ҮЛЫ ШАЙҚАС

1/43

ҮЛЫ ШАЙҚАС

Алғы сөз

Адам-ата күнәнің не екенін білмес бұрын Жаратушы һақ Тағаламен еркін карым-қатынас жасаған, тек күнө адамзатты мұндай мүмкіншіліктен айырды. Бірақ Құдайдың жоспарында бұл қарым-қатынасты қайта орнына келтіру алдын ала қарастырылған болатын. ҮШ 5.1

Алла Өз жоспарының жарық шұғыласын Киелі Рухтың өсер етуімен қалаулы құлдары арқылы адамзат баласына жеткізді. Ол туралы Киелі Жазбада былай делінген: «Киелі Рухпен шабыттанған Құдайдың адал құлдары айтқан» (2 Петір 1:21). Адамзат баласының тарихында, алғашқы 2500 жыл бойы Құдай сөзі жазылмаған. Ол атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткен. Жазу Мүса пайғамбардың заманында басталған. Онан соң бір кітап болып жинақталып шыққан. Жаратылыс пен Жаратушының заңы туралы тарихшы ретінде Мұса пайғамбар жазып бастаған бұл кітап, он алты ғасыр бойы өр түрлі елшілер арқылы жазылып отырып, Жоһан жазған Ізгі хабармен аяқталады. ҮШ 5.2

Киелі Жазбаның авторы - Құдай, дегенмен ол адамдардың қолымен жазылған, өр кезеңдерде оның өз жазушысы болған. Әр кітаптан біз жазушылардың өзіндік ерекшеліктерімен қоса, олардың мінездерін де байқаймыз. Соған қарамастан бірнеше кітаптан құралған бұл жазудың ішінен ешкандай қарама-қайшылық кездестіре алмаймыз. Ендеше оның авторы да біреу, кездеген мақсаты да біреу. Бұл киелі мақсат. Шексіз Құдай Киелі Рухы арқылы адам баласының санасына өсер етіп, оларды жазуға шабыттандырып отырған. Қүдай оларға түстерінде аян беріп, осылайша шындықтың көзі ашылып, олар ойларын белгілі жүйеге келтіріп жазған. ҮШ 5.3

Киелі заң Қүдайдың Өз қолымен жазылған. Бүл адамның емес, Алланың ісі. Киелі Жазбадағы шындық Құдай мен адамның арасындағы қатынасты айқындайды. Мұндай одақ өрі Құдайдың, өрі адамның баласы болған Мәсіхтың да бойынан керінеді. Сонымен Мәсіх туралы айтылған «Сөз тәнге айналып бізбен бірге болған» деген аят, Киелі Кітапта өз мөнін сақтайды. ҮШ 5.4

Киелі Жазба болып жинақталған әр кітап өр қилы замандарда өр түрлі адамдар арқылы жазылған. Олардьщ ой-ерісі, іс-әрекеті, қоғамдағы орындары да әр түрлі болған. Айта кететін болсақ кейбір аяттардың мәнін біреуіне қарағанда екіншісі тереңірек түсіндіреді. Өйткені осы адамдардың барлығы белгілі бір сұрақты бір жағынан ғана емес, жан-жақты қарастырып отырған. Осыған байланысты кейбір ҮШ 5.5

оқырман Киелі Кітап карама-қайшылыққа толы деуі мүмкін. Әрине аяттарды бұзып жарып қарап одан шындық іздеген адам шатасуы әбден мүмкін. Оны беліп жармай, бүтін қарастырып, өрбір аяттың, өрбір сөздің мағынасына терең үңіле білген адам ғана кітапта ешқандай қарама-қайшылық жоқ екенін, керісінше бір жазушыны екіншісі толықтырып түрғанын, олардың көздеген ойларының да, максаттарының да бір екенін ұға алады. Біреуі шындықты өз басынан өткен оқиғамен байланыстырып, өз көз қарасын айтса, екіншісі өзіне түскен сәуленің оған қалай өсер еткенін айтып, өз көз қарасын сипаттауға тырысқан. Сонымен біз Киелі Жазбаны зерттей отырып бірнеше қырлы, сонымен қатар бір тұтас сұлу шындықтың куәсі боламыз. Сұрапыл өмірдің қай соқпағында болсаңызда Киелі Жазбадан барлық сүрақтарыңызға да жауап таба аласыздар. Құдай әлемге шындықты адам арқылы жеткізгісі келген, сол себепті Ол адамдардың ойын бір жүйеге бағыттай отырып, осы еңбекке талаптандырған. Бұл қазына жер ұйықта сақталғанымен көктен келген ақиқат өз мәнін жойған емес. Алланың сөзі әлемге адамның тілі арқылы жеткенімен, біз одан Шексіз Құдайдың күшін сеземіз. Алла адамға құтқарылудың жалғыз ғана жолы барын көрсетеді. Құдай сөзі біздің өміріміздің эталоны, шындықка бастайтын жолбасшымыз болуы керек. Киелі Жазба біздің ақиқатты игеруімізге, қателерімізді көруімізге, түзелуімізге пайдалы. «Адам кез келген игі іске дайын болуы үшін қажет” (2Тім. 3:16,17). Кез келген ілімді Құдай сөзімен тексеріп отыру қажет. Бұл жөнінде Жоһан пайғамбар былай дейді: «Сүйікті бауырластарым, кез келген рухтарға сене бермеңдер, Қүдайдың Рухы ма, жоқ па тексеріп алыңдар, себебі әлемде жалған пайғамбарлар толып кетті (ІЖох. 4:1). Ал Ишая пайғамбар былай дейді: «Кез келген сөзді Құдай сөзімен салыстырыңдар, егер ол сөз Алланың сөзімен салыстырғанда қате болып шықса, ондай сөздің жарығы жоқ” (Ишая 8:20). «Менің бойымда Киелі Рух бар, мен қателеспеймін»деп, Құдай сөзін елемейтіндер Киелі Рухты жоққа шығарады. Мұндай адасушылық адамды шатастырып, ақыры өлімге әкеліп тірейді. Осындай күйдегі адам шайтанның көңілінен шығып, оның қаруына айналады. Қүдай сөзі бойынша Киелі Рух Ізгі хабар жариялануға тиісті уақыт аралығында жұмыс істейді. Жүздеген жылдар бойы Көне Өсиет пен Жаңа Өсиет жазылып жатқан кезде, Киелі Рух осы кітаптарды жазған адамдармен ғана жүмыс істеп қоймай, басқа адамдарды да төрбиелеу мақсатында еңбектенуін тоқтаткан емес. Киелі Кітаптың өзі солай дейді. Киелі Рух әрбір жан иесін қауіп-қатерден қорғап, жасаған қателерін көрсетіп, түзу жолға түсіру үшін еңбектенген. Сонымен қатар Киелі Кітапта өр түрлі ғасырларда өмір сүрген, бірақ айтқан сөздері ҮШ 6.1

жазылмай калған пайғамбарлар туралы да айтылады. Киелі Кітап жазылып біткеннен кейін де Киелі Рух өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Иса өз шәкірттеріне былай деп уәде берген болатын: «Мен үшін сендерге көктегі Әкемнің жіберетін жұбатушысы - Киелі Рух келіп, Менің айтқанымды сендердің естеріңе салады”. «Ол ақиқат Рухы, сендерді аіындықка бастайды, болашақты айқындайды» (Жох. 14:26; 16:13). Киелі Жазу бойынша берілген уөде сол кездердегі өмір сүрген адамдарға ғана арналған емес, барлық ғасырларда да өмір сүрген жөне ақырға дейінгі барлық адамзат үшін берілген уәде. Құтқарушы Өз сөзін былай деп тұжырымдайды: «Акыр заманға дейін Мен сендермен біргемін» (Мат. 28:20). Соңғы уақытта мейірімділік пен зұлымдықтың арасындағы шайқас ең жоғарғы нүктесіне жетеді. Барлык ғасырларда да шайтан (ібіліс) мәсіхшілсрге шабуыл жасағанын қойған емес, бірақ Құдай Өз халқын әрқашанда қорғап, оларға ерекше күш-жігер беріп отырған. Соңғы уақытта, яғни қазіргі біздің заманымызда уақытының аз қалғанын жақсы білетін ібіліс еш күшін аямай, зүлымдық жолында тынымсыз жүмыс жасауда. Бүл жайлы Киелі Жазбадағы соңғы кітап, біз оны ашық кітап дейміз, былай дейді: «Ол тым ашулы, ызаға булыққан, өйткені оның уақыты аз қалды”. «Ол бар күшімен, жалған кереметгерімен жұмыс жасауда” (2Сал. 2:9). ҮШ 7.1

Алты мың жыл бойы ібілістің істеп келе жатқан істері: адамдарды ақиқат жолынан тайдырып, зұлымдыққа батыру. Осындай кауіпті уақытта мөсіхшілердің міндеті Құдайдың жер бетіне екінші рет келетінін барша халыққа уағыздау. Халық Оны тазажәне күнәсіз қарсы алуы керек (2Петір. 3:14). Осы соңғы шайқас кезінде ібіліс Адам-ата мен Хауананы алдап торға түсіргені секілді, зұлымдықтың алғашқы тәсілдерін пайдаланып, Құдай жолында жұмыс жасап жүрген «қалаулыларды” да құлатуға тырысады (Марқа. 13:22). Өткен ғасырлардағы реформация кезеңімен байланысты болған ұлы оқиғалар тарихта болған деректер, бәріне белгілі және барлық шындықты қорғаушылар әлемімен мойындалған, осы жәйтгар дау тудырмайды. Бұл кітаптың ең негізгі мақсаты біздің тарихымыздың Киелі Жазумен тікелей байланысы барына оқырман қауымның көзін жеткізу. Ендеше, ақыр заман тақаған кезде, осы ұлы шайқас кезінде зұлымдықтың құрбаны болып қапыда қалмас үшін Киелі Жазбаны зерттеиік, Жаратқан Иеміздің заңының акикат екенін мойындайық. Түнектен жарыққа шығайық, Өз жанын біз үшін құрбан еткен Раббымызды ак ниетпен қарсы алайық. ҮШ 7.2