ҮЛЫ ШАЙҚАС

4/43

3-тарау - Рухани түнек дәуірі

Исаның шокірті Пауыл Салониқалықтарға арналған екінші жолдама хатында Рим империясы діни басшысының билеп-төстеуіне байланысты шегінушілік болатынын атап айтқан болатын. Ол: «өзін «мен Құдайға парапар, киелімін» деп есептейтін, күнөкар адам келіп, Құдай үйінің төріне шығып жөне соның келуіне байланысты шегінушілік болмайынша, ақыр заман келмейді» - деп жазған болатын. (2 Сал.2:3,4,7) Бұдан әрі өз хатында елші «заңсыздықтың құпиясы іске кірісті” деп бауырларына алдын ала хабарлады. Діннің алғашқы дәуірінің өзіндеақ ол шынайы дінге енетін әр - түрлі адасушылықтардың болатынын және сол адасушылықтардың Рим папасының келуіне жол әзірлейтінін білген болатын. «Заңсыздьтқтың құпиясы” өзінің Құдайға қарсы ісін әуелде білдіртпей бастап, кейін күш ала келе, адамдардың ойын түгел баурап алған. Осылайша құдайсыздардың салт-дәстүрлері шынайы дінге білінбей енді. Бұл келісушілік пен шегінушілік рухы біраз уақыт Құдайға сеибейтіндердің әрекетімен тоқтатылып тұрды да, қуғын тоқталсымен, Иса Мәсіхтің және оның шәкірттерінің момындығы мен қарапайымдылығының орнын, ырым-жырым басшыларының менменшілдігі мен тәкаппарлығы басты. Сейтіп Құдайдың бекіткен заңын адамдар өз жандарынан шығарған заңмен алмастырды. Төртінші ғасырдың басында Константин императорының «көз бояушылықпен» Құдайды қабылдағанын сенушілер қуанышхы қарсы алып, осылайша тазалықтың атын жамылып Құдай үйіне зұлымдық енді. Сонан соң сенетіндердің арасына жік түсті. Құдайсыздар жеңімпаз атанып, оның рухы Құдай үйін билеп төстеді. Арсыздардың ілімі, салтдәстүрлері, ырым-жырымдары Исаның ізбасарларының таза сенімдерімен араласып кете барды. Құдайға сенушілер мен құдайсыздардың арасындағы келісімі елшінің алдын ала айтып кеткеніндей, өзін «Құдаймын” деп есептеп, Құдайға қарсы күрес жүргізетін «күнәкар адамның” келуімен аяқталады. Бұл жалған дін жүйесі - таққа отырып бүкіл жер шарына емін-еркін әмірін жүргізу үшін жасаған шайтанның, яғни ібілістің ең күшті өнерінің бірі. Ібіліс бұдан бұрын да Иса Мәсіхпен келісім құрғысы келген. Ол Құдай Ұлымен шөл далада кезігіп, Оны таудың ұшар басына алып шығып, «егер маған бас исең, осы әлемнің патшалығын саған беремін»деп, алдап өз көздегеніне жетпек болған. Бірақ Иса оның жалған өрекетін әшкерелеп, кетуге мәжбүр етті. Дегенмен ібіліс Исаға ұсынғанын адамға ұсынып, зор табысқа жетті. Байлық пен даңққа жетпекші болған шіркеу, осы әлемнің ұлыларына бағынып, Исаны ысырып тастап, ібілістің жіберген адамы - Рим епископымен одақ құрды. Рим шіркеуінің ең негізгі догматтарының бірі - Құдай үйінің басы Иса Мәсіх емес, Рим папасы - деп жұртшылыққа мойындату. Сонымен қоса Рим папасына «киелі»деген атақ пен «Әмірші Құдай - Папа» деген титул берілген. Папа, барлык адамдардың оны кұрметтеуін талап етеді. Бірақ кейбір адамдар, Исаның айтқанындай: «Құдайыңа ғана бас иіп, Оған ғана сыйынуың және қызмет етуің керек” (Лүқа 4:8) - деп, бұл дөрекі шешімге карсы шықты. Киелі Кітапта Құдай үйінің басы адамдардың бірі болады деген сөз жоқ. Басы Иса Мәсіх болып есептелетін Құдай үйіне папа билік жүргізе алмайды, ал «Құдай» деген атақты, ол өзіне заңсыз түрде меншіктеп алған. ҮШ 28.1

Рим шіркеуін қолдайтындар, оған қарсы шыққандарды «шынайы діннен бұрылып кеткен ессіздер»деп кінәлады. Шын мәнінде бұл күнә олардың өздеріне қатысты. Исаның туын құлатып, бір кездері «тақуаларға берілген иманнан” шегінгендер солар (Яхуда 3). Егер адамдар Киелі Кітапты зертгеп, оны жатқа білетін болса, олар зұлымдыққа қарсы күрес жүргізе алатынын ібіліс жақсы біледі. Тіпті Құтқарушымыздың Өзі, шайтанның айлакерлік әрекеттеріне Киелі Кітап арқылы тойтарыс берген. Сондықтанда шайтан адамдарға билігін жүргізу үшін және Рим папасының үстемдігін бекіту үшін, халыққа Киелі Кітапты оқытпай, надан қылып ұстауды ойлаған. Өйткені Киелі Кітапта Құдай туралы барлық шындық жазылған, сол себепті ібіліс барлык мүмкіндікті пайдаланып, шындықты адамдарға білдірмеуге тырысып бағуда. Бұл шарт Рим шіркеуінде бекітілген. Рим шіркеуі бірнеше ғасыр бойы Киелі Кітапты таратуға кедергі жасады. Оны оқуға, тіпті үйлерінде ұстауға адамдарға тыйым салынды. Рим шіркеуінің діни окытушылары ЬСиелі Кітаптағы шындықты кері түсіндіріп, өз абыройларын бекіте түсті. Сөйтіп Рим папасы шіркеуде де, мемлекетте де өз әмірін жүргізетін «жердегі қүдай” атанды. ҮШ 29.1

Шайтан зұлымдық пен өтірікті әшкерелейтін Киелі Кітапты жапқызып тастап, халықтар арасында ез жұмысын барынша кең түрде жүргізді. Пайғамбар: «Рим басшылары «мейрам мезгілдері мен заңды” жойып жіберуді армандайды»деп жазған болатын (Дан.7:25). Рим папалығы құдайсыздарды сенімге енгізу үшін, сонымен қоса олардың салт-дәстүрлерін сақтап калу үшін, олардың сыйынатын пұттарын «киелілердің» бейнесімен алмастырды. Бір сөзбен айтқанда пұтқа та- быну заңды түрде қабылданды. Бұл - Құдайға қарсы істерін жасырып қалу үшін, олар Киелі Кітаптан «пұтқа табынуға болмайды, Құдайыңа ғана сыйын»деген заңның екінші бабын алып тастап, оның орнына сан есебін толықтыру үшін оньшшы бабты екі бөлікке бөлген. Сөйтіп арсыздармен келісім жасалып, Құдай заңы аяқ асгы етіліп, азғындыққа жол ашылды. Шайтан, барлық заңның ішінде, Жаратушы Иемізді еске түсіріп түратын заңға өзгеріс енгізуге тайсалмай бел байлады. Заңның төртінші бабы Шексіз Алланың жер мен көктің Иесі екенін ашық айтады. Сенбі күн - шығармашылық еңбектің ескерткіші, адамзат баласына берілген тыныштықтың куәсі. Бұл, адам баласы Алланы үнемі есіне алып түру үшін, Оны үмытып кетпес үшін бекітілген заң. Ал ібіліс болса, тірі Құдайды еске түсіріп тұратын бұл заңды адам баласына орындатпауға тырысуда жөне оны күнге табынушылар құрметтейтін жексенбімен аламастыруларына басшылық етті. Ал Киелі Жазбада Алла «Сенбі күніне Құдай оң батасын беріп, оны қасиетті деп белгіледі” - деп анық айтады. (Жар. 2:2,3). Әуелде албасты өзінің әрекетін мұқият түрде жасыра білді. Бірінші ғасыр бойы күллі мәсіхшілер шынайы сенбіні құрметтеп, оны берік сақтаған. Бұл жандар Құдайды құрметтеп және Оның ақиқатының ұстанымдарын жалынды түрде қорғаған. Шайтан көздеген мақсатына жету үшін өте байқаулы болған, істейтін ісіне мұқияг болған. Жұрттың көңілін жексенбі күніне аудару үшін, Иса Мәсіхтің жексенбі күні тірілуіне байланысты осы күн мерекеленуге тиісті деп халық арасына жарияланған. Құдайға қызмет ету осы күні жүргізілгенмен және де жексенбі демалыс деп саналғанмен сенбі күнін барша қауым бұрынғыша құрметтеп, сол күнді берік сақтаған. ҮШ 29.2

Өзінің арам пиғылын әрі қарай жалғастыра келе шайтан яхудейлерді пайдаланып сенбі күнін міндетті ережелермен таңып, оны ешкім алып жүре алмайтын ауыр жүкке айналдырды. Сонан соң шайтан сенбі туралы ақиқатты өзі бұрмалағанына қарамастан, оны жиренішті түрде яхудейлердің қаулысы деп атады. Мәсіхшілер жексенбі күнін қуанышты, бақытты мереке түрінде тойлауын жалғастырған уақытта, ібіліс яхудейлерге деген өшпенділігінің белгісі ретінде сенбіні ораза, уайым және қасірет күні деп атауға мәсіхшілерді итермеледі. Төртінші ғасырдьщ басында император Константин күллі Рим империясы бойынша жексенбі күнінің жалпы сақталуын белгіледі. Күнге табынушылар кұрметтейтін жексенбі күнін мәсіхшілер де тойлады. Императордың саясаты мәсіхшілермен құдайсыздардың қарама қарсы мүдделерін біріктіруге бағытталған еді. Бұған оны мадақ пен билікке ұмтылған рухани қызметшілер итермелеген, өйткені олар мәсіхшілер мен құдайсыздар бір күнді сақтаған жағдайда құдайсыздар мен мәсіхшілердің бастары бірігеді деп түсінген, ал бұл өз кезегінде шіркеудің қуатының арта түсуіне ықпал ететін болған. Көптеген Құдайдан қоркатын мәсіхшілер жексенбіні қасиетті күн болса болсын деп қабылдағанымен, заңның төртінші бабы бойынша шынайы сенбі күнін сақтаған және Құдай берген тыныштық күні ретінде құрметтеген. ҮШ 30.1

Алайда ұлы етірікші мұнымен тоқталып қалмады. Ол барлық мәсіхшілер әлемін өзінің туының астына жинамақшы болды және өзін Мәсіхтің орынбасарымын деп санайтын сыбайласы - менменшіл папа аркылы әрекет жасады. Жартылай мәсіхшілер, менменшіл прелаттар, пендешілікке берілген діни қызметкерлер арқылы ол мақсатына жетті. Әлемнің барлық елдерінен жоғары діни қызметшілер оқтын-оқтын үлкен шіркеуге жиналып отырды. Осы жиындарда Құдай бекітіп берген сенбі неше рет аяқ асты етіліп, ал жексенбі күнінің мәртебесі арта түсті. Келекеле кұдайсыздардың мерекесі Жаратушының нұсқауы ретінде кабылданыи, ал киелі сенбі күні яхудейлердің ескірген ережесі саналып, ол заңды сақтайтындар қуғындала бастады. ҮШ 31.1

«Ол Құдайға және Оның ұлылығын білдіретін бар норсеге қарсы тұрып, өзін олардан жоғары қояды” (2Сал. 2:4). Ол барлык адамдарға тірі Құдайға мезгеп тұратын киелі заңға өзгеріс енгізуден қорықпады. Заңның төртінші бабында Құдай Өзінің Жер мен көктің Иесі екенін ашып көрсетеді. Жалған құдайлардан Оның айырмашылығы осында. Сенбі күні шығармашылық еңбектің ескерткіші болып саналады, сондықтан бұл күн адам үшін дараланып киелі етіп берілген. Ол болмыстың көзі және табыну мен кұрметтеу мақсаты ретінде адамдарға Алланы үнемі естеріне салып тұру үшін бекітілген. Шайтан адамдарға Құдай заңын орындатпай, Оған деген адалдықтарын бұзғызуға ұмтылады, өйткені дөл сенбілік заң Құдайдың Жаратушы екенін дәлелдейді. ҮШ 31.2

Қазіргі кезде мәсіхшілер, Мәсіх жексенбі күні қайта тірілген, сондықтан мәсіхшілер сенбісі - жексенбі деп нандырады. Ал Киелі Кітапта сенбі жексенбімен алмастырылады деген сөз жоқ. Мәсіх те, Оның елшілері де жексенбіні атаған емес. Сенушілердің жексенбі күнін тойлауы елші Пауылдың уақытында айқындала бастаған «заңсыздықтың құпиясынан» шығып тұр (2 Сал.2:7). Қашан, қай жерде Құдай ондай өзгеріс енгізген? Киелі Кітапта жазылмаған ол не қылған өзгеріс? Керісінше Иса Мәсіх «Мен заңды өзгерту үшін емес, оны орындау үшін келдім» демеп пе еді? ҮШ 31.3

VIғасырда папалық әлемде берік орын алды. Патшадай болғаи қала оның орталығына айналды, ал барлық шіркеудің басы болып епископ тағайындалды. Пұтқа табынушылардың орнына папалық келді. «Айдаһар өзінің күшін, орнын және билігін жыртқышқа берді” (Аян13:2). Даниял пайғамбарының алдын ала айтып кеткеніндей және ашық кітаптағы жазылған жазу бойынша Рим католиктік шіркеуінің діни басшысының басқаруымен 1260 жылға созылған қуғын-сүргін басталды. Мәсіхшілер екі шешімнің алдында тұрды, бірі - діни басшының дегенін орындау, оның ілімін қабылдау, екіншісі - зынданға түсу, азап шегу, отқа жану. Сонда Мәсіх Исаның айтқаны орындалды: «Ата-аналарың, ағайындарың, туғантуысқандарың, жора-жолдастарың сендерді сатып жібереді. Менің атым үшін азап шегесіңдер, кей біреулеріңді өлтіреді» делінген (Лұқа 21:16-17). Барлық әлем соғыс алаңына айналып, мәсіхшілер аяусыз қуғын-сүргінге ұшырады. Бірнеше ғасырлар бойы шіркеу тау-тасты, шел даланы мекен етті. «Әйел шел далаға қашып, 1260 күн бойы, Құдайдың оған дайындаған жерінде қоректенеді” (Аян 12:6) дейді пайғамбар. ҮШ 31.4

Рим басшылығының билік жүргізген кезінен бастап ортағасырлық түнек басталды. Ал бұл билік орныккан сайын, түнек қоюлана түсті. Ақиқаттың негізі болып саналатын Мәсіх Исаға деген сенім, римнің діни басшысына деген сеніммен алмастырылды. Күнәмізді кешіріп, құтқарып қалатын Құдайға сыйынғанның орнына, олар римнің дін әкесіне сыйынды. Ол - Құдай мен адамның арасын жалғастырушы, онсыз ешкім Құдайға жақындай алмайды, сол себепті барлығы оған бағынуға тиісті - деп үйретілді. Бұл оқуды мойындамағандарды Рим шіркеуі кінәлі деп есептеп, ауыр соққыға жықты. Осылайша адамдар алданып, Құдайға қарағанның орнына қатыгез, күнәкар пендеге қарады. Дәлдеп айтқанда, қатыгез адамдар арқылы жұмыс жасаған қара күштің иесіне бағынды. Шынайылықтың атын жамылып, күнә өз ісін жалғастыра берді. Адамдар Киелі Кітапты жауып тастап, онымен санасуды қойғанда, олардан не болса соны күтуге болады. Адамзат Құдай заңын ұмытып, адамның шығарған заңы мен өздерінің салт-дәстүрлерін дәс көтерген сайын, қоғам шіріген жұмыртқадай бүліне бастады. ҮШ 32.1

Бұл шіркеу үшін қауіпті күндер еді. Шындықтың туын көтерушілер азайып кетті. Сенімді куәгерлер әлі де болғанымен, адасушылық билеп төстеп, шынайы шындық жоғалып кетуге тақады. Ізгі хабар адамдардан тартылып алынып, неше түрлі діни ілімдер көбейген сайын халық қатыгез тапаптардан қалжырады. ҮШ 32.2

Шіркеу жұртқа римнің дін әкесіне сыйыну керектігі үйретіліп қана қоймай, жасаған күнәларына кешірімді де одан сатып алуды әдетке айналдыртты. Күнәсына кешірім алам деп ұзақ сапар шегу, жаза тарту, киелілерге бас иу, қара жұмыс істеу, шіркеуге көбірек садақа беру - осының бөрі Құдайдың қаһарын жеңілдету үшін адам баласынан талап етілді. Шын мәнінде Құдай адамның күнәсін сыйлық үшін кешірмейді. Ақша беріп адамның ғана көңілін аулауға болады. Құдайдың кешірімін ешкім сатып ала алмайды. Заңсыз әрекеттеріне қарамай Рим шіркеуі гүлденген үстіне гүлдене түсті. Жетінші ғасырдың аяғында дін әкесін жақтаушылар «алғашқы ғасырларда да Рим басшылығы осындай рухани билікке ие болған» деген сөз шығарды. Өз сөздеріне дәлел ретінде жасанды ежелгі қолжазбаларды көрсетті. Халық болса бұл өтірікті де құмға сіңген судай сімірді. ҮШ 32.3

Осыған байланысты сан жағынан аз қалған мәсіхшілердің алдында көптеген қиындықтар пайда болып, олардың жұмыс істеуіне кедергі жасалды. (1 Қор. 3:10, 11). «Шаршадық, бұдан былай жұмыс істейтін шамамыз жоқ, тасып жатырмыз, тасып жатырмыз, қоқыстың бітетін түрі жоқ, әрі қарай қалауға әліміз келмейді» (Hex. 4:10,14).деген Нехемияның кезіндегі Иерусалимнің кұрылысшылары секілді пәле жапқаннан, қуғын-сүргіннен, шегі жоқ шайқастан, тозығы жеткен киім секілді әбден шаршаған «сенімді құрылысшылар» өз өмірлерін сақтап қалу үшін, бәрін тастап бет бетімен тарап кетті. Ал енді біреулері болса, керісінше: «Қорыкпандар, Құдайды ұмытпаңдар, Ол бізбен бірге” - деп, найзаларын белдеріне бекем байлап, әрі қарай өз істерін жалғастырды (Еф.6:17). ҮШ 33.1

Әрбір ғасырларда да Құдайдың жаулары, Оның ізбасарларына қарсы орасан зор күшпен соққы келтірген. «Сендерге айтамын. Қам жасамай қалмаңцар, дайын болыңдар! (Марқа 13:37)деген Исаның сөзі тек сол кездегі оқушыларына ғана айтылған сөз емес, барлық адамзат баласы үшін айтылған сөз. ҮШ 33.2

Түнек қоюлана түскендей болды. Пұтқа табынушылар жер жердің бәріне тарады. Бірінші орынға ешбір мағынасы жоқ ырым-жырым шықты. Неше түрлі салт-дәстүрлер бойларын билеп алғаны соншалықты, халықтың ойлау жүйесі жарақаттанды. Дін мұғалімдері бұзылғандыққа ұшырады. Сонда қалғандарынан не күтуге болады? Күнөға батқан үстіне бата түсіп, XI -ші ғасырдағы Рим католиктік шіркеуінің діни басшысы Григорий VII Рим шіркеуін «киелі»деп жариялады. Бұл хабарда: «Киелі Кітап бойынша шіркеу ешқашан адасқан емес, адаспайды да»делінген. Бірақ Киелі Жазбада ондай мәтін жокДін әкесі: «мен ғана басқалардың шешімдерін өзгерте аламын, ал менің шешімімді ешкімде өзгерте алмайды»деп, қол астындағылардан осыны жария етуді талап етті. Оның жыртқыш мінезі Германияның императоры Генрих IV жанжалдасқан кезінде жақсы көрінді. «Дін әкесіне бағынбаймын»деген бұл басшы орнынан айрылып, шіркеуден қуылды. Өзінің жалғыз қалғандығынан және дін әкесінің айдап салуымен әрекет жасаған әзәзілдерден қорыққан Генрих Риммен татуласуға тура келетінін түсінді. Дін әкесіне бағынатындығының дәлелі ретінде ол әйелі мен сенімді қызметшісін ерітіп, қыс ішінде, жаяулатып Альпа асуынан өтіп оның алдына келеді. Ол келгеннен кейін «айдаһардың” нөкерлері оған жолсеріктерін тастатқызып, сарай алдына әкеліп тұрғызып қояды. Қыстың күні жалаң аяқ, жалаң бас, тозығы жеткен киіммен үш күн бойы аштан аш жалынып тұрғаннан кейін ғана дін әкесі оны қабылдап, «бұдан былай император менің келісіміммен ғана жұмыс жасайды” деп кұлақтандырады. Осылайша «адуынды патшаларды сабасына түсіріп отыру тікелей міндетім» деп есептейтін Григорий VII өзінің жеңісін тойлады. «Кімде-кім сендердің араларыңда алдынғы болғысы келсе, сол басқаларының қызметшісі болсын» (Матай 20:27) деп окытқан, бақыт пен кеңшілік беретін, әрбір күнокар пенденің жүрегінің есігін қағып тұратын, момын да, жайбырақат мінезді Иса Мәсіх мен көкірегі көкті тіреп тұрған дін әкесінің арасындағы айырмашылық қандай десеңізші! ҮШ 33.3

Соңғы ғасырларда Рим діндарларынан тараған ілім шындықтың сызығын мүлдем қисайтып жіберді. Дін әкелігі пайда болмастан бұрын құдайсыздардың пәлсапасы жұрттың көңілін өзіне аударып, шіркеуге кері әсерін тигізді. «Құдай жолында жүрміз» деушілердің көпшілігі олардың пәлсапасын жөн деп санап, оны өздері ғана оқып қоймай, басқалардың да соны оқып, берік ұстануын талап етті. Сөйтіп шынайы иманға адасушылық енді. Оның ішіндегі ең бастысы: «адамның жаны өлмейді және оның санасы өлгеннен кейін де жұмыс істейді” - дегендей жалған пікірлер болды. Осыны негізге ала отырып Рим: «киелілер күнәкарлардың күнөсін босата алады және Мәриям қызды тәңір тұтқызып, оған табынуға болады» деп шығарды. Олардың имандарының бір бөлігі ретінде қалыптасқан мәңгілік дозақ туралы пікір де осыдан кейін пайда болған. ҮШ 34.1

Сөйтіп Рим сенімшіл де, ырымшыл тобырға «тазартқыштан өтесіңдер»деген жалған пікірлерін ұсынып, соған оларды сендірген. Тазартқышты олар: «Өлім жазасын кесуге келмейтін, жартылай ғана кінәлі адамдардың жаны барып түсіп, елегіштен өтіп, тазарып, киелі болып шығатын жер»деп түсіндірді. Сонан соң олардың айтуынша адамның жаны жұмаққа барады. Ендігі жерде Римге жетіспей тұрғаны, жұрттың кемшіліктерін пайдаланып, оларды қорқытып ұстау еді. Бұл - индульгенция жайлы ілім болатын. Егер кім де кім дін әкесінің иелік ететінің жерлерін кеңейтуге байланысты жүргізілген соғыстарға қатынасатын болса немесе дін әкесіне қарсы шыққандардың көздерін жою жолындағы қантегіске қатынасатын болса, онда дін өкесі олардың өтіп кеткен, нақтылы кездегі жөне болашақтағы жасайтын күнөләрін кешіруге сөз берген. Халық арасына шіркеуге ақша төлесеңдер барлық күнөларыңнан арыласыңдар, өздеріңмен бірге дозақ отына түскен жора-жолдастарыңды да құтқарасыңдар,деген жалған ілімді таратқан. Өз уақытында басында баспанасы да болмаған Біреудің өкілдері саналатын бейшаралардың қаражаттарының арқасында Римнің діни билеушілері байыған үстіне баи түсіп, ойларына келгендерін істеп, бұзақылык әрекеттерін жалғастыра берген. ҮШ 34.2

Құдай өсиет етіп қалдырған, Оның құрбандығын еске алатын ас, пұтқа құрбан шалумен алмастырылды. Папалық діндарлар еш мағынасы жоқ салтдәстүрлер арқылы жай нан мен шарапты «Мәсіхтың шынайы денесі мен қанына» айналдырмақ болып үміттенді. Олар тәкаппар түрде Алланың шығармашылық күшін өздеріне тартып алды. Ал мәсіхшілерді өлім жазасымен қорқыта отырып, олардан бұл Құдайға қарсы терең адасушылыққа сену талап етілді. Бүдан бас тартқандардың көбі отқа тасталды. ҮШ 35.1

XII ғасырда Рим папалығының ең қатыгез қаруларының бірі - инквизиция шықты. Олардың құпия түрде өткен жиындарына ібіліс бірге қатысып, сана сезімдерін баурап алып, зұлымдыққа итермеледі. Бірақ кәпірлердің адам жанын түршіктіретін қатыгез әрекеттерін Құдайдың көзге көрінбейтін періштелері жазып отырды. Миллиондаған жаны күйзеліске ұшыраған адамдардың жан дауысы Аллаға жетпей қойған жоқ. ҮШ 35.2

Рим папалығы өлемге қүбыжық болып керінді. Одан қорықпайтын адам қалмады. Императорлар мен патшалар Рим папасының әміріне бағынды. Кез келген пенденің тағдыры оның қолында тұрғандай болып көрінді. Ғасырлар бойы барлығы Рим папасының әмірін мүлтіксіз орындады. Римнің діни басшыларының атағы жер жарып, пітір-садақалар Рим қазынасына құйылып жатты. Римнің дінге енгізген жалған ғұрыптарын халық бар ниетімен орындап отырды. Мұншалықты ұлы атақпен, ұлы күшке Рим бұрын соңды ие болып көрген емес еді. ҮШ 35.3

Рим папасы үшін күн нұрындай болып шашыраған жарық, әлем үшін қара түнекпен бірдей болды. Ежелгі кездегі парызшылар секілді Рим папалығының діни басшылары өздерінің күнөлөрін әшкерелейтін кез келген ілімді жек көрді. Тазалық пен пәктіктің айнасы болып саналатын Құдай заңын ысырып тастап, зұлымдықты өздеріне қорған қылды. Өтірік, зорлық-зомбылық, алдап-арбау кең етек алды. Билікке ие болғандар, байлығы асып тасығандар ештеңеден қорықпады. Папа мен прелаттардың салтанат сарайлары азғындықтың ордасына айналды. Кейбір дін иелерінің шектен тыс қатыгездіктерін көрген мемлекет басшылары оларды шіркеуден алыстатуға мәжбүр болды. Жүздеген жылдар бойы ғылым, білім, өнер, мәдениет жағынан Еуропа ешқандай жетістіктерге жете алмады. Дін сал ауруына ұшырады. ҮШ 35.4

Бүтін әлем Римнің билігінде болды. Ошия пайғамбарының айтып кеткен сөзі орындалды. «Діни сауатсыздығы үшін халқым Менің қырғынға ұшырайды, Менің берген ілімімді қабылдамағаның үшін Мен де сені қабылдамаймын, Құдайыңның заңын ұмытқаның үшін Мен де сенің ұрпақтарыңды елеусіз қалдырамын». «Құдайды білуге ұмтылыс жоқ, мейірімділік пен шындық та жоқ. Жалған сөйлеу, өтірік ант беру, ұрлық жасау, кісі өлтіру кең етек жайды” (Ош. 4:6,1,2). Осының барлығы жұрттың Құдай сөзін аяқ асты қылғанының салдары. ҮШ 36.1