзбақ болып үміттенді, ал Мәсіх сол күнө болмағандай Құдайдың жоспарының іске асырылуын сұрайды. Иса Өз халқының ақталғанын ғана емес, сонымен қоса Оның атағын бөлісіп, қасында отыруларын да сұрайды. Иса Өз халқы үшін өтініш жасап жатқанда, шайтан қылмыскерлер ретінде оларды Алланың алдында кінәлап жатады. Ұлы әзәзіл сол қылмысқа адамдарды өзі итермелегеніне қарамастан, олардың әрбір кінәсін Аллаға баяндап, енді өзі олардың иесі болуға хұқылы екенін дәлелдейді. ҮШ 310.1

Иса болса, оларды кінәсіз демейді, бірақ олардың сенім арқылы кешірім алуға кұқылы екенін айтып, Құдай мен періштелерге Өзінің солар үшін тесілген қолдарын көрсетіп: «Мен олардың әрқайсысының атын білемін. Есімдерін алақаныма сызып қойғанмын. Жүректері күйзеліп, өкінішпен мойын ұсынып тұрғандарды Сен жек көрмейсің Алла» - дейді (Жыр 50:19). Сонан соң халқын кінәлап тұрған жауызға қарап: «Иерусалимді таңдап алған Алла саған тыйым салсын шайтан, өйткені ол Киелінің жалыннан суырылып алынған шоғы емес пе еді?» - деп оның бетін қайтарады. (Зөк. 3:2). Мәсіх халқын Құдай Әкенің алдына әкеліп, оның кіршіксіз таза қауым екенін Киеліге көрсету үшін, оларды Өзінің әділеттілігімен киіндіреді (Еф. 5:27). Сөйтіп сол адамдардың есімдері «өмір кітабына» жазылады. Бұлар жайлы: «Айтулы қауым ақ киімдерін киіп, Менімен бірге жүреді, өйткені олар соған тұрарлық» - деп жазылған Киелі Кітапта (Аян 3:4). ҮШ 310.2

Осылайша жаңа өсиеттік уөде орындалады: «Сонда Мен олардың әділетсіз істерін рақымшылықпен кешіріп, жасаған күнәларын бұдан былай есіме алмаймын. Сол заманда Исраилдің айыбы мен Яхуданың күнәсі іздесе де, еш табылмай жоқ болып шығады» (Ерм. 31:34,50:20). Сол кезде тірі қалғандардың барлығы киелі болып саналады (Ишая 4:2,3). Сот тергеуі мен күнәнің жойылуы Исаның екінші рет жер бетіне келетіні алдында аяқталуға тиісті. Өлгендердің ісі кітаптағы жазулар арқылы қарастырылатын болғандықтан, адамдардың күнәсін сот аяқталмай өшіруге болмайды. Бірақ елші Петір: «Рухтарывды жаңғыртатын мезгіл келгенде Құдай алдын ала тағайындалған Құтқарушы Мәсіх Исаны жібереді» - деп анық айтады (Елш. 3:19,20). Сот тергеуі аяқталғаннан кейін Мәсіх жер бетіне келіп, ісіне карай әрбір жанның сыбағасын береді. Ежелде бірінші діни қызметкер езінің бейнелеме кызмстіндс Исраилді ақтау ісін аяктағаннан кейін, халыкка шығып, оларға батасын берген. Дәл солай Масіх те арашалау қызметін аяқтағаннан кейін халқын «күнәдан тазарту үшін емес...кұтқару үшін келеді» (Евр. 9:28). Діни қызметкер қасиетханадан күнәні алып шығып, текенің басына артқанындай, Мәсіх те халқының күнәсін зұлымдықтың әкесі ібілістің басына қояды. Басына күнә артылған теке жапан далаға куылып жіберілгеніндей (Леу. 16:22), халықты зұлымдыққа итермелеген албасты мың жыл бойы қаңғырап бос қалған планетада жалғыз шұбырып жүруге мәжбүр болады. Ал ең соңында барлық күнәкарларға дайындалған отқа ібіліс бірге түсіп, әділетті жазасын алады. Осылайша зұлымдықты жеңе білгендер ақталып, күнәні жою үшін күрылған қүтқару жоспары аяқталады. 2300 күн аяқталғаннан кейін, яғни 1844-ші жылы тергеу соты басталды. Исаның ізбасарларымыз дейтіндердің ісі мұқият түрде қаралып жатыр. Тірілер де, өлгендер де кітаптарда жазылған жазулар бойынша ютеген істеріне қарай сотталады. Тәубасына келмеген адамдардың кешірілмей қалған күнәлары кітаптарда сол жазулы қалпында қалады және ақыр күні адамдардың өздеріне қарсы куәгерлік жасайды. Періштелер үлкен болсын, кішкентай болсын кез келген күнәні коріп тұрады. Қылмысты әкеңнен, шешеңнен, әйеліңнен, балаларыңнан, достарыңнан жасыруға немесе мойындамай қоюға болады және ол туралы ешкім еш уақытта білмеуі де мүмкін. Бірак Алладан ешкім ештеңе жасыра алмайды. Оған істеген істерің, сейлеген сөздерің, ойлаған ойларың, жүректеріңнің түкпірлерінде тығылып жатқан барлық қылмыстарың мәлім. Оны алдай алмайсыңдар. Құдайға адамның ішкі дүниесі көрініп тұрады. ҮШ 310.3

Қандай салтанатты ой! Күндер зуылдап өтіп жатады, ал біздің өміріміз жайлы мәлімдемелер көктегі кітапта тізіліп жазылып отырады. Періштелер адамдардың жаман істерін де, жақсы істерін де белгілейді. Ешкім өткен күндерін артқа кайтара аламайды. Ең кұдіретті деген жауынгердің өзінің бір күнін де кейінге шегеретін мүмкіндігі жоқ. Соңғы күні тағдырымыздың шешілуі өмірімізге тікелей байланысты. Ұмытылып қалған ұсак-түйектердің өзі ақталуымызға немесе жазалануымызға өсерін тигізеді. Суретке түскен кезде пленка адамда қалай бейнелеп қалса, көктегі кітаптарға біздің істеріміз дәл солай кешіріледі. Бірақ оны ойлап, қам жеп жатқан адамзат баласы жок. Егер Алла адамдарға көрінетін дүнис мен көрінбейтін дүниенің арасындағы шымылдықты ысырып, періштелердің қандай жұмыстармен айналысып жатқандарын көрсететін болса, онда біздер қаншама айтылатын сөздерді айтпаған, жаман істерді жасамаған болар едік. Біз өздерімізге берілген дарындылықты қалай және қаншалықты пайдаланғандарымыз үшін, қаражаттарымызды қалай, қайда жұмсағандарымыз үшін жауап береміз. Білегіміздің, санамыздың, жүрегіміздің күшін пайдаландық па? Уақыттарымызды, дауыстарымызды, алған баталарымызды қайда жібердік? Қүдай үшін не істедік? Қамыққандарға, жетімдерге, жесірлерге көмектестік пе? Құдай бізге өзінің Киелі Сөзін сеніп тапсырды. Ал біз ақиқатты басқаларға уағыздадық па? Біздерге тапсырылған істі сүйіспеншілікпен орындай білдік пе? Құдайдың махаббатын жан жағымыздағыларға көрсете алдык па? Ниетіміз қаншалықты таза? Осының барлығы үшін біз жауаптымыз. ҮШ 311.1

Адамдардың өзімшілдіктері қаншалықты өнерлене отырып жасырғандарына қарамастан сол күні айқындалады, ошкереленеді. Жұрт Алланың заңын үмытып, «жақыныңа жәрдемдес” деген Оның сөзіне немқұрайды қарағаны үшін жауап береді. Адамдар Құдайға тиесілі уақыты мен күшін шайтанға жұмсағандарын өз көздерімен көреді. Ақиқат сеніп тапсырылған Исаның ізбасарлары немен айналысып жүр? Дүние қорып, ойын сауықпен уақыт өткізуде. Олар Киелі Жазбаны зерттеуге, дүға оқып күнәларын мойындап Құдайға мойынсүнуға, мейірімділік істер жасауға, яғни Алланың көңілінен шығуға өте аз уақыт бөледі. ҮШ 312.1

Ал ібіліс пен оның қара күштері біздің негізгі мақсатымызды орындауға кедергі жасап, аямай күштерін жұмсауда. Адамдарды Исадан бұрып әкетіп, ақиқаттан алыстатса жеңіске жететінін албасты жақсы біледі. Исаның қуанышын бөлісетіндер, Құдайдан қорқа отыра, өз міндеттеріне жауапты түрде қарайды. Олар бос әурешілікке, күйбең тірлікке, ойын сауыққа уақыттарын кетірмейді. Ақиқатты мұқият зерттеп, өз тағдырларына немқүрайды қарамай, Құдайдың тапсырған қызметімен шындап айналысады. Тергеу соты жайлы ақиқатты Құдай халқы жақсы түсінуі керек. Ұлы бірінші діни Қызметкердің біз үшін не жасап жатқанын адамзат білуге тиісті. Онсыз мықты сенімге ие болу мүмкін емес. Кез келген адамның кеудесінде мәңгілік өлімге душар болатын немесе мәңгілік өмірге ие болуға қүқылы жаны бар. Бәріміздің де өміріміз ақиқат таразысына салынып өлшенеді. Бәрімізге де Ұлы Төрешімен бетпе-бет кездесуге тура келеді. Сондықтанда тағдырымыздың біржолата шешілетін кезі - соңғы күннің келетінін ешкім есінен бір мезетте шығармауы керек. Өйткені бәріміз Даниял пайғамбарымен қатар тұрып, тағдырымыздың шешілетін сәтін күтетін күн туады. Ақиқатты танып білгендер оны басқалармен белісуғе міндетті. ҮШ 312.2

Көктегі қасиетхана - адамзат үшін берілген Исаның қызмет орталығы. Бұл еңбектің барлығымызға да қатысы бар. Ол ақталу жоспарын ашып, жердің тарихының аяқталу кезіне әкеліп тірейді. ҮШ 313.1

Исаның көктегі қасиетханада адамзат баласы үшін өтініш жасап тұрған қызметі, айқыш ағаштағы өлімі секілді құтқару жоспарының бір бөлігі. Ол Өзінің өлімімен осы жұмысты бастады және оны аяқтау үшін, қайта тірілгеннен кейін көкке көтерілді. Біз Исамен бірге шымылдықтың арғы жағына сеніммен кіруіміз керек (Евр. 6:20). Онда Ғолғота айқыш ағашынан нұр шашырап тұр. Сол арада біз ақталу құпиясын жақсы түсінеміз. Адамзаттың құтқарылуы Құдайға өте қымбатқа түсті, бұл кұрбандық Құдайдың бұзылып қалған заңының барлық талаптарын қанағаттандырады. Иса бізге көкке жол ашып берді, енді Оған сеніммен келетіндер Құдайға өздерінің тілектерін тікелей жібере алады. ҮШ 313.2

«Қылмысын жасыратындар жеңіске жете алмайды, ал оны мойындап кейін қайталамайтындар кешіріледі» (Нқл. 28:13). Қатесін жасырып, өздерінің ақталуларына себеп іздейтіндер албастының қаншалықты қуанып, Мәсіхті қалай мысқылдайтынын көрсе, бұл күнәларынан тезірек қүтылуға асығар еді. Ібіліс адамның кемшіліктерін жақсы пайдаланады, егер ол бұл кемшіліктерді адамның бойына сіңіре білсе, өлбетте жеңіске жетеді. Сондықтан шайтан «жаман мінезден арылу мүмкін емес» - деп адамның санасын сірестіріп тастауға тырысады. Иса болса, Оның соңынан ерем деушілерге жарақаттанған денесін, тесілген қолдарын көрсетіп, Оның соңынан жүруін қалайды: «Саған деген игілігім жеткілікті”. «Менің бейнетімді бөлісіп, Менен үйреніңдер, ейткені Мен момынмын, көнгішпін, сонда жандарыңа тыныштык, орнайтын болады. Менің тепкім пайдалы және сендерге беретін жүгім жеңіл” дейді (1Қор.12:9; Матай 11:29,30). ҮШ 313.3

Қатені түзеу мүмкін емес деп ешкім ойламасын. Құдай күнәні жеңуге күш те, сенім де береді. ҮШ 313.4

«Есімдеріміз өмір кітабынан өшірілмесе екен» - дейтін жандар қателерін мойындап, тәубаларына келулері керек. Жүректеріңе терең үңіліп карандар. Өздерін Құдайдың қауымының қатарындамыз дейтіндер бойларынан жиі көрінетін жеңілтектікті жеңулері керек. Бұл ұлы шайқас. Ұжым - ұжыммен құтқарылу мүмкін емес, әркім өзі үшін жауап береді. Бір - бірлеріңе қараудың қажеті жоқ. Әркім сынаққа түсіп одан мүлтіксіз таза болып шығуы керек. Қазіргі кезде көкте сот жүріп жатыр. Оған көп уақыт болды. Жуырда, қапіан екенін ешкім білмейді, тірілердің ісі қаралады. Сол себепті әрбір жан Құтқарушының сөзін естен шығармауы керек: «Қалғымаңдар! Шынайы тілек тілеңдер, өйткені айтулы уақыттың қашан келетінін сендер білмейсіңдер» дейді Ол (Марқа 13:33). «Егер оянбасаң саған ұры секілді қапелімде келемін, қай кезде сені іздеп табатынымды сен біле алмайсың» - дейді бізге Раббымыз (Аян 3:3). Сот тергеуі аяқталғаннан кейін әр адамның тағдыры бір жола шешіледі. Сынақ уақыты Иса жер бетіне келместен біразырақ бұрын аяқталады. Исаның мына сөздері заңсыздыктарын тоқтатпайтындарға арналған: «Қылмыскер қылмысын жасап, арамдар арам істерін жалғастыра берсін әділдер әділ істерін жалғастырып, қасиеттілер қасиеттілене түссін. Жуырда келемін және әркімнің тиесілі сыйлығын беремін” (Аян 22:11,12). Шынайы жандар да, зұлымдар да егін егіп, үй салып, ішіп - жеп жер бетінде қатар өмір сүріп жатады, бірақ олар тағдырларының шешіліп қойылғанын білмейді. ҮШ 313.5

Топан суы қаптамас бүрын Нұх пайғамбары кемеге кіріп оның есігі жабылғаннан кейін де кұдайсыздар өздерін күтіп тұрған сұмдық жайлы түкте білмей, пайғамбарды боз-баяғысынша келемеждеп, жеті күн бойы мәре-сәре өмір сүрген. Ақыр заманда Құткарушы келердің алдында да дөл солай болады деп Киелі Кітапта жазылған (Матай 24:39). «Сондықтан, сендер ұйықтап жатқанда сол күн өздерің үшін кенеттен келмес үшін, тілек тілеп әрқашан да дайын болыңдар!” - дейді пайғамбар (Марқа 13:35,36). Ақырет туралы ойламай, емірдің қызығына түсіп жүрген жандар қатты қателеседі. Дүниеқоңыздар дүниенің соңында жүргенде, ләззөтті сүйетіндер құмарлықтарын қандырудың қамымен айналысып, сәнқойлар сәнді киім іздестіріп жатқанда, дөл сол сағатта бар ғаламның Әміршісі: «Сен ақиқаттың таразысына салынып, өте жеңіл болып шықтың» - деген үкім шығарады (Дан. 5:27). ҮШ 314.1