ҮЛЫ ШАЙҚАС

23/43

22-тарау - Орындалған аяндар

1844-ші жылдың, осы уақытта Иса Масіх келеді деген көктем айы да өте шықты. Бірақ Иса Мәсіх келген жокОны күткендер дағдарып қалды, ал басқалары оларды етіріктің құрбандары деп есептеді. Соған қарамастан Киелі Кітап шынайы сенушілердің жұбанышы болды. Олар Құдай сөзін қайта - қайта оқып - зерттеп, ізденіс үстінде жүрді. Киелі Кітапта берілген аяндар Исаның сөзсіз, яғни міндетті түрде келетінін дәлелдеп түрды. Имандылар Құдайдың олармен бірге екеніне күмән келтірмеді. Керісінше Киелі Жазбаны зерттеу барысында бір қате жіберіп алғандарын байқап, сабырлық танытты. ҮШ 256.1

Аббақұқ пайғамбарының кітабындағы үзіндіге көңіл аударсаңыздар, оны жақсы түсінесіздер. (Абқ. 2:14) : «Мен мұнараның үстіне шығып, Ол маған не айтады екен және ез шағымым бойынша Оған не деп жауап беруім керек деп бақыладым. Сонда Құдай маған: «Мына аянды оқыған жан оңай түсіне алатындай етіп анық жазып ал. Ол белгілі уақыт аралығына байланысты және онда ақыр туралы айтылады, етірігі жоқ. Кешіккен күннің өзінде күт. Ол міндетті түрде келеді. Өркөкірек жан еш уақытта дамыл таппайды, ал әділетті өзінің сеніміне сай тірі болады» дейді. Бұйрық ретінде берілген бұл аянды Чарлз Фитча оқып алып, осы аян бойынша 1842-ші жылы сызба нұсқа күрды. Бұл сызбанүсқа бойынша аян сол кезде орындалуға тиісті болғандай еді. Шын мәнінде аянды мұқият оқыған адам, онда жазылған: «Ақырға байланысты, өтірігі жоқ. Кешіккен күннің өзінде күт, міндетгі гүрде келеді» - деген сөздерді аңдамай қалуы тиіс емес еді. Осы жерлерді қайта - қайта оқыған адамдар, оның мағынасын жаңадан ұқты. Езекиел пайғамбарының кітабында: «Адамзат балалары тыңдандар! Сендердің араларыңда сөз болып жүрген, «көп күндер өткен соң, аяндар із түссіз жоғалады» деген не кылған мақал? Сен оларға былай де: аяндардьщ орындалатын уақыты тақау. Құдай еш сөзді тек айтпайды. Оның дегені міндетті түрде орындалады, доғарылмайды» деп жазылған ( Езк. 12:21-25, 27-28). Имандылар, солар үшін берілген бұл хабарға қатты қуанды және Киелі Жазбада берілген айтулы мәтіндер олардың сенімдерінің шыңдала түсуіне көп әсерін тигізді. ҮШ 256.2

Матайдың кітабындағы 25-ші тарауда жазылған он қыз жайлы айтылатын мысал да адвентистерге, яғни нағыз мәсіхшілерге байланысты болатын. Аталған кітаптың 24-ші тарауында шәкірттерінің сұрақтарына жауап бере отырып, Иса Масіх тарихтағы Оның бірінші мен екінші рет келуінің арасындағы болатын оқиғаларға олардың назарын аударады. Дәлдеп айтқанда: Иерусалимнің қирауы, папалықтар мен құдайсыздардың жағынан мәсіхшілерге келетін ұлы қуғын - сүргін, ай мен күннің тұтылуы, аспаннан жауған жұлдыздар. Осы оқиғалардан кейін Иса Мәсіх Өзінің келетінін айтып және келер алдында екі топ адамдарының болатынын атайды. Матайдың 25-ші тарауында жазылғандай Құдай патшалығына кіруге дайындалғандар он қалыңдықпен салыстырылады. Бұл жерде Құдай Өзінің халқының басынан өтетін оқиғаны шығыстың неке тойының көрінісі арқылы суретгейді. Он қалыңцык майшамдарын қолдарына алып, күйеу жігітті қарсы алуға шығады. Олардың бесеуі акылды, ал қалған бесеуінің ақылы шамалы болады. Ақылы шамалылар майшамдарын алғанмен, оған қоса май қорын алу керегін ойламайды. Күйеу жігіт кешіккендіктен, олардың барлығы ұйқыға кетеді. Түн ортасында: «Күйеу жігіт келе жатыр, қарсы алыңдар!» - деген айғай шығады. Сол кезде қыздар оянады, бесеуінің май корлары болғандықтан майшамдары қайта жанады да, қалған бесеуінің майлары таусылып, қорсыз болғандықтан майшамдары тұтанбай қалады. ҮШ 256.3

Күйеу жігіттің келуі астарлы мағынада Иса Мәсіхтің кайта оралуын білдіреді. Ал Оның келетіні кең түрде уағыздалған ұлы реформация кезеңі, қалындықтардың пайда болу ымен белгіленген. Осы мысалда екі топтың адамы суреттеледі. Екі жақта Киелі Жазбаларын алып, күйеу жігітті қарсы алуға шығады. Қалыңдықтардың бесеуінде майшамдарымен бірге, оған еселеп құйып отыратын майлары болады, яғни олар Киелі Жазбамен коса Киелі Рухтың күшімен қаруланғандар. Бұлар Құдай алдында жүректерін таза ұстап, бар ниеттерімен акиқатты зерттегендер. Екінші топтың адамдары майшамдарын алғанмен, май қорлары болмаған, яғни олар ақиқатты толық қабылдамай, сезімге ғана берілген жандар. Оларда бірінші топтағы адамдардай Құдайды қарсы алуға дайындалады, бірак бастарына қиын қыстау заман туғанда, ақиқаттан тайып кетеді. Сыннан өтер мезгіл жеткенде, сенімдері шайқалып, майшамдары сөнеді. ҮШ 257.1

Күйеу жігіт кешіккендіктен, олар ұйықтап қалады деп жазылған. Күйеу жігіттің келуін күткен калыңдықтар, Құдайдың келуін күткен халыкты рәміздейді. Халықтың ойы бойынша Құдай кешігіп жатқандай көрінеді. «Сонда олар ұйықтап қалды” - делінген. Біреулердің сенімдері сөніп, олар қамдануды қояды, екіншілері керісінше сенімдері нығайып, еш күмән келтірмей Оны күте біледі. Басқаша айтқанда, өз сенімдері нық болмай бауырларының сенімдеріне сүйеніп жүргендер бастарына күн туғанда құлайды, ал сенімдері мықтылар аяқтарынан нық тұрады. ҮШ 257.2

Сол кездері фанатизм кең етегін жайды. Біреулер Киелі Жазбаға сенуді қойып, өздерінің сезімдеріне көбірек сенді және «біз Киелі Рухтың жетелеуімен келеміз” деп мақтанды. Енді біреулері олардың айтқандарына сенбегендерді сөз қылды. Адвентистердің басым көпшілігі мұндай фанатизмге жол бермеуге тырысты, қандай болғанда да ақиқатқа көлеңке түскені рас. Албасты осылайша Құдай ісіне кедергі жасауға тырысты. ҮШ 258.1

Адвентистердің ілімі барлық халықтарды қатты толғандырды. Бұл ілімді қабылдап, Құдай жолына түскендер аз болған жоқ. Ақиқаттың қарлығаштары тыным дегенді білмей еңбектенді. Жасалып жатқан орасан жұмыстар кара күштің иесіне ұнамады. Сол себепті ол ақиқатты уағыздаушылардың өздеріне қол салды. Олардың кез келген қателіктерін, байқаусызда аңдамай сөйлеген сөздерін немесе әрекеттерін аңдып отырып, оны барша халыққа айқындап көрсетіп, адвентистердің іліміне жеккөрушілік тудырды. Сонымен Масіхтың жер бетіне келетініне сенетін адамдар көп болғанымен, ібілістің билігінен шыға алмай жүргендер де аз болған жоқ. Осылайша қара күштің иесінің қызметкерлері ақиқатты уағыздаушылардың жіберіп алған қателіктерін пайдаланып, оларға қара майды жаққан үстіне жаға түсті. Құдай халықты құтқару жолында қызмст етсе, албасты керісінше шіркеуге жүрекгері таза емес кеңіс адамдарды жинап, Құдай ісіне орасан зор кедергі келтірді. Шіркеуге келіп, Құдайға құлшылық етіп дұға оқып жүретін адамдарды біз: «бұлар Құдайға берілген адамдар” - деп үзілді - кесілді айта алмаймыз. Себебі олардың жүректерін Құдай ғана көре алады, олардың шынайы ниеттері Аллаға ғана белгілі. ҮШ 258.2

Албасты Алланың адал қүлдарының Құдай патшалығына қарай жүріп келе жатқан әрбір қадамына кедергі қояды. Мұндай қажырлы адал еңбек ешқашан кедергісіз болған емес. Елшілердің заманында да солай болды, Мартин Лютер де осындай фанаттардың қырсығынан көп зардап шекті. Ақиқатты дәлдеп тексермей үстіртін ғана оқып, неше түрлі ілімнің толқынына ілігіп ібілістің қакпанына түскендер аз емес. Мұндай қиыншылықтармен Уэсли де талай кездесті. Вильям Миллер де фанатизммен қатты шайқасты. Кез келген ілім Киелі Кітап арқылы тексерілуге тиісті - деді ол. Адамның қандай рухпен қаруланып тұрғанын қайдан білеміз? Бұл сұраққа Киелі Жазба жауап береді: «Өсімдік жемісімен, адам ісімен танылады». Киелі Жазбаны күннен кұнге зерттей отырып, фанатизм ібілістің ісі екенін жақсы ұғамыз. Өздерін Құдай жолында жүрміз деп есептеп, сонымен қоса неше түрлі ырым - жырымдарға сенетін адамдар, ақиқатгың иісі мұрнына бармайтын адамдармен бірдей. Құдай Рухы бізді ақиқатқа қарай жетелесе, зұлымдықтың рухы адамды адастырады, тура жолдан тайдырады. ҮШ 258.3

Өздері адасып жүріп, ақиқат жолында жүрміз деушілерге қалай жауап беруіміз керек? Оның оп - оңай жауабы бар. Сөзбен Рухтың ырғағы бір, яғни олардың арасында сәйкестік, үйлесім бар. ҮШ 259.1

Реформация кезінде ақиқаттың жаулары фанатизмге қарсы күрескендерді фанатиктер деп айыптаған болатын. Адвентистік қозғалыстың қарсьшастары да дәл солай істеді. Фанатиктердің істеріне қанағаттанбаған олар, шындыққа ширегі де ұқсас емес оқиғаларды ойлап шығарды. Өйткені олар жеккөрушілік рухымен қаруланып алған болатын. Исаның келетіні жайлы хабар олардың мазасын кетірді. «Мүмкін бұл хабар рас болар” деген ой да оларға тыныштық бермеді, сонымен қатар олар бұған сенгілері де келмеді. Осы хабар өтірік болып шықса екен деп үміттенді. Айтулы жандардың адвентистерге және олардың сенімдеріне қарсы шығуларының басты себебі осы болатын. Егер адвентистердің қатарларына бірер фанатик еніп кетсе, оларға қарап қалғандарын сынап және сонымен қоса шынайы жандардың еңбектерін жоққа шығару үлкен қателік. Жер бетіндегі барлық адамзат баласы Киелі Кітапты зерттеп, шындық бойынша өмір сүруге тырысуы керек, бір - бірлеріне қарап андыспай, Құдайға қарап жүректерін тазартқандары дүрыс, сонда ғана адамзаттың ортак, жауы - албастының балтасы тасқа шабылады. Қара күштің иесі жұртты аңдыстырып, тартыстырып, бір біріне айдап салып, жеңіске жетіп отыр. Фанатизм мен бөлінудің Мәсіхтің екінші рех жер бетіне келетіні жайлы хабарымен еш байланысы жоқ. Ол 1844-ші жылдың жазында адвентистер күдіктену мен абыржу үстінде жүрген кездерінде пайда болды. Бірінші періштенің хабары және «түн орхасында шыққан айғай” бөліну мен фанатизмнің күштерін тежеп тұрды. Айтулы салтанатты козғалыстың мүшелері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып тұрған болатын, яғни олардың арасында бірлік болды. Бұл жандардың жүректері бір - біріне және Исаға деген сүйіспеншілікке толы еді. Сенімдерінің бірлігі, болашақтан күтіліп хұрған жан дүниелерінің тыныштығы, алдағы рахат өмір олардың бастарын қосып, ібілістің шабуылынан қорғап тұрды. ҮШ 259.2

«Күйеу жігіт кешіккендіктен, олар ұйықтап қалды. Түн ортасында: «Мінекей күйеу жігіт келеді, оны қарсы алуға шығыңдар!” - деген айғай шыққанда, қалыңдықтар оянып, майшамдарын түзеді» (Матай 25: 5-7). 1844-ші жылы жазда бастапқыда күтілгендей 2300 жыл аяқталуға тиісті болған мезгілдің жарты- сы өткен болатын. Және сол жылы күзде, кейінгі бақылаулар бойынша, айтулы кезең аяқталып қалған болатын. Дәл осы мезгілде: «Міне күйеу жігіт келеді» - деген хабар шықты. ҮШ 259.3

Иерусалимнің қайта құрылуы жайлы Артаксеркстың бүйрығынан бастап саналатын 2300 күн жайлы кезең, алғашқыда күтілгендей, біздің дәуірге дейінгі 457-ші жылдың басында емес, күзінде күшіне енген болатын және жоғарыда айтылып кеткен адвентистік қозғалыстың импульсі болды. 457-ші жылдың күзінде басталған 2300 жыл кезеңі 1844-ші жылдың күзінде аяқталды. Киелі Кітапта берілген «қасиетхананың тазартылуы» жайлы оқиға да Көне Өсиеттегі бейнелер бойынша күз айына мезгеп тұрған болатын. Исаның бірінші рет жер бетіне келетіні жайлы айтқан аяндарда орындалған бейнелер, бұл жағдайды одан сайын анықтай түседі. Құрбан шалу дегеніміз - болашақта болатын Үлы Құрбандық - Иса Мәсіхке мезгеген. Бұл жөнінде елші Пауыл: «Біз үшін жанын қиған Мәсіх - біздің Құрбанымыз» дейді (ІҚор. 5:7). Қайта тірілу мейрамы (пасха) кезівде әкелінетін егіннің буылған - буынтығы Исаның қайта тірілетінін мезгеп тұрған рөміз болатын. Оның келер алдында әркім өз ретімен, әуелі Мәсіх тұңғышымыз, онан соң біз - масіхшілер,” - деп жазған болатын Пауыл (ІҚор. 15:23). Алғашқы піскен егіннің буынтығы секілді Иса Мәсіх те мәңгілікке қайта тірілетін жандардың басы - тұңғышы болып саналады. Айтылған аяндар шынымен орындалып қана қойған жоқ, олардың белгіленген уақыты да дәлме - дәл келді. Он бес ғасыр бойы яхудейлердің бірінші айының он төртінші жұлдызында кұрбандық шалынып отырған. Дәл осы күні Мәсіх Өзінің шәкірттерімен тойлады (айттады) және осы күнді Оны еске алып отыратын мерекелік кеш қылуды өсиет етті. Осы түні Ол тұтқынға алынып, айқыш ағашқа керіліп, өлтірілді. Және Оған ұқсастырылып тұрған алғашқы егіннің буынтығы сияқты - Иса Мәсіх үш күннен соң қайта тірілді. Жаңа өмірге қайта тірілген Масіх секілді Оның барльщ ізбасарлары да жаңа өмірге қайта тірілетін болады, оған дәлел біздің тіршілігіміз көкте және біз ол жақтан Құтқарушымыз, Тәңіріміз Иса Мәсіхті күтудеміз. Ол біздің қажыған денеміздің қайта жаңартуын Оның даңты Денесіне лайықты өзгертеді, Ол өз күшімен әсер етіп бәрін Өзіне бағындырады - делінген (Флп. 3:20,21). ҮШ 260.1

Мәсіхтің жер бетіне екінші рет келуіне байланысты берілген аяндар да дәл айтылғандай орындалуға тиісті болды. Мұса пайғамбардың заңы бойынша қасиетхананың тазаруы немесе ұлы ақталу күні яхудейлердің жетінші айының 10шы жұлдызында болатын (Леу. 16:29-34). Осы күні Құдайдың бірінші қызметшісі барлық Исраил халқы үшін кешірім сұрап, қасиетхананы күнәдан тазартып, соңында халыққа батасын беру үшін сыртқа шыққан. ҮШ 260.2

Дәл солай Мәсіх Иса Өз қызметін аяқтап болған соң, жер бетіне келіп, оны күнәдан тазартып, Өз пенделеріне мәңгілік өмір сыйлайтынына Оның халқы қатты сенген. Жетінші айдың оныншы жұлдызы - ақталатын ұлы күн, қасиетхананың тазартьшатын күні. Осы айтулы күн 1844-ші жылдьщ қазан айының 22-ші жұлдызына сәйкес келді. Халық болса өздерінің Құтқарушылары Иса Мәсіх осы күні келеді деп есептеді. Нәтиже талассыз осы күнді көрсетті. «Түн ортасында шыққан айғай” - деген аян да орындалды, ейткені бұл хабарды мындаған халық жер - жерге жария етті. Мемлекетті небір орасан зор толқын шайып өткендей болды. Хабар қаладан -қалаға, елден - елге тарап, түкпір - түкпірдегілердің барлығына жетті. Ешқандай фанахизмге орын қалмады. Небір «киелі» тыныштық пайда болды. Адамдар жүректерінің қуыс - қуыстарында тығылып жатқан күнәларына кешірім сұрап дұға оқыды. Ойын-сауық деген тоқтатылды. Осы кезді суреттей отыра Миллер былай дейді: «Халық өз куаныштарын көрсетпей, болашақта болатын салтанатты оқиғаға арнап, сақтап отырғандай көрінді». Осы оқиғалардың куәсі болған тағы біреу былай дейді: «Жұрт кезкарастарын өзгертіп, жауласқандарын тоқтатып, күнәяарына кешірім сұрап, Құдайдың алдында жүректерін иіп тұрды». Мұндай таңқаларлық оқиға ешқашан болып көрген емес. 1844-ші жыл тарихта қалған әйгілі жыл болды. Фермерлер егістік даласын тастап, кәсіпкерлер кәсібін қалдырып, барлық жан Киелі Жазбаны зерттеп, Ізгі хабарды уағыздауға кірісті. Шіркеулер болса бұл хабарды қабылдамады. Ал олардың арасында қабылдағандары болса, шіркеулерден бөлініп шықты. Дегенмен адвентистік қозғалысқа қосылғандардың кейбіреулері әуесқойлар, енді біреулері жай кызығушылык таныткандар болатын. Соған қарамастан «мінекей күйеу жігіт келеді» деген сөздің күші оларға әсер етпей қойған жоқ. ҮШ 261.1

Ол кездегі адамдардың сенімі қазіргі кездегілерге қарағанда әлде қайда мыкты болатын. Олар өздерінің сенімдеріне қарай дұғалары мен салауаттарының арқасында сауалдарына жауап алатын. Өздері және жақындары үшін дұға окып, Құдайды мадақтайтын әндер салып, Алланы шын ниеттерімен күтті. Бірақ бұл адамдар, көңілдері қалатын кезеңнің табалдырығында тұрғандарын білмеді. ҮШ 261.2

Айтулы мезгіл де өтті, бірак, Құтқарушы келген жокБастапқы кезде Құдайға сенбейтіндер сенушілерді күлкі қылуға шамалары келмеді, өйткені олардың бойларынан әлі де болса қасиетті қорқыныш кете қоймаған болатын, бірақ бара-бара Жаратқанның қаһарының белгілері көрінбегендіктен, олар ездерінің алданып қалғандарына намыстанып, еш алу мақсатымен айыздары қанғанша имандыларды мазақ етті. Кезіндегі Жүніс пайғамбары секілді олар да Құдайды жазғырып, бүйтіп алданғанша, өлгеніміз артық еді деп жариялады. Осылайша біреудің сеніміне сүйеніп жүрген сорлылар енді өздерінің көз қарастарын бірден өзгертіп шыға келді. Олар: «қорқатындай дәнеңе жоқ, уақыт өтті, Құдай келген жоқ, келмейді де, өмір қандай болса сондай болып қала береді» деп жариялады. Дәл осы кезде Құдайды шын ниетімен күткендердің сенімдерінің шыңдалатын шағы жетті. Дегенмен олардың көңіл күйлері, кезінде Исаны таққа отырғызамыз деп дайындалып, ойлағандары болмай қалғанда қатты қынжылған елшілердің көңіл күйлерінен әлдеқайда жеңіл болды. Ол заманда Исаның оқушылары Оның такка отыратынын емес, керісінше айқыш ағашқа керілетінін алдын ала білгенде, айтулы аянды орындауға шамалары келмеген болар еді. Сол секілді Миллер мен оның әріптестері де Исаның әзірге жер бетіне келмейтінін алдын ала білгенде, соншалықты маңызы зор жұмысты атқаруға шамасы келмеген болар еді. Барлык әлем Мәсіх Иса жерге келмеді, енді бұл қозғалыстың іс-әрекеті тоқталады деп ойлады. Шынымен де біраз адамдардың сенімдері шайқалып, олар ұлы қозғалыстың қатарынан шығып қалды. Дегенмен аяқтарынан нық тұрғандар да жеткілікті болатын. Қоғамның барлық саласындағы адамдар оларды күлкі қылды, соған қарамастан олар ақиқаттан бас тартқан жокЖүніс пайғамбар Ниневияға келіп: «қырық күннен кейін бұл қала қирап бұзылады да тып-типыл болып құриды» - деп жариялағанда, Ниневия халқының өзгергенін көріп, Құдай оларға сынақ уақытын ұзартқан болатын. Соған қарап, Жүністің уағызы Құдайдан емес деп айтуға болмайды. Дәл сол кездегідей адвентистер уағыздаған хабар да Құдайдың тарапынан берілген болатын. Алла адам баласын қатал сынақтан өткізді. Бұл хабар адамдарды екі топқа бөліп тастады. Бірі Құдай жағындағылар, енді бірі Оның қарсыластары болатын. «Егер мен өмірімді жаңадан бастаған болсам, қайтадан осы жолмен жүріп өтер едім» - дейді Миллер. Көп күткен салтанатты кездесудің болмай қалғанына қынжылғаным рас, бірақ Құдайдың міндетті тұрде келетініне күмәнім жоқ. Қателессем де, шынайы қателестім, өйткені мен Құдай алдындағы парызымды өтеген болатынмын. Өзім неге сенсем, соны уағыздадым, еңбегім зая болды деп айта алмаймын, осы уағыздардың арқасында қаншама халық Киелі Жазуды зерттеп, ақиқаіты танып білді. Мен ешкімнен корыққаным да жок, жағынғаным да жоқ. Бұл өмірге жармаспаймын, егер Алланың жарлығы солай болса, өлім алдында селт етпеймін. ҮШ 261.3

Бірақ Құдай Өз халқын көзінен бір сәт таса қалдырған жоқ. Дағдарыс кезінде Мөсіх Өз халқын: «сенімдеріңе берік болыңдар, өйткені алатын сыйларың алда! Шыдаңдар! Көп қалған жоқ. Тәңірлерің келеді, кешікпейді. Құдай дегендер сенімдерінің арқасында тірі болады» - деп жұбатады (Евр. 10:3539). ҮШ 262.1

Бұл сөздердің ақыр заманға лайықты айтылғаны түсінікті. Құдайдың асықпағанын, біз кешіккендей көреміз. Шын мәнінде Ол адамзат баласына уақыт беріп сынайды, шыдамдылықпен күтеді, өйткені Жаратқанньщ мақсаты киелі. ҮШ 263.1

Осындай қиын сәттерде әрбір адамньщ көкейінде: «осы мен кімнің жетелеуінде жүрмін?” - деген сұрақ туындауы мүмкін. Оның жауабы біреу-ақ. «Әділетті иманының аркасында тірі болады”. «Түнгі айғайдың» айқын сәулесі сенетіндердің жолына жарық түсіргенде, аяндардан мөр алынып, олардың түсініктері кеңейді, ал белгілердің тез арада орындалып жатқандары Исаның екінші рет келетін уақытының алыс емес екенін көрсетті және олар шыныменде жарықта жүрген еді. Асыға күткен оқиға орындалмай қалғанда, қапаланып қалған бұл жандардың Құдайға және Оның Сезіне деген сенімі арқылы ғана қиындыққа төтеп бере алатыны һақ болатын. Арсыз дүние болса оларға: «Сендер алдандыңдар, енді сенімдеріңнен бас тартып, адвентистік қозғалыс албастының ісі екенін мойындаңдар” - деп даттады. Бірақ, Құдай Сөзі: «Теңіз толқынындай толқып тұратындар Менің көңіліме ұнамайды» - дейді. Сенімнен бас тарту, сол хабарды жеткізіп тұрған Киелі Рухтың күшін мойындамау өліммен бірдей. Елші Пауылдың: «Иманнан бас тартпаңдар, имандылар сыйларын міндетті түрде алады. Сендерге керегі сабыр сақтау, сөл ғана шыдаңдар» - деген сөзі сенетіндердің бойларына әл, жүректеріне нер болды. Сол себеті де Құдай жолында жүргендер сабыр сақтап, Оның кітабын оқып, Алладан түскен сәулені жоғалтып алмауға тырысулары керек. Ең бастысы Құдай сөзінің бір әріпі қалмай орындалатына көміл сене білген жөн. ҮШ 263.2